Сабақтың тақырыбы: В дыбысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «В» дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру, білімдерін тиянақтау.
Дамытушылығы: Тақырыпты игере отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, білімдерін айқын жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып пәнге қызығушылығын арттыру, сыйластыққа, ұжымшылдыққа жұмылдыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Қолданылатын стратегиялар: Бес жолды өлең.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, ережелер, үлестірмелі қағаздар т.б.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
Тақтаға әріптері түсіп қалған сөздері бар суреттер ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып, жазады. Суреттің ортасында сұрақ белгісі тұрады. Барлық сұрақтың жауабы табылғаннан кейін, сұрақ белгісі алынып тастап, белгісіз әріп ілінеді.
Ережемен жұмыс:
Балалар біз бұл сұрақтың жауабын таптық. Белгісіз әрпіміз «В» екен.
«В» дыбысы туралы нені білетінімізді жазайық.
«В» - ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. «В» дыбысы орыс және шет тілдерінен енген сөздерде қолданылады. Біз оны дауысты дыбыстардың көмегімен ғана дауыстап айта аламыз. Ол сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: вагон, аквариум, диван.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
II. Мағынаны тану.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «В дыбысын» қайталау.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа айт. В дыбысының айтылу ерекшелігін байқа.
Вагондар тұр тізіліп,
Володя тұр қызығып.
Вокзал басын қызықтап,
Валя да жүр жүгіріп.
2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. В әрпі бар сөздердің астын сыз.
Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – эвкалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-10 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, құлап қалған біреуінің түбірін ойып, өзіне үй жасапты. Түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішіне жасапты дейді.
3-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құра.
Жауабы: аквариум Анам маған үлкен аквариум сыйлады.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Қазақстанда трамвай 1937 жылдан бастап жүре бастады. Мен мектепке траллейвуспен барамын. Қыздар волейбол ойнады. Ұлдар футбол ойнады. Олар вальс биледі.
5-жаттығу. Берілген әріптердің арасын түзеу немесе қисық сызықтармен қосып оқу арқылы жасырынған сөздерді тауып жаз. Өзің қалаған екі-үш сөзбен сөйлем құрастыр.
Волейбол, трамвай,
6-жаттығу. Мәтінді оқы. В әрпі бар сөздерді көшіріп жазып, оларға дыбыстық талдау жаса.
Велосипед – 4 буын, 3 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс бар.
В – дауыссыз, ұяң.
Е – дауысты, жіңішке.
Л – дауыссыз, үнді
О – дауысты, жуан.
С – дауыссыз, қатаң.
И – дауысты, жіңішке.
П – дауыссыз, қатаң.
Е – дауысты, жіңішке.
Д – дауыссыз, ұяң.
Автомобиль – 4 буын, 3 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс бар
А – дауысты, жуан.
В – дауыссыз, ұяң.
Т– дауыссыз, қатаң.
О – дауысты, жуан.
М – дауыссыз, үнді
О – дауысты, жуан.
Б – дауыссыз, ұяң.
И – дауысты, жіңішке.
Л – дауыссыз, үнді
Ь
Трамвай – 2 буын, 1 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс бар.
Т– дауыссыз, қатаң.
Р – дауыссыз, үнді
А – дауысты, жуан.
М – дауыссыз, үнді
В – дауыссыз, ұяң.
А – дауысты, жуан.
Й – дауыссыз, үнді.
Автобус – 3 буын, 3 дауысты, 4 дауыссыз дыбыс бар.
А – дауысты, жуан.
В – дауыссыз, ұяң.
Т– дауыссыз, қатаң.
О – дауысты, жуан.
Б – дауыссыз, ұяң.
У – дауысты, жуан.
С – дауыссыз, қатаң.
III. Ой толғаныс.
1-топ: Бес жолды өлең
1 зат есім – вагон
2 сын есім –
3 етістік –
4 сөйлем –
5 мәндес сөз –
2-топ: Вагон сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс бар.
В – дауыссыз, ұяң.
А – дауысты, жуан.
Г – дауыссыз, ұяң.
О – дауысты, жуан.
Н – дауыссыз, үнді.
3-топ: В дыбысы бар сөздерді қолданып әңгіме жазу.
IV. Үй тапсырмасы.
21 бет, 7-жаттығу
Өзің велосипедтің қандай түрлерін білесің? сұрағына жауап беру.
Ережелерді қайталау.
V. Бағалау
Бағалау критерийі:
«5» — 1- 4 толық қамтылса;
«4» — 1- 3 толық қамтылса;
«3» — 1- 2 толық қамтылса;
Топ басшылары бағалайды.
№ | Оқушының аты - жөні | 1. Үй тапсырмасын орындауы | 2. Жаңа сабақты меңгеруі. | 3. Жаттығу жұмыстарын орындауы | 4. Қосымша тапсырмаларды орындауы. | 5. Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
Сабақтың атауы | В дыбысы | |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | а) Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдаужасауға үйрету. ә) Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. б) Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: В в әрпінің баспа, жазба түрі, плакат, суреттер, буындар. Күтілетін нәтиже: Оқушылар « В в » дыбысы мен әрпін танып, оның сөз ішіндегі ерекшелігін толық меңгереді. Сонымен қатар в әрпі кездесетін сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасауға үйренеді. | |
Психологиялық ахуал | 1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2.Сәлемдесу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. 3. Психологиялық дайындық. Бір, екі, үш, Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. — Жарайсыңдар, балалар, олай болса сабағымызды бастайық | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту II. Өткенді пысықтау. — Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық? — В дыбысымен таныстық. — В қандай дыбыс? — Дауыссыз дыбыс. — В әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі? — Басында және ортасында. Адамның тегінде ғана в әрпін сөздің соңында кездестіруге болады. — В әрпіне байланысты сөздер айтқызу. — Біз қандай әріптерді білеміз?« Сиқырлы » сандығымыздан алып көрейік. ( сандықшаның ішінен әріптерді кезекпен алып шығамын ). Балалар айтып тұрады: А әрпі, дауысты, қызыл түспен белгіленеді, сондықтан қызыл үйде тұрады. ( Тақтада ілінген қызыл, көк түсті үйлердің қызылына кіргіземін ). П әрпі, дауыссыз, көк түспен белгіленеді, көк үйде тұрады. III. Оқулықпен жұмыс. а) Жұмбақтар жасыру. 1. Қосылса 1,3 арасы, Қандай әріп қарашы? ( В ) 2. Екі аяқты бір басты Жүгіреді тым қатты. ( Ве-ло-си-пед ) 3. Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп, Қос сүрлеумен әрі бері жүр көшіп. ( Ва-гон ) 4. Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. ( Ав-то-бус ). Жұмбақтардың шешуіне оқушылар дыбыстық, буындық талдаулар жасайды. ә) Оқулықтың 118-бетіндегі «Вокзал» тақырыбындағы суретті мәтін жан- жақты талданады. Оқушылардың өмірімен байланыстыра отырып, әңгіме жүргізіледі. — Суреттен не көріп отырсыңдар? — Онда барғандарың бар ма? — Хамит қайда келді? ( темір жол вокзалына ) — Вокзалдан кімді күтті? ( Әжесін ) — Әжесі немен келді? ( поездбен ) — Хамиттің әжесі қай қаладан келді? ( Атырау қаласынан ) | ||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс | Вокзал Хамит темір жол вокзалына келді. Вокзал үлкен сарай тәрізді. Ішінде халық көп. Оған жан-жақтан пойыздар келіп жатады. Хамит Атыраудан келген әжесін қарсы алды. Вагондар тұр тізіліп, Бақытжан жүр қызығып. Вокзал басын қызықтап, Зәуре де жүр сызылып. б) Оқушыларға танысқан сөздердің бірінші буыны ғана берілген шығармашылық жұмысты орындау ұсынылады. Оқушыларға соларды жалғастырып, сөз құрау тапсырылады. Берілетін буындар: ва, вок, ви, трам. ( вагон, вокзал, витамин, трамвай ). IV. Дәптермен жұмыс. 1,2,3 жинап алып күш, Қолға қалам аламыз. Әсем етіп жазамыз. Жазу дәптерінің 24-бетіндегі В в дыбыстарының әрпін жазуға жаттығу жұмыстары жалғаса береді. Сонымен қатар 24- бетте берілген вокзал, трамвай, автобус сөздеріне дыбыстық талдау жасалады. Оқулықтың 118-бетінде берілген 4 жолды өлеңді дәптерге көшіріп жазу тапсырылады. V. Сабақты қорытындылау Оқушылар оқулықтың 119-бетінде берілген Тапқышбектің тапсырмасын орындайды. — «В» дыбысы қандай дыбыс? — « Автобус » сөзіне сөйлем ойла. — Сөйлем неше сөзден құралған? | |
Үйге тапсырма | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
| Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Сабақтың атауы | Табиғи материалдардан құрастыру. «Көңілді ханзада» бейнесін жасау | |
Мақсаты | Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғи материалдардан «Көңілді ханзада» композициясын құрастыруды үйрету | |
Күтілетін нәтиже | ||
Психологиялық ахуал | Гүл өсірсең терлеп, | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану | Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз — шығармадағы адамдардың бір — бірімен байланысы, қарым — қатынасы, күрес — тартыстары, шығармадағы оқиғалардың дамуы болып есептеледі. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді. Белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себеп болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдар арасындағы қарым — қатынас күрес — тартыстар тек кездейсоқ емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мезгілде болғандығы көрсетіледі. Шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне осыны шығарманың композициясы — құрылысы деп атайды. | |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс | Ханзаданы қағаздан жасау Түрлі-түсті қағаздарды пайдалану Желім,қайшы Жұмысты бастау | |
Үйге тапсырма | Жұмысты аяқтау | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
| Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |