«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тілдің дыбысталу мәдениеті. [Ң] дыбысы

[Ң] дыбысын [Н] дыбысымен шатастырмай дұрыс айтуға жаттықтыру.

Тыныс алу жаттығуын жасату арқылы сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету. Есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тілдерін,дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Тілдің дыбысталу мәдениеті. [Ң] дыбысы

Мақсаты: [Ң] дыбысын [Н] дыбысымен шатастырмай дұрыс айтуға жаттықтыру.

Міндеттері: Білімділік: Тыныс алу жаттығуын жасату арқылы сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету. Дамытушылық: Есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: әдемі тон киген баланың суреті, жеке қорапшадағы қызыл, көк түсті дөңгелектер

Сөздік жұмысы: тон, тоңу, сүңгі, оңды, өңді.

Қостілдік компонент: тон-шуба, тоңу-мерзнуть, оңды-хороший, өңді-красивый, сүңгі-сосулька


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

«Амансың ба, алтын күн!» 01-«Г»-№3

Кіріспе

Тақтадағы тон киген баланың суретіне назар аудартады.

-Мен қазір сендерге өлең оқып беремін.

Сендер мұқият тыңдап, менің қандай дыбысқа екпін түсіріп айтатынымды (немесе созып айтатынымды) табыңдар:

Тоң-ң-ңдым деп тон кидім,

Тонымды оң-ң-ң кидім.


Бәрі бірге айтады.


Суретке назар аударады.






Өленді тыңдап, [ң] дыбысының созылып айтылғанын анықтайды.

Ұйымдастыру–

іздестіру

Жаңа тақырып

Дыбысты анық айтып жаттығамыз.

-] дыбысын дұрыс айтып үйренейік: алдымен аузымызды ашамыз,тіліміздің арғы жағын таңдайымызға тигіземіз,енді дыбысты айтамыз: [ң-ң-ң-ң]


-[ң] дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?...Неге дауыссыз дыбыс?...Оны қандай дөнгелекпен белгілейміз?...[ң] дыбысын айтқанда ауа мұрнымыздан шыға ма, әлде аузымыздан шыға ма?

Қолдарын мұрындарына тақатып айтқызып көру, бақылату.


Артикуляциялық жаттығу [н] мен [ң]

Тәрбиеші [н] дыбысы мен [ң] дыбысын анық айтып көрсетеді, екеуінің дыбысталуы ұқсас болғанмен мүлдем екі бөлек дыбыс екенін түсіндіреді:

-[н]-тіліміздің ұшы жоғарғы тісіміздің арғы жағына тиеді

-[ң]-тіліміздің арғы жағы таңдайымызға тиеді.



Айтылу тәртібін сақтап [ң]

дыбысын анық айтады.




-[ң] дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Өйткені, [ң] дыбысын айтқанда тіліміз кедергі жасайды.



-Ауа мұрынымыздан шығады




Екі дыбысты тәрбиешімен бірге айтып салыстырады.



Екі дыбысты бірге, жеке қайталап айтады.

.













Дидактикалық ойын: «Дыбысты ұста»

Құрамында [ң] мен [н] дыбыстары бар сөздерді айтады. Егерде [ң] дыбысы естілсе,

бір рет, [н] дыбысы естілсе екі рет шапалақ-

тауды ұсынады

Сергіту сәті:




Сөздік жұмысы:

Тон-шуба, тоңу-мерзнуть,оңды-хороший,

өңді-красивый

Суретпен жұмыс:

-Алдымен суреттерді атап шығыңдар.

- [ң] дыбысы кездесетін сөздерді тауып, қарындашпен қоршап қойыңдар.

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла»

[Ң] дыбысынан басталатын сөз тауып айтуды ұсынады.


-[Ң] дыбысынан басталатын сөздер бар ма екен?


Балалар таппаған соң, [ң] дыбысынан еш-

қандай сөздің басталмайтынын түсіндіреді.

-[Ң] дыбысы сөздің ортасында немесе соңында тұрады, мысалы: таң, тоңдым

Тыныс алу жаттығуы:

Шешіліп қап қолғабым,

Тоңып қалды қолдарым.

Саспаймын мен, білемін,

Жылынудйң жолдарын.

Ү-ү-ү-ү-ф

Жаңылтпаштан жаңылма:

Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыр шұңғыл.

Атты таң,

Болма таң.


[ң] дыбысын естігенде бір рет,[н] дыбысын естігенде екі рет шапалақ ұрады.


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Бәрі бірге, жеке-жеке қайталайды.



[ң] дыбысы кездесетін сөздерді тауып, қарындашпен қоршайды



[Ң] дыбысынан басталатын сөз табуға тырысады.


[Ң] дыбысынан басталатын сөздер таппағанын айтады.







Өлең жолдарын бірге айтады, айтып болған соң, мұрынмен тыныс алып, ауызбен баяу дем шығару кезінде қолдарын үрлейді.



Жаңылтпашты бәрі бірге, жеке айтуға тырысты.


Рефлексивті-түзетушілік


Қорытындылау:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-[Ң] дыбысы қандай дыбыс?

«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Жақсылыққа құмармыз» 01-«Ж»-№8

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!


[Ң] дыбысымен таныстық

Дауыссыз дыбыс

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: [ң] дыбысы мен [н] дыбысының айырмашылығы, [ң]дыбысының артикуляцисын, сөзге дыбыстық талдау жасауды.

Болу керек: [ң]дыбысынан ешқандай сөздің басталмайтынын

Істей білу керек: [ң]дыбысы мен [н] дыбысы кездесетін сөздерді анық айтуды.


Тәрбиеші: Жетписова Г.Т


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее