«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ұйымдастырылған оқу қызметі. «Сүйікті ойыншықтар»

Мақсаты: балаларға заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарай заттарды сипаттауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: балалардың заттарды салыстыра білу, «көп», «аз», «үлкенірек», «кішірек» сөздерін дұрыс қолдана алу іскерліктерін бекіту;

Дамытушылық: ұсақ саусақ және жалпы моторикасын, көркем сөз арқылы тілін дамытып, «ойыншықтар» тақырыбында білімдерін кеңейту, дидактикалық ойындар арқылы затты тұтас қабылдай алуға жаттықтыру;

Тәрбиелік: ойыншықтарға деген мейірімділік, ұқыптылық сезімдерін ояту,өзінің де өзгенің де еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»

Мақсаты: балаларға заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарай заттарды сипаттауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: балалардың заттарды салыстыра білу, «көп», «аз», «үлкенірек», «кішірек» сөздерін дұрыс қолдана алу іскерліктерін бекіту;

Дамытушылық: ұсақ саусақ және жалпы моторикасын, көркем сөз арқылы тілін дамытып, «ойыншықтар» тақырыбында білімдерін кеңейту, дидактикалық ойындар арқылы затты тұтас қабылдай алуға жаттықтыру;

Тәрбиелік: ойыншықтарға деген мейірімділік, ұқыптылық сезімдерін ояту,өзінің де өзгенің де еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қуыршақ, доп, кубиктер, машиналар

Үштілдік компоненет: қуыршақ – кукла – doll , доп – мячь ball, ойыншықтар – игрушки – toys

Керекті құрал – жабдықтар: : қуыршақ, доп, кубиктер, машиналар, сюжетті суреттер.

Іс - әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

Қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е. Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Шаттық шеңбер:

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз

Жарты шеңберде тұрады



Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.





Ұйымдастыру– іздестіру

Балалардың назарын топ ішіндегі ойыншық сөрелеріне аудартады.



  • Қараңдаршы, біздің ойыншықтарымыз азайып қалыпты.

  • Не болды деп ойлайсыңдар? Ойыншықтарымыз қайда кетті деп ойлайсыңдар?

  • Олар бізден кетіп қалыпты. Неге кетіп қалды деп ойлайсыңдар?

  • Сендер білесіңдер ме, ойыншықтар да ренжіп, мұңаятынын?

  • Ойыншықтар қандай жағдайларда ренжиді? Неге ренжиді екен?



  • Енді не істесек екен? Ойыншықтарымызды қалай қайтарып алсақ екен?

  • Біз ойыншықтарымызға өзіміздің ақылдылығымызды, тәртіптілігімізді, қамқорлығымызды көрсетуіміз керек. Олар қайтып келгенде кешірім сұраймыз.

Балалардың ойыншықтар туралы білетін тақпақтарын сұрайды.

Өлең оқу.

«Машина»

Машинамын – көлікпін,

Мамандарға көніктім.

Үйренген соң,

Білерсіңдер «тілімді»















Сергіту сәті:

Сергіту сәтінде «Ойыншықтар» әнін айтады, музыкасымен.


Карточкалармен жұмыс.

Ойыншықтармен не істеуге болмайтыны, не істеу керектігі жайлы карточкадағы суреттер арқылы айтып береді.






















  • Қалай ойлайсыңдар бізді ойыншықтар кешірді ме? Қайтып келеді ме?

  • Ендеше, біз ойыншықтарға уәде берейік. Біз енді тентек болмаймыз, ренжітпейміз, орындарына жинап жүреміз, оларды жуамыз.

  • Енді, мына сөздерді орысша айтып көрейік қуыршақ – кукла, доп – мячь, ойыншықтар – игрушки.

Ойыншық сөрелеріне назар аударады. Ойыншықтар жоғалып кеткенін байқайды.

  • Білмейміз.



  • Ренжіп қалған шығар.

Балалардың жауабы.






  • Оларды лақтырса, сындырса ренжиді, жумай қойса ренжиді.

  • Білмейміз. Не істейміз енді?


Жақсы жағынан көрінуге, кешірім сұрауға, ақылды болуға ниет білдіреді.












«Добым»

Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкемді сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Келіп тұрмын тепкім кеп.

«Қоян»

Қоян, қоян тұршы,

Беті – қолыңды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Әдемі көйлек киші,

Бізге қонаққа келші.


Қимылдарын көрсетіп, келтіріп тұрып әнді орындайды.


  • Ойыншықтарды лақтыруға болмайды.

  • Ойыншықтарды сындыруға болмайды

  • Ойыншықтарды ауызға салуға болмайды

  • Ойыншықтарды аяқпен басуға болмайды

  • Ойыншықтарды жуу керек

  • Ойыншықтарды орындарына жинау керек

  • Ойыншықтардың сынған жерін жөндеп, жыртылған жерін тігіп қою керек

  • Қуыршақтардың шаштарын жұлмаймыз

  • Келетін шығар. Келсінші...


Ойыншықтарға тентек болмаймыз, ренжітпейміз, орындарына жинап жүреміз, оларды жуамыз деп уәде береді.

«Қуыршақ – кукла, доп – мячь, ойыншықтар – игрушки» сөздерін қайталап, есте сақтауға тырысады..



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

Суреттерді көрсете отырып, сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетті қорытындылайды.

  • Қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?


  • Ойыншықты орысша қалай айтамыз?

Жүректен жүрекке

«Жақсылыққа құмармыз» шеңберi

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!


Балаларды мақтап – мадақтайды.





  • Доп, қуыршақ, машина, конструктор

  • Ойыншық орысша игрушки.



Қайталап айтады, қимылдарын келтіреді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ойыншық атауларын дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;

Болу керек: дыбыстарды дұрыс айтуға деген ынтасы;

Істей білу керек: ойыншықтарға қамқор бола біледі.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее