Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің мектепалды даяррлықтобының технологиялық картасы
Білім саласы: «Қатынас» Тіл дамыту.
Тақырыбы: Тіл- халық қазынасы.
Мақсаты: Тіл- халық қазынасы деген тақырыппен алынған сабақ арқылы балалар өз тілін ардақ тұтып, құрметтеуге үйренеді. Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты, сыпайы болып өсетіндігін және ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпаудың бірден-бір қайнар көзі екендігін айтып түсіндіру.
Сөздік жұмыс:Ұлт,ана тілі.
Іс - әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың қызметі |
Мотивациялық талаптану. | Ақыл ойы дананың, Ана тілден аламын, Ана тілім ардақты, Ақ сүтіндей анамның, Өсірген ой білімді, Сүйем туған тілімді, Мақсат етем әр сөздің, Мәнін терең білуді.
| Ақыл ойы дананың, Ана тілден аламын, Ана тілім ардақты, Ақ сүтіндей анамның, Өсірген ой білімді, Сүйем туған тілімді, Мақсат етем әр сөздің, Мәнін терең білуді.
|
Ұйымдастырушылық ізденушілік | Балалар «Туған елім» әннің ырғағымен топқа кіріп. Түрлі қимылды жаттығулар жасайды.Балалар тақпақ оқиды. Ана өмір мәңгілік, Жүзі нұрлы таң күліп, Ана десе әркімнің, Көкірегінде жанды үміт. Балалар біз қандай Республикада тұрамыз? Қазақстанның рәміздерін атаңдар? Біз қай ұлтпыз? Біздің ұлтымыз қазақ.Біздің тіліміз қазақ тілі. Әліппе дәптермен жұмыс: Ә.Табылдиевтің «Ана тілің –жан арың». Тіліңді үйрен күнде сен, Ол іс деме жай ғана, Өз тіліңді білмесең, «Білгішпін» деп ойлама. Сергіту сәті. Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер. Отан – ана, Отан – үлкен Қазақстан – туған ел! Суреттермен жұмыс. Бұл не? Тудың түсі неге ұқсайды? «Қазақстан байрағы» Музафар Әлімбаевтың өлеңін оқу. Мынау ҚР мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбада не бейнеленгенін қарандар. « Тәуелсіз мемлекет» ұғымына түсінік беремін. Мемлекетіміздің Ата заңы Қазақстан азаматтарының құқықтарын оның ішінде балалардың да құқықтарын қорғайды, сонымен қатар азаматтар заңының ішіндегі баптарды білуге, орындауға міндетті. Дидактикалық ойын: «Туған қалаға саяхат». Мақал-мәтел жаттау. Отан отбасынан басталады. |
Ана өмір мәңгілік, Жүзі нұрлы таң күліп, Ана десе әркімнің, Көкірегінде жанды үміт.
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. - Кең байтақ тәуелсіз мемлекет. Қазақ.Қазақ тілі өмірдегі ең бай тіл.
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Ортасында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Бұл түс ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасында алтын күн баршаға ортақ нұр сәулесін төгеді. Қыран құс ерліктің белгісі. Ою-өрнек біздің халқымыздың тыныштығы мен байлығының белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Жоғарғы жағында жарық жұлдыз, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын белгілейді. Қанатты қос тұлпар қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. «Қазақстан» деген сөз еліміздің әлемге танымал екендігін білдіреді. -Әлемде басқа мемлекеттер мен жерлер бар, бірақ адамда Отан – біреу. Біздің Отанымыз – Қазақстан. |
Рефлексивті түзету
| Балалар, әңұран, ту, елтаңба ҚР мемлекеттік рәміздері. Үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, әңұран орындалады. Туды ең сыйлы адам ұстайды. Ән ұран орындаған кезде орынымыздан тұруымыз керек. Оны әрбір адам жатқа білуі керек.
| Балалар әнұранды орындайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Тіл- халық қазынасының мағынасын.
Түсінеді: Қазақ тілі мемлекеттік тіл екендігін.
Қолданады: Қазақ тілінде сөйлеседі.