«Зимний фестиваль знаний 2025»

Урок "Д" дыбысы және әрпі

Дд дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Қайда сұрағына жауап беретін сөздерге тоқталып, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою және сол сөйлемге жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.

2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру.

3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Пәні: Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Дд дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Қайда сұрағына жауап беретін сөздерге тоқталып, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою және сол сөйлемге жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.



2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру.



3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.

                 

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Д»дыбысына байланысты үш топқа бөлу,суреттер арқылы.

II . Ой қозғау. Тәрбиеші: Сонымен бізде қазір қандай сабақ?

—  Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз?

—  Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек?

—  Әріп дегеніміз не?

—  Дыбыс дегеніміз не?

III. Өткен сабақты пысықтау.

— Сонымен өткен сабақтарда біз қандай дыбыстармен таныстық?

— Жақсы. Онда біз сендермен «Сиқырлы қобдиша» ойынын ойнаймыз.

Жұмбақ шешу. Сол аяқпен оң аяқ,кезек оны тебеді Ол тынымсыз домалап, зыр-зыр жүгіре береді. (доп,мяч,ball)

IV . Оқулықпен жұмыс. - суретпен жұмыс - Әңгіме құрау. V . Жаңа сабақ.

Бұл әуен қандай аспаппен орындалған? Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады. Домбыра. Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу. Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?





Д д д – қайталау.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Дд дыбысы мен әрпі.»

Дыбыстың артикуляциясы.

Еріндер тістер ашылған, д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа.

Енді осы дыбысты өз үйшігіне орналастырамыз Д дыбысы қай үйге қарай бет алды? Айтылуына қарай Д дыбысы қандай дыбыс екен?

Дала.

Мынау – дала. Далада жайқалған жасыл шөп, биік ағаштар мен бұталар көп болады. Даланың ауасы таза.

Да ла          до ға                 до да               Ду лат

Да уа          до ғал               доп                  Дар қан

Дала – алаңқай жазық жер.

Дауа – ем

Доға – қисық сызық

Дода – сайыс, жарыс

Доп – жел толтырылған рәзеңке.

VI . Сергіту сәті.

Жаңа сұрақпен танысу. Тақтаға назар аударамыз. Сұрақты оқимыз. Қайда? Қалада далада, тауда, аулада.

VII . Дәптермен жұмыс.

Д жазудың жазба үлгісін көрсетіп, бас және кіші әріптерінің элементтерімен таныстыру.

Ауада жазу. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады.

Оқулықтағы балалардың суретіне назар аударайық. Кімдердің суреті? Айдардың сұрағына назар аударайық. Сұраққа жауап береміз.

VIII . Жаңа сабақты бекіту.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

IX . Сабақты қорытындылау.

Сабағыңа жөндеп әзірленсең еңбек

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

 X . Мадақтау. Сендер өз еңбектеріңмен жақсы нәтижеге жеттіңдер, — деп мақтау тәсілін жүргізу.








































































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее