«Зимний фестиваль знаний 2025»

Жау тылындағы бала

1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушы, яғни Қасым Қайсеновтың шығармашылығы мен өмірімен таныстыру.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесті бойынша әдеби шолу сценариі



Слаид такырыбы көрсетіліп тұрады.

Мақсаты:

1. Ұлы жеңісті дәріптеу , өз Отанын, елін ,туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушы, яғни Қасым Қайсеновтың шығармашылығы мен өмірімен таныстыру.


2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата -бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айту. Кейіпкерлердіңіс- әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.


Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі іс шарамыз Қасым Қайсеновтың Халық қаһарманы, партизан жазушы - Қасым Қайсеновтің туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысы жылдары Белорусь пен Украинада партизан қозғалыстарын бастаған, ерен ерлігі аңыз болып айтылып жүрген батырдың мерейтойына орай бірнеше повестерінің ішінен «Жау тылындағы бала» повесі желісінде дайындалған әдеби шолуымызды бастаймыз.

Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы бейнебаян ретінде таныстырылады

Жас талап клубының мүшесі ..................

Қара тұман қара бұлт үйіріліп аспанға,

Қасым ата қару алып жауға қарсы ұмтылды. Жұртым деген ер сөзі көкейінде жатталып, Отан деген от сөзі жүрегінде сақталып...

Асқар Алтай алыбы –

Жомарт жүрек жайсаңым!

Дүниенің жарығын

Жанмен cезген қайсарым!

 

Асубұлақ аялап,

Ашулы Алтай шыңдаған.

Кәрі Карпат саялап,

Сынағанда – сынбаған.

 

Асау Ертіс тербетіп,

Арқа, Алатау жебеген.

Қасым аға келбетін,

Бар қазаққа теңер ем!

 

Түр-өңінде: Батырлық,

Жүрегінде: Даналық!

Жаны тұнған ақындық,

Жаны толған ағалық!

 

Тағдырымен таласқан,

Қазағымның өзіндей!

Эпостарға жарасқан,

Батырлардың көзіндей...

 

Жарытуға қазақты,

Керек әлі ғасырлар.

Танытуға қазақты,

Керек әлі Қасымдар!

 

Бар қазақтың ағасы –

Дарабозы Халықтың.

Батырлардыңдарасы –

АлыпатыАлыптың!

Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы бейнебаян ретінде таныстырылады

Кітапханашы

Жаутылындағы бала — ҚасымҚайсеновтың 1961 жылы жазған повесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.

Кітапханашы:

Құрметті жас оқырмандарымыз Қасым «Қайсеновтың жау тылындағы бала» повесін толық оқып шығуға уақыт берген болатынбыз. Осы повест бойынша ширату әдісімен үш топқа бөлініп повестегі кейіпкерлер желісімен повесті баяндайтын боламыз. Кітаптан үзінділерін осы сұрақтар арқылы оқимыз.

1 топқа

Жомарт пен Жамалдың күдігі мен қорқынышы. Кейіпкерлер бейнесін сомдаңыз.

2 топқа

Серіктің тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті?

3топқа

Шығармада Анна Ивановнаның аналық қамқорлығы қалай көрінеді?

Еркін микрафон

Автор берген кейіпкер бейнесіне тоқталып, кейіпкер бойындағы гуманистік қасиеттерді айтып шығыңыз.

І – топ. Серік

ІІ – топ. Жамал

ІІІ – топ. Анна Иванова

Бейнелерді смайликтер арқылы бағалайды

ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА

(Пролог, эпилогы бар екі бөлімді драма)

Қасым Қайсенов шығармасының желісі бойынша қойылады.


Қортынды түрінде осы повестің оқиғаларының желісіне орай сурет салуларыңызды сұраймыз.


Тарихсыз болашақ болмайды, біз елімізге бостандық алып берген ағаларымыз бен апаларымызды еш уақытта ұмытпауымыз қажет. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысында Кеңес жерін жаудан қорғап, Белоруссияда, Украинада партизан қозғалысына қатысып, ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміздің бірі. Қасым ағамызды тек қана жауынгер, қолбасшы ғана емес, көрнекті жазушы, қазақтың тұлғалы азаматы деп айтуға болады Қасым Қайсенов атамыздың сөзімен айтсақ, соғыс зардабы осындай. Соғыс зор апат.Сондықтан дүние жүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді.Кітап көрмесі



































Сценка дайындау керек: ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА

(Пролог, эпилогы бар екі бөлімді драма)

Паровоздың гудогі естіледі. Жұрт жапа-тармағай вагонға

ұмтылады. Жау самолетінің гуілі естіледі, бомбылай бастайды.

Дүние астан-кестен болады. Тыныш талғанда, ағаш түбін

паналап отырған Жамал мен Серікті көреміз. Жамал жараланып

жатыр.

С е р і к: (шырқырайжылап) мама! Саған не болды?

маматайым...

Ж а м а л: (ауырсына) Құлыным! Серігім менің! Ж-а-л-ғы-

зым... менің... Ух, аллай-ай, қиналды-ау, жаным... Ертеңгі күнің

не болар екен?.. Жазығым не менің?.. Бар жазығым жарымның

соңынан еріп келгенімбе... Серік... Сені кімдерге тастап

кетемін?.. Келші... ақырғы рет мауқымды басып сүйейін...

Серікті бауырына тартып аймалайды.

С е р і к: (зареңіреп) маматайым! Өлмеші!.. атам ұрсады

ғой маған... Папама не деп айтамын?.. Жұмбашы көзіңді...

Ж а м а л: (ауыр демалып) Жарығым, ақылды қозым... Сен

тірі қалсаң, елге аман-есен оралсаң – одан артық арман бар ма?

Әке-шешеңнен бірдей айрылып, қу жетім атанар мА екенсің...

Қайтейін, балам, қайтейін... Хош, ел-жұртым, хош, туған жер,

хош, өскен ел... Тәңірім, табиғатием, жалғыз ұлымды саған

т-а-п-с-ы-р-дым...

С е р і к: (ышқына айқайлап) мама! Өлмеші! Жалғыз

тастамашы мені! Қорқамын... сенен айрылып қалсам, атам

ұрсады ғой...

Анна мен Борис келеді.

А н на И в а н о в н а: (Жамалдың жүрегін тыңдап). Қайран

құрбым-ай, арманда кеттің-ау.

Борис Серікті құшақтап, ол да жылайды. Жау солдаттарының

мылтықатып, дабырлағаны естіледі. Анна Серік пен

Бористі жетелеп қашады. Серік: «мама», – деп жұлқынып,

шешесінің өлі денесіне ұмтылады. Сахнаға неміссолдаттары

шығады.

Н е м і с с о л д а т ы: (Жамалға үңіле қарап). азият...

Европада қайдан жүр бұл?

Аяғымен түрткілеп өлі-тірісін тексереді. Кетеді. Басқа

Бірағаштың түбінен сығалап қарап тұрған анна айғайламақ

Болған Серіктің аузын алақанымен басады.

Жарық сөніп, қайта жанғанда жасқа бірді, сол қабірге гүл

қойып, жылаған анна Ивановна, Серік пен Бористі көреміз.

А н на И в а н о в н а: Қош, аяулы Жамал! Топырағың

Торқа болсын. Обалың жас өміріңді қыршын қиған неміс

басқыншыларына. Сен үшін қасық қаным қалғанша кек аламын.

Серігімді көзімнің қарашығындай сақтармын. Өзбаламнан

Артық көріп, Жомарттың қолына табыс етермін. Бақыл бол!

С е р і к: (ұмтылып барып, қабірді құшақтап) маматайым!

Папам мен атама не деймін? Қалай айрылып қалдың, деп

Ұрсады ғой. меніжалғызқалдырмашы, мама! м-а-м-а!

Осы кездебарабандатаавтоматынкезенгенфашистерлегі

жақындайды. Бұларғақарсыжақтанқаражамылғанәйелдер

қарсышығады. «Топан» күйіойналады

















Информация

2018 жылдың 23-сәуірі күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесі бойынша атты әдеби шолу өткізілді. Патриоттық сағат аясында Қ.Қайсеновтің өнегелі өмірі туралы ақпараттар беріліп, мультимедиалық презентация мен «Қасым» көркем фильмінен үзінді (2015) көрсетілді.

Шара барысында жас оқырмандарымыз сахна төрінде «Жау тылындағы бала» повестінен майданға аттанған әке мен баласы үшін жанұшырған ана рөлін, әкесімен қайта табысқан бала бақытын үздік сомдады. Аталмыш шараға байланысты «Қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсенов»атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, викториналық сұрақтар қойылды. Соғыс жылдарында аты аңызға айналған біздің батыр тұлғалы жерлесіміздің тарихта және қазақстандықтардың жүрегінде қалдырған ізі мәңгілік.



18 апреля 2018 года в 13-00 чассотрудники библиотеки-филиала №3 в школе-гимназии №7 им. С.Сейфуллинав рамках программы «Руханижаңғыру», посвященный 100-летию ХалыкКаhарманы, знаменитого казахстанского писателя, лауреата международной премии имени А. Фадеева КасымаКайсенова прошла литературная беседа по повести «Мальчик в тылу врага.

Цель мероприятия: воспитание исторической памяти у учащихся на основе уважительного отношения к истории государства и к защитникам Родины – нашим землякам.

Мероприятие сопровождаласмультимедийной презентацией. В рамках патриотического часа показано отрывокхудожественного фильма «Касым» и по повести«Мальчик в тылу врага» юные читатели подготовили сценку.

В заключение проведена викторина о жизни и подвиге КасымаКайсенова и о повести «Мальчик в тылу врага» и предоставлен книжная выставка « славный сын казахского народа Касым Кайсенов» Переоценить след, оставленный нашим именитым земляком в истории и в сердцах казахстанцев, сложно. Еще в годы войны его имя стало легендарным.



























































































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее