«Зимний фестиваль знаний 2025»

Адаптация детей в детском саду

чкшллкякчя крядлрозщяуот рУОЯЛДиршщзяизщд пЦЩОп5рзШЦРЗЖ

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»



Бейбітшілік әніміз,

Өнерліміз бәріміз,

Қазақстан даласында

Балабаша аясында

Жарқыраймыз, жанамыз.

  • Қайырлы күн құрметті ата-аналар, қадірменді ұстаздар мен «Балдырған» балабақшасының барша ұжымдастары мен балауса балғындары! Арайлы жаздың айларын қызықты да, мәнді өткізіп, ендігі күмбірлеген күз мезгілі де келіп жетті. Баршамызға белгілі күз мезгілінің бастамасымен «Білім күні» табан тіреп келері анық. Мінекей бүгінгі «Балдырған» балабақшасының аясында өткелі отырған мерекелік шарамыздың да өзіндік бір мәні бар.

  • «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» - деп ата-бабамыз айтып кеткендей барлығымыздың туған өлкеміз маңғырған – Маңғыстауға 40 жыл толса, Каспиидің жағасында жалындап келе жатырған жас қаламызға 50 жыл толып , бүкіл Маңғыстау халқы үшін үлкен мереке, той болғалы тұр. Бүкіл халықты бір тудың астына жинап, бір елде жақын туыстарымызбен, қандас бауырларымыз өзге ұлт өкілдерімен бір тағдырды бастан кешкен ол - қазақ халқы. Сондықтан да бүгінгі «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты мерекелік шарамызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Тас жаратын семсердей тілімдесің

Жүрегімде, дінімде, ділімдесің

Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан

Ойым да, түнім де, күнімдесің.

  • «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының астарында үлкен мән бар.

Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ бір тұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

  • «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» - деп мерекелік шарамызды атауымыздың себебі де осы болмақ.«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер.

  • Ендеше осы бүгінгі мерекеміз «Білім күнімен» қатар туған өлкеміздің асқардай 40 жыл мен 50 жыл толуының тұспа-тұс келуінің өзі бір ғанибет.

Бүкіл әлем ерекше бір түледі,

Балапанын жетектеген ата-ана

Қуаныштан жарылардай жүрегі.

Білім көзін ашатынын біледі.

  • Биылғы оқу жылында біздің балабақшамызда бір мектепалды даярлық тобы өз білімдерін тереңдетуде. Мінекей осы бүлдіршіндеріміз биылғы оқу жылын аяқтағаннан кейін білім ордасы Мектеп табалдырығын аттамақ.

Сондықтан да назарды

Солар жаққа бұрайық

Балдырғанды базарлы

Қарсы алып қол ұрайық.

(Мектепалды даярлық тобы қонырау соғып шығады).

  • Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық.

Қойнауы мол кенге тұнған

Кең жайлауы малға толған

Жерұйықтай жері дархан

Жаны жомарт елі дархан ел - ол қазақ елі.

Мінекей сол қазақ халқының мекендеген қоныстарының бірі Маңғыстау.Маңғыстау –Қазақстан Респубикасының қиыр солтүстік батысындағы ірі аймақтардың бірі. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі. Маңғыстау – әулиелі мекен, киелі дала, ғажайыптар өлкесі, 362 әулие мекені

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені.- дей келе

Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)

  • Балалар бүгінгі тамаша да, көңілді «Білім күніміз» және де өлкеміз Ақтаудың 50 жылдығына арналған мерей тойымыз сіздердің қолдарыңыздағы арман шарымен өз орнын таппақ.. Бұл шар сендердің армандарыңды орындаушы, көкке сіз бен біздің армандарымызды жалғаушы болмақ. Сол себепті де қазір барлығымыз бірге дауыстап, шарларды көкке ұшырамыз .



Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашып төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып белге – дей отырып

балабақшамыздың балдырғандарын жерлесіміз ақын сазгер Көмек Ыбыраевтың сөзіне жазылған «Қазақстаным менің» атты әнімен ортаға шақырамыз.№8 топ бүлдіршіндерін ортамызға шақырамыз.





(Дымбілмес жүгіріп,аптығып, кіріп келеді )

  • Дымбілмес:Не болып жатыр мұнда? Алыстан әннің үнін естіп келе жатырмын. Қандай мереке тойлап жатырсыздар?

Жүргізуші: Дымбілмес бұл сенбісің?!Сен мұнда не істеп жүрсің?Бүгін қандай мереке екенін білмейсіңбе?

Дымбілмес: Қандай мереке?

Жүргізуші: Бүгін барлық білім ордаларында «Білім күнін» тойлап жатыр. Яғни бүлдіршіндер мектеп табалдырығын алғаш аттаса,біздің мектепалды даярлық тобымыз биылғы оқу жылын бітіргесін мектеп табалдырығын аттамақ.

Дымбілмес: Солай ма? Мен білмеппін.

Жүргізуші: Сенің ештеңеден хабарың болмаса, қазір біздің балдырғандар білім күнінің ерекшелігін өзінің таппақтарымен түсіндіретін болады.

  • Ортаға балалар таппақтарын айтып шығады.

Дымбілмес: Ой балалар сендер көп таппақ біледі екенсіңдер. Мен таппақтың біреуін де білмеймін. Бірақ сендерге мен өз достарымды ертіп келдім. Олар сендерге би билеп береді.

  • Өте жақсы, Дымбілмес, достарың қандай керемет билейді! Дымбілмес біздің балдырғандармен бірге ойын ойнағың келе ме?

Дымбілмес: Ия

  • Ендеше бір баланы ортаға алып шығып ойын ойнап жіберейік.Ойынның атауы «Шапшаң оқу құралдарын жинау». Мына жердегі сөмкеге қажетті құралдарды орналастырып саламыз.Кім қанекей бірінші болып мектепке өз сөмкесін дайындап тұрар екен.

  • Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Дымбілмес: Ой, балалар сендермен өте қызықты екен. Менің осылай доп қуып жүргенім болмас.Менің сендермен бірге білім алғым келеді.

  • Жарайды, Дымбілмес, біз сенің білім алуыңа көмектесеміз.Сен бізбен бірге балабақшаға жүр. Білім ал, таудай талапты бол.

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.- деп

осындай шәкірттеріміздің бойына білім нәрін сусындатып, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздардың еңбегін елемей кетуге болмас.Ұстаздың жүрегінде шәкіртке деген сүйіспеншілікпен қатар, ақ жүрегінен шыққан ақ тілектер сайрап тұрады емес пе. Ендеше Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығынан мерекемізді құттықтауға қонағымыз Тыныштық Қалниязқызы келіп отыр, Ендеше өз тілегімен алғашқы білім күнімен құттықтап, осынау жаңа оқу жылында «Балдырған» балабақшасының тек биік белестен көрінуін шын жүректен тілейтін балабақшамыздың директоры Мереке Меңдібайқызына сөз кезегін береміз.

  • Рахмет. Сізді де бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз. Сізге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз.Ал, барлық «Балдырған» балабақша ұжымына асқар шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дегіміз келеді.





  • Ендеше алдарыңызға ән-саз пәнінің мұғалімі Ақнұр Қуандыққызының орындауындағы «Балдаурен» әнін барлығымыз бірге тамашалайық.



Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп

Міржақып ақын айтпақшы армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Сонымен бүгінгі «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты мерекелік шарамыз осымен өз мәресіне жетті. Бүгінгі күн сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын.Білім нәрін сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіш рухтарың мықты болуын тілейміз.

































35 «Балдырған» балабақшасы



«Бекітемін»

35 балдырған балабақша директоры

_______________М.М.Кабдрахманова

«29»тамыз 2013 ж.















«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Тақырыбындағы 1-Қыркұйек Білім күніне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі































2013-2014 оқу жылы

Ақтау қаласы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее