«Зимний фестиваль знаний 2025»

2 саны мен цифры

Ұйымдастырылған оқу қызметінде, балаларға қарапайым математикалық әдіспен салыстыру амалдарын түсіндіру.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:«2 саны мен цифры»

Мақсаты:Балаларға құрамында 1 және 2, 2 және көп заттар тобын салыстыруды және теңдік пен теңсіздікті орнатуды, заттар санын атауды, санмен белгілеуді үйрету. 2 санымен таныстыру. Заттарды қалыңдығы мен биіктігі бойынша салыстыруға жаттықтыру.Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?» Мақсаты: Уақытты бағдарлай білу, тәулік бөліктерін меңгерту.

Көрнекі құралдар: Тәрбиешінің үстелінде: саны екі-екіден әр түрлі ойыншықтар, алмалар.

Үлестірмелі құрал: екі жолақты карточка, тарелкеге салынған, қағаздан жасалған үйректер мен тауықтар, қалың үлкен, жұқа кішкентай кітаптар, суреттер, кеспе цифралар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Балалардың көңілін сабаққа аударады. Өткен сабақты балалардың естеріне түсіреді.

- Балалар, біз өткен сабақта қандай санмен таныстық? (Бір).

- Маған столдың үстінен сол бір санының цифрын кім тауып көрсетеді?

Тәрбиешіге назар аударады.



-Бір.


Шығып бір санын көрсетеді.


Іздену - ұйымдастырушы












(Тақтаға бір алманың суретін іледі).

- Тақтада қанша алма бар?

(Осыдан кейін тағы бір алманың суретін алып, бір алманы қосады)

- Енді қанша алма болды?

«Екі» деген сөзге балалардың көңілін аударады.

(Екі саны екі бірліктен тұратынын балаларға айтып түсіндіреді.)

- Балалар, бір алмаға және бір алма қостық. Содан екі алма шықты.

Осыдан соң екі санының цифрымен таныстырады. Екі санына байланысты өлең шумақтарын оқып береді

2 цифры:

Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрғаным.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын, шырағым.

- Бірінші жолақшаға бір үйректің суретін қойыңдар, екінші жолақшаға бір тауықтың суретін қойыңдар. Үйрек пен тауық қанша болды? Екеуі тең бе?

- Үйректің досы келіп қасына отырды. Қанша үйрек болды?

Қайсысы көп?

Тәрбиеші:

- Балалар, бірінші жолақшадағы 2 үйректің қасына 2 санының цифрын, екінші жолақшадағы 1 тауықтың қасына 2 санының цифрын қойыңдар.

- Екеуі тең болу үшін не істейміз?

- Бірінші жолақшаға тағы бір тауық қоямыз

- Үйрек қанша? Тауық қанша?

Балалардың тапсырманы қалай орындағанын тәрбиеші аралап көріп шығады.

Не екенін және қанша екенін анықтайды.

Сергіту сәті

Екі қанат қазда бар,

Сайрандайды сазда олар.

Екі қанат құрда бар,

Құр ауласаң қырға бар.

- Балалар енді мына 2 кітапты салыстырайық. Кітаптарды қатар қойып, салыстырады. (үлкен кітап, кішкентай кітап)

- Қандай айырмашылығы бар?

- Үлкен кітап қандай?

- Кішкентай кітап қандай?

- Қалың – жұқа екен.

- Ал биіктіктері қандай?

Жұп заттардың суреттерін көрсетіп, олардың қалың – жұқа, биік –аласа екенін салыстыру.

Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?»

Мақсаты: Уақытты бағдарлай білуге үйрету. Тәулік бөліктерін атауға жаттығу. Суретпен жұмыс. Әрбір суретті сәйкес тәулік мезгіліне қосу. Тәулік мезгілдері туралы жұмбақ жасырылады. (таңертең, түс, кеш, түн).

Ұйқымыздан оянамыз,

Беті– қолды жуамыз,

Анамызға ереміз,

Балабақшамызға келеміз.

Бұл қай мезгіл?


Серуенге шығамыз,

Одан кейін қайтамыз,

Тамақ ішіп аламыз,

Тәтті ұйқыға батамыз.

Бұл қай мезгіл?


Ұйқымыздан тұрамыз,

Жеңіл тамақ ішеміз,

Ән айтамыз күлеміз,

Анамызды күтеміз

«Апай сау болыңыз» - деп

Үйге қарай кетеміз.

Бұл қай мезгіл?


Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы.

Ертегі тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз.

Бұл қай мезгіл?



-Бір.



-Екі.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.














-2 болды, екеуі тең.

-2 үйрек.




Тапсырманы орындайды.









Сергіту сәтін орындайды.







-Қалың.

-Жұқа.


- Қалың кітап биік.

- Жұқа кітап аласа.








Жұмбақты тыңдайды.



-Таңертең






-Түс








-Кеш






-Түн

Рефлексті - Коррекцялаушы


Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Заттар санын атай білуі керек.

Болуы керек:Заттарды қалыңдығы мен биіктігін ажыратуды игереді.

Қолынан келуі керек:2санын білді.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее