Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Әжеге қонаққа барамыз» (суреттер қарастыру немесе бейнефильм көрсету)
Мақсаты: төрт түліктің пайдасымен, тіршілік табиғатымен, малдың қадыр-қасиетімен таныстыру.
Білімділік: төрт түліктің төлдері жайында түсінік беру.
Дамытушылық: тілін, сөздік қорын молайту, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жануарларды күтіп баптауға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
Үштілдік компонент: үй жануарлары-домашние животные- pets, түйе-верблюд- camels, жылқы-лошадь- horses, сиыр-корова- cows, қой- овца- sheep, ешкі-коза- goats.
Керекті құралдар: төрт түліктің, төлдерінің суреттері, ойыншықтары, таратпалы карточкалар.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Шатттық шеңбері: Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз, Білер қазақ баласы. «Сәлем-сөздің анасы» Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығы болған. -Ал, сендер үй жануарлары туралы толық білгілерін келе ме? -Ендеше, әжеміздің ауылына қонаққа барып таңысайық. | Жарты шеңбер жасап тұрады.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Тыңдайды.
Білгіміз келеді. Қызығушылық танытады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Ауылға бару үшін, біз ат арбаға отырайық. Ауылға жеткенше ән айтып барайық. Ән: «Қошақан»
Келіп қалдық. Әжемен амандасайық.
Әже: Амансыңдарма балаларым. Тәрбиеші: Әже сіздің қалыңызды біліуге келдік. Әже: Төрлетіңдер. Дәм ауыз тиіндер. Мынау малдан алынған тағамдар. - Сендер төрт түлік туралы білесіңдер ме? - Жүріңдер қорадағы малды көріп қайтайық. Дидактикалық ойын: «Ойлан тап» Бейнефильм көрсету Шарты: үй жануарларының ойыншықтары қойылған қораның қарастыру немесе бейнефильм көрсету көрінісі. Үй жануарларын атап берулерін айтады. Әжеге осы төрт түлік туралы өлеңдер айтып беріді сұрайды.
Әже: рахмет балалар. Әже: Халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар деп түсінеді. Сендер осы төрт түліктің атасын білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Әже біз төрт түліктің пайдасын да білеміз.
Әже: рахмет, сендер төрт түлік туралы көп біледі екенсіңдер, менің де сендерге тартуым бар. Әже балаларға бауырсақ ұсынады, қоштасды.
Тәрбиеші: Әжеміздің ауылына да барып төрт түлікті көріп қайттық. Төрт түлік мінсе көлік, ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім болған. - Сендерді аналарың, ата-әжелерін қалай еркелетеді? Міне, сендерді еркелеткенде ата-әжелерін, аналарың төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады.
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап» Мақсаты: үй жанарлары мен төлдері бейнеленген суретті карточкалар таратылады. Үй жануарларының төлдерін ажырата алуаға, атай алуға үйрету. Енесіне қасына төлдерін қоюды ұсынады. Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Үш тілдік компонент: үй жануарлары-домашние животные- pets, түйе-верблюд- camels, жылқы-лошадь- horses, сиыр-корова- cows, қой- овца- sheep, ешкі-коза- goats. Дидактикалық ойын: «Даусынан таны» Мақсаты: үй жануарларының дауысын ажырату. Үн таспадан үй жанарларының дауысы қойылады, сол дауысты ажыратып айтады. Осы төлдерге байланысты өлеңдерді жаттқа айтып берулерін сұрайды. |
Ат арбаға отырады.
«Қошақан» әнін бірге айтады.
- Сәлеметсіз бе.
Дәм ауыз тиеді.
- Иә, білеміз.
Аттарын атап айтады. -Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүнің үлбіреп, Қарасам, көзім тоймайды.
Айналайын, қозым, Малдан жуас бозым. Көтерілсең бетке, Тойынасың көпке.
Жалт-жұлт етіп лақ, Жағалайсың бұлақ. Секірем деп бірақ, Қала көрме құлап.
Төрт түліктің атасын айтады: Түйе атасы- Ойсылқара Жылқы атасы-Қамбар ата, Қой атасы-Шопан ата, Сиыр атасы-Зеңгі баба, Ешкі атасы-Сексек ата. Төрт түліктің пайдасын айтады: Түйе-байлық, Жылқы-сәндік, Сиыр-ақтық, Қой – мырзалық, Ешкі –жеңілдік.
Қуанады, әжемен қоштасады. Әжеге сау бол айтып, ат арбаға отырып қайтады. Тыңдайды.
-Құлыным, ботам, қозым.
Үй жануарларының төлдерін тауып енесінің қасына орналастырады. Сөздерді хормен, жекелеме қайталайды. Сөздерді қайталап айтады.
Бұзаудың дауысы. Құлынның дауысы. Лақтың дауысы.
Төлдерге байланысты өлеңдерді жатқа айтып береді: «Мәә-мәә» деген әні бар, Жібек тоны сәні бар. Қошақаным-момақан. Сүйкімді бір жануар.
«Мее-мее» деген әні бар, Байқамасаң жамырар, Секеңдеген лағым, Бір тынымсыз жануар. |
Рефлексивті -түзетушілік | Қорытынды Сұрақтар қояды: - Біз қонаққа қайда бардық? - Не туралы әңгімелестік? - Оларға адамдар қандай қамқорлық жасайды? - Олардың пайдалары бар ма?
Рефлексия: Бүгінгі саяхатымыз қызықты болса, түйенің қоржынына қызыл асықты, қызықсыз болса көк асықты салуды ұсынады.
|
Сұрақтарға жауап береді: - Әженің ауылына бардық. - Төрт түлік туралы. - Оларға жем, су, шөп береді. - Пайдасы бар. Сиыр сүт береді, сүттен айран, құрт жасаймыз; қой, ешкі жүн береді, олардан киім тоқимыз.
Өз қалаулары бойынша асықты салады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: үй жануарлары, төлдері туралы, бір – бірінен ажырата алуды.
Болу керек: үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы туралы мағлұмат.
Істей білу керек: үй жануарларына деген қамқорлықты.