«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тесты по казахскому языку

Қазақ тілінен тест тапсырмалары. Тоғызыншы сыныпқа арналған тест тапсырмалары.

Олимпиады: Викторина "Путешествуя в сети Интернет, будь осторожен!" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

ТЕСТЫ ВОУД ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ

1 вариант


1. Бірыңғай қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер қатары.

A) Планета, дос, тіл.

B) Жер, ескерткіш, отбасы.

C) Ай, күн, жаз.

D) Жұлдыз, ұлт, өзен.

E) Аспан, кешен, жұмыс.

2. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

A) б, в, г, д.

B) м, н, ң, р.

C) м, н, ж, д.

D) т, р, л, з.

E) қ, т, з, ж.

3. -даған, -деген жұрнақтары арқылы жасалған сан есімнің мағынасына қарай түрін анықтаңыз.

A) Болжалдық.

B) Бөлшектік.

C) Топтау.

D) Реттік.

E) Есептік.

4. Сөйлемнен есімдікті тауып белгілеңіз.

Өз суретінде алтын күзді сала бастады.

A) Күз.

B) Сала бастады.

C) Өз.

D) Алтын.

E) Суретін.

5. Сөйлем ішіндегі бастауыштың сұрағын көрсетіңіз.

Табиғатта жолбарыс бір күнде 20-25 кг ет жейді.

A) Нешеуі?

B) Несі?

C) Кім?

D) Не?

E) Қаншасы?

6. Сұраулы сөйлемнің анықтамасын табыңыз.

A) Хабарлау, баяндау мақсатында айтылады.

B) Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады.

C) Сөйлеушінің көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады.

D) Сөйлемнің толық мағынасын білдіреді.

E) Бұйыру, өтініш ету мақсатында айтылады.

7. Керекті жұрнақты белгілеңіз.

Аяз... күн

A) –ты.

B) –ды.

C) –и.

D) –ді.

E) –ні.

8. Жалқы есімді табыңыз.

A) Ол – кәсіби музыканттардың бірі.

B) Оның еңбектері халық музыкасының дәстүрін зерттеуге арналған.

C) Ол халық музыкасының тарихын зерттеген.

D) Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасының қара шаңырағын көтеруші.

E) Ол туған халқының музыка мәдениетін өркендету үшін еңбек етті.

9. «Оқу, күй» сөздеріне туынды зат есімнің қандай жұрнағы жалғанатынын белгілеңіз.

A) -лас, -лес.

B) -шы, -ші.

C) -тық, -дық.

D) -дас, -дес.

E) -тік, -дік.

10. Салыстырмалы шырайдың анықтамасын көрсетіңіз.

A) Зат белгілерінің артық-кемдігін салыстырады.

B) Қоршаған зат белгілерін көрсетеді.

C) Сын есімге күшейткіш буын қосу арқылы жасалады.

D) Сын есім асырмалы мәнде қолданылады.

E) Сөйлем ішінде сындық мағынаны білдіреді.

11. -тан, -тен жұрнақтары жалғанатын сөздерді көрсетіңіз.

A) Қала, өлең.

B) Ар, жүрек.

C) Еркін, көсем.

D) Тамақ, еңбек.

E) Аз, жаза.

12. Болымсыздық демеуліктерін көрсетіңіз.

A) -ақ, -ау.

B) түгіл, тұрсын.

C) -мыс, -міс.

D) және, әрі.

E) себебі, өйткені.

13. Пысықтауыш қай сөз табынан екенін белгілеңіз.

Суықта балалар да ойнай алмады.

A) Етістік.

B) Сан есім.

C) Үстеу.

D) Зат есім.

E) Сын есім.

14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Өзге мемлекеттер Қазақстан мемлекетімен бірігіп жұмыс істей алады.

B) Бұл саясатты инвестиция деп атайды.

C) Мұндай салалардың дамуына шетел қаржыларын тартады.

D) Оны бірлескен кәсіпорын деп атайды.

E) Оның келмей қалуы мүмкін еді.

15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -са, -се.

B) не, немесе.

C) және, әрі.

D) бірақ, алайда.

E) кейде, бірде.

16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын белгілеңіз.

A) Н.Тілендиев, Ә.Қастеев.

B) Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

C) Ш.Уәлихан, Ж.Мәлібекұлы.

D) Е.Брусиловский, Ж.Мәлібекұлы.

E) Ш.Ниязбеков.

17. «Тәжірибелі» сөзінің баламасын көрсетіңіз.

A) Ығыр қылу.

B) Паш ету.

C) Тіс қаққан.

D) Үрейі ұшу.

E) Сілтідей тыну.

18. Сөйлемде берілген фразеологиялық тіркестің синонимін белгілеңіз.

Жарысқа жүрегінің түгі бар оқушылар қатысады.

A) Қызықты.

B) Батыр.

C) Данышпан.

D) Бауырмал.

E) Сұлу.

19. «Қорқақ» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Ақ жүрек.

B) Екі жүзді.

C) Су жүрек.

D) Бос сөйлеу.

E) Ақ саусақ.

20. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз.

A) Кеше мен Динарамен кітап дүкеніне бардым.

B) Биыл күз кеш түсті.

C) Алыстан жолаушылар келе жатыр.

D) Жоғарыдан жарқырап шамдар көрінеді.

E) Біз жедел хабар алдық.






2 вариант


1. «Мөлдір» сөзінің синонимін табыңыз.

A) Әдемі, көрікті.

B) Жуан, жіңішке.

C) Тұнық, таза.

D) Тәтті, ащы.

E) Үлкен, кіші.

2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін анықтаңыз.

A) Еріндік, жіңішке, жуан.

B) Жуан, жіңішке, үнді.

C) Ұяң, жуан, ашық.

D) Қатаң, ұяң, жіңішке.

E) Ұяң, үнді, қатаң.

3. Ұяң дауыссыз дыбыстар кездесетін сөздер қатарын табыңыз.

A) Шаң, шыңырау.

B) Қарқын, қанат.

C) Ғалым, тағзым.

D) Кітап, тәңір.

E) Қойшы, құқық.

4. Сөйлемдегі жалқы зат есімді табыңыз.

Қыздың аты Ботагөз екенін білді

A) Қыздың.

B) Ботагөз.

C) Екенін.

D) Аты.

E) Білді.

5. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

A) Жұлдызша.

B) Жұмысшы.

C) Сандықша.

D) Қарындас.

E) Өнерпаз.

6. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Денсаулық әркім үшін қажет

B) Бұған әрбір адам міндетті

C) Белгілі ережелерді сақтасақ, өмірді ұзартуға болады

D) Адам өмірін ұзарту мүмкін бе

E) Салауатты өмір салтын қолдаймын

7. «Қысқа», «тар», «аласа» сөздерінің антонимдерін табыңыз.

A) Тап, жаз, жап.

B) Кең, биік, аласа.

C) Ұзын, кең, биік.

D) Аласа, көрікті, көркем.

E) Биік, жазық, түзу.

8. Құстың атауын білдіретін күрделі сөзді көрсетіңіз.

A) Бесікке салу.

B) Сүмбіл шаш.

C) Сарышымшық.

D) Асық жілік.

E) Ауыз омыртқа.

9. Қатыстық сын есімді сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Маңызды мәселе.

B) Ақ кеме.

C) Қара тас.

D) Қызыл гүл.

E) Көк аспан.

10. «Таптыр» сөзі етістің қай түріне жататынын анықтаңыз.

A) Өзгелік.

B) Ырықсыз.

C) Ешбірі.

D) Өздік.

E) Ортақ.

11. Қарсылықты жалғаулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Жанат қана ағасымен дос.

B) Театрға дейін автобус жүреді.

C) Айгүл досымен келіп кетті.

D) Рас, көп еңбектендім.

E) Бүгін күн аяз, бірақ балалар ойнап жүр.

12. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.

Ұшақ құсша ұшты.

A) Толықтауыш.

B) Пысықтауыш.

C) Бастауыш.

D) Баяндауыш.

E) Анықтауыш.

13. Жақсыз сөйлемдерді табыңыз.

A) Апам ауылға қонаққа шақырды.

B) Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.

C) Мінезін білетін едің ғой.

D) Бақыт пен Гүлнар алдын ала білген еді.

E) Менің оны көп тыңдағым келеді.

14. Сөйлемді толықтырыңыз.

Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, ... ,

A) сол себепті қаланы айналдыра қорған салынған.

B) Алматыда көптеген мұражайлар бар.

C) сондықтан ол қара шаңырақтың иесі болады.

D) сондықтан ол туып-өскен жеріміз.

E) алайда ол кешігіп келді.

15. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Олар келгенде, сабақ аяқталыпты.

A) Мезгіл бағыныңқылы.

B) Мақсат бағыныңқылы.

C) Себеп бағыныңқылы.

D) Шартты бағыныңқылы.

E) Қарсылықты бағыныңқылы.

16. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауын табыңыз.

A) Сарыарқа.

B) Күріштің отаны.

C) Жетісу.

D) Жібек жолы.

E) Солтүстік Қазақстан.

17. Сөйлемде берілген фразеологиялық тіркесті синоним сөзімен ауыстырыңыз.

Түнде анасы баласын ойлап, көз ілмеді.

A) Қуанды.

B) Ұйықтамады.

C) Ұйықтады.

D) Ренжіді.

E) Сағынды.

18. Есептік, күрделі сан есімді табыңыз.

A) Сексен шықпай, тоқсан кірмейді.

B) Олар бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші жылы көшті.

C) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

D) Үш-үштен бөлініп малға қарай кетті.

E) Елу төрт балабақша бөбектерді қазақ тілінде тәрбиелейді.

19. Тәуелденіп септелген өздік есімдігін белгілеңіз.

A) Өзімнің кітабым столда жатыр.

B) Бейбіт анасының сөзін зейінмен тыңдады.

C) Ешкімнің ойыншығы емес.

D) Біздер каникулға шықтық.

E) Өзге жанды білмеймін.

20. Сөйлемнен мезгіл үстеуді табыңыз.

A) Менің досым үнемі ойланып жүреді.

B) Жаздыгүні оқушылар демалысқа шығады.

C) Омар сабақта ауызша жауап берді.

D) Анам жұмыстан тез келді.

E) Далада кенет қатты жел тұрды.






3 вариант


1. Қазақ тіліне тән жіңішке дауысты дыбыстарды табыңыз.

A) Ұ, У, Ө, І.

B) Ү, О, І, Ә.

C) Ү, Ө, І, Ә.

D) Ұ, Ө, І, А.

E) Ұ, Ү, Ө, Ә.

2. Ұяң дауыссыздан басталған сөздер қатарын табыңыз.

A) Көк, сары.

B) Қызғылт, көкшіл.

C) Қоңыр, қара.

D) Бет, жүз.

E) Ақша, теңге.

3. -дан, -ден қай септіктің жалғауы екенін көрсетіңіз.

A) Шығыс септік.

B) Барыс септік.

C) Көмектес септік.

D) Ілік септік.

E) Табыс септік.

4. Сөйлемдегі сан есімнің түрін анықтаңыз.

Ш.Айманов 1914 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

A) Реттік.

B) Топтау.

C) Есептік.

D) Бөлшектік.

E) Жинақтық.

5. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сөйлемді табыңыз.

A) Бүгін қай күн?

B) Бүгін жексенбі ме?

C) Гүлдене ме, туған жерім?

D) Сендер жылдам келдіңдер ме?

E) Сен рәміздерді құрметтейсің бе?

6. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Ұлылыққа бәрінен де адалдық жақын.

A) Атаулы.

B) Жақты.

C) Жақсыз.

D) Жалаң.

E) Сұраулы.

7. «Сүттен ақ» сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.

A) Ақкөңіл, сыншыл.

B) Таза, адал.

C) Мейірімді, жайдары.

D) Арам, адал.

E) Ескі, таза.

8. Мақал-мәтелдерден антонимдерді табыңыз.

A) Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

B) Ақылды жігіт өрге озар, ақымақ жігіт жер соғар.

C) Өнерлі өрге жүзеді.

D) Өнерді үйрен де, жирен.

E) Өнерліге өлім жоқ.

9. Туынды сөзді табыңыз.

A) Хабар.

B) Мемлекет.

C) Білімпаз.

D) Тауда.

E) Қазір.

10. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.

A) Төмен.

B) Орын.

C) Әкел.

D) Таза.

E) Сүрт.

11. Күрделі етістігі бар сөйлемді белгілеңіз.

A) Қыз сурет салып отыр.

B) Құрылысшылар үй салды.

C) Дәрігер ауруды емдейді.

D) Кеншілер көмір қазды.

E) Балалар кітап оқыды.

12. Септеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.

A) Ол ойы іске асты.

B) Жылы сөзі мен жылы лебізін сездіріп оған хат жазды.

C) Нұрлан – мектептегі ең үздік оқушылардың бірі.

D) Осы жолмен жыл сайын барамын.

E) Ауа ол күні әрі тұнық, әрі құрғақ.

13. Сөйлем ішіндегі баяндауыштың сұрағын көрсетіңіз.

Әрбір адам табиғатты қорғайды.

A) Не істеді?

B) Не істеп тұр?

C) Кім?

D) Қайда?

E) Не істейді?

14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.

Ажар мен Толқын әкесіне көмектесті.

A) Толықтауыш.

B) Баяндауыш.

C) Бастауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Анықтауыш.

15. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

Қазақстанның табиғаты өте әдемі, сондықтан біз өз елімізді мақтан етеміз.

A) Кезектес.

B) Талғаулы.

C) Қарсылықты.

D) Ыңғайлас.

E) Себеп-салдар.

16. Қыста болатын мерекені көрсетіңіз.

A) Білім күні.

B) Халықаралық әйелдер күні.

C) Жеңіс күні.

D) Отан қорғаушылар күні.

E) Тәуелсіздік күні.

17. Синоним сөздердің қай қатарда жазылғанын анықтаңыз.

A) Егін ексең, тыңға ек.

B) Туған жер, атамекен – бәрінен ыстық.

C) Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады.

D) Жері байдың – елі бай.

E) Бала, баланың ісі – шала.

18. Сөйлемдегі жалқы есімді тауып, құрамы және тұлғасына қарай түрін анықтаңдар.

Қазақтар Қазақстан халқының 81,1 пайызына тең болатын.

A) Күрделі, туынды.

B) Негізгі, туынды.

C) Күрделі, негізгі.

D) Дара, туынды.

E) Дара, негізгі.

19. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған жіктеу есімдігін анықтаңыз.

A) Көкшетаудың табиғаты маған ұнады.

B) Бұл жайында ертегі көп.

C) Ешқашан сырыңды шашпа.

D) Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.

E) Келесі жылы демалуға осында келеміз.

20. Сөйлемнен мекен үстеуді табыңыз.

A) Алмас – өте тәртіпті бала.

B) Алыстан атты жолаушылар көрінді.

C) Күндіз дүкенге барды.

D) Анам жұмыстан ерте келді.

E) Үйді жылдам жинау керек.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее