«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тема " Физика – табиғат туралы ғылым"

Сабақтың мақсаты: Физикалық құбылыстарға күнделікті өмірден мысал келтіре отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі баяндау, салыстыру, дәлелдеу Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта кеспе қағаздар(тест тапсырмалары).

Пәнаралық байланыс: астрономия, география, биология.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі:танысу, түгендеу

II. «Ой қозғау» Сұрақ – жауап

А) Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?

B)«Табиғат» → мағынасы

C) Қоршаған әлемдегі қозғалысқа мысалдар

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Пән мұгалімі: Абдуәлиева Ақбаян

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: 7.1.1.1. Физика – табиғат туралы ғылым


Сабақтың мақсаты: Физикалық құбылыстарға күнделікті өмірден мысал келтіре отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі баяндау, салыстыру, дәлелдеу
Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта кеспе қағаздар(тест тапсырмалары).

Пәнаралық байланыс: астрономия, география, биология.


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі:танысу, түгендеу


II. «Ой қозғау» Сұрақ – жауап

А) Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?

B)«Табиғат» → мағынасы

C) Қоршаған әлемдегі қозғалысқа мысалдар


ІІІ. Жаңа сабақ

«Физика» атауы гректің «фюзис» - «табиғат» деген сөзінен алынған. Кең мағынада алғанда бүкіл Ғалам: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай,Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы табиғат деп аталады. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Физиканың негізгі мақсаты – табиғатта болып жатқан әртүрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Заңдарды ашу үшін құбылысты туғызатын себеп не және оның салдары қандай? Деген сұрақтарға жауап ізделінеді. Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады. Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды. Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

1. Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

2. ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

3. Лазердің дүниеге келуі.

4. Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.





IV. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

1.. Аспан денесін көрсет:

A. Тікұшақ

B. Ағаш

C. Комета

D. Ауа

2. Қайсысы физикалық дене?

A. Автомобиль

B. Ауа

C. Килограмм

D. Қайнау

3. Қайсысы зат болып табылады?

A. Ай

B. Жарық

C. Мыс

D. Грамм

4. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

A. Шардың қозғалысы

B. Қоңыраудың сыңғыры

C. Таңның атуы

D. Қардың еруі

5. «Физика» атауы нені білдіреді?

A. Табиғат

B. Адам

C. Қоғам және техника

D. Космос

E. Жануарлар мен өсімдіктер

6. Тұңғыш қазақ ғарышкері

A. Т. Мұсабаев

B. Т. Әубәкіров

C. Ю. Гагарин

D. Н. Басов

7. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?

A. Микроскоп

B. Телескоп

C. Лупа

D. Бинокль

8.Материя дегеніміз –

A. Тастар

B. Ағаштар

C. Өсімдіктер

D. Табиғаттағы кез - келген зат



ҮІ. Кері байланысоқушыларға бүгінгі сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Сіз үшін сабақ қай деңгейде өтті? Белгілеңіз немесе өз ойынызды жазыңыз.

Есімде қалган терминдер мен физикалық шамалар

Есімде қалған формулалар мен өлшем бірліктер

  1. Қызықты

  2. Өзім үшін қажетті мағұлматтар алдым

  3. Іш пысарлық, қызықсыз болды

  4. қиын болды, кейбір терминдер мен ережелерді түсінбедім

  5. өз нұсқам бар:




Кейінгі тапсырмалар: Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы мысалдар келтіру.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее