«Зимний фестиваль знаний 2025»

Көшен Жанару 3 «А» сынып оқушысы «Құстар – біздің досымыз»

1 - жүргізуші Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! Құстар, құстар келеді Жерді шуға бөледі Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді. Ән құрадым әніммен Сән құрадым гүліммен Қуантамын бәріңді Құт - береке күнімен

2 - жүргізуші Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз. Сәлем достар аман ба? Мынау бейбіт заманда Шат - шадыман көктемің Шаттық болсын қашанда

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: Көшен Жанару 3 «А» сынып оқушысы

«Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты:
1.Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.

2. Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру.

3. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!» нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы:

  1. Топқа бөлу.

«Қарлығаш» тобы, «Аққу» тобы, «Көгершін» тобы.


1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!» («Топтастыру» әдісі)

2 - бөлім Құстар әлемінде (Жұмбақтар шешу)

3 - бөлім «Артық болмас білгенің» Қызыл кітапқа енген құстар
4 - бөлім
“Табиғат сырын құстар да біледі” (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Біле жүргенің артық болмас» қорытынды сөз.


1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен

2 - жүргізуші
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.

Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда

1-бөлім. «Топтастыру» әдісі бойынша топтар

2 - бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)

3 - бөлім «Артық болмас білгенің» қызыл кітапқа енген құстар туралы мәліметтер жинап, айту.
4 – бөлім. «Табиғат сырын құстар да біледі” (Халық болжамдары)


1 - жүргізуші
1. Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

2. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
3. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
4. Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
5. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
6. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
7. Шағала келсе сең бұзылады.
8. Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

5 - бөлім «Біле жүргенің артық болмас» қорытынды сөз.

Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялайық, оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты көз алдыңа елестетші... Еліміздің болашағы – білімді ұрпағымда. Білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып, бейбітшілктің ақ құсы аспанда шарласын. “Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.”



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее