«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық

. Дәйексөз:

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары іздеген мәңгі сана

Өзіңді өзің танысаң істің басы

Түзеген өз ғаламын болған дана

Әл Машани

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №4 Мерзім: Сынып: 6

Мұғалім: Қазтаева А.Т. Оқушылардың саны:

Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық

ҚұндылықДұрыс әрекет Қасиеттер ұқыптылық, әділеттілік, жауапкершілік, құмарлықты тия білу

Мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушы бойына ұқыптылық, әділеттілік, жауапкершілік, құмарлықты тия білу қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әділеттілікек, жауапкершілікке, құмарлықты тия білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

5Т (Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық)

Оқушылардың есіне салу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

4 сабақтың «менің атым Қожа» мәтініне талдау жасау.

Менің атым Қожа (үзінді)
Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, стол шамды жақтым да, сырыттан ештеңе көрінбестей етіп, терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, ойрандап жүрген Қожа мен бетпе – бет келіп отырдым.
Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек ?

Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да оның жүзіне қарадым:
Ал сөйле батырым ?
Ол арсыз бұны қалжыңдеп ойлайтын болуы керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ерінін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді. Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымда қарс түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым:
Түрегел !
Батырыңа жан керек екен ұшып түрегелді.
Отыр !
Қайта отырды.
Неге шақырдың, Қожатай ?- деп, әжем кіріп келе жатыр.
Шақырғам жоқ әрі барыңыз.
Дауыстағандай болдың ғой ?- Сізге ме.... жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жамаңыз.
Кеңесі несі ?
Әжем бір сітке аңырап, үрке қарап қалды.
Әкем- ау мынау не айтады ? Жиылысы несі? Столды айнаның алдына неге қойдың ?
Ту, мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім, өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатысуға болмайды. Әжем менің қасыма келді. Шарасы қызғылтанып, жасаураған қызыл қоңыр көздері өңменімнен өтіп барады.
Айналайын, әжетай барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы .Тартыншақтағанына болмай әжемді шығарып жібердім де, есікті іліп алдым.

.....Құпия кеңес бір сағаттай уақытқа созылды. Ақырында төмендегідей тұжырмға кеп, бір ауыздан қаулы қабылданды.
ҚАУЛЫ.Қдыров Қожаның жеке бас тәртібіне байланысты мәселені талқылай кеп, құпия кеңес мынандай қаулы алады:
«БІРІНШІ. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетіп бітеді екен. Оған көзім әбден жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да алмай қоюы мүмкін. Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек.
Ол үшін: а) бұдан былай ешкімге тиіспей жайыма жүремін. Досым болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
ә) Осыдан былай ешқандай тәртіпсіз,тұрпайы сөзді аузыма алмаймын. Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрамын.
ЕКІНШІ. Әрбір тәртіпсіз қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:
а) егер біреуге тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.
ә) біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда қия басып шықпаймын, үйде отырамын. Яғни өзімді үйде қамаймын деген сөз.
в) егер біреудің лақ қозысы, тауық, қаза, иті біздің үйдің маңына жолап кетсе, ұрып қуалайтын жыным бар. Бұным да жарамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой. Ендігәрі бұндай қылықтарым қайталанса, жоғарғы тауық базаға демалмастан екі рет жүгіріп барып келемін.
ҮШІНШІ. Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасымбұдан былай үзіледі. Ол екеуміздің сертіміз бүгіннен былай үзіледі. Ол екеуміздің сертіміз бігіннен бастап күшін жояды.
ТӨРТІНШІ.Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушы қатарына қосылуым керек. Ол үшін:
А) сабақтан бір сағатта себепсіз қалмаймын.
ә) үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам.
БЕСІНШІ. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме - өзім есеп беріп, жақсы жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру мен үшін үлкен сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей, адам болатын басқа жолды іздеп табуым керек».
Қаулы бір ауыздан қабылданды.
Осы кезде ауыз үйден тысырлаған аяқ сыбысы, біреулердің сөздері естілді. Есікті тартқылап қаға бастады.
Қожатай, аша ғой, шыбыным.....
Түрегеліп барып, есікті аштым. әжем мен Әубәкір шал тұр. Көзқарастары бір түрлі үрейлі, жұмбақ.
Сен немене, жападан – жалғыз есікті іліп алып отырғаның ?

Жайша.... Сабақ оқып отырғаным ғой.
Қожатай, мына атаң тамырыңды ұстатшы, шыбыным, дейді әжем. Шошып қалдым.
Неге не болыпты ?!
Түнде ұйқысырап, сөйлеп шығып едің. Кім біледі.....
Мына атаң ұстап көрсін тамырыңды. Өңің де бір түрлі балбырап тұрған тәрізді.
Менеріксізден күліп жібердім.
Әй,әжем, мейрімді әжем, мені ауру ғой деп тұрмысыз.
Ауру түгіл дәнеңем де жоқ. Сап – саумын.
Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп, бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шығып кеттім.Шіркін бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр. Клуб жақтан гармонгь үні, балалардың шуылдап ойнаған дауыстары естіледі. Бойымда керемет бір жігер оты лапылдап, солай қарай бет алдымда. Ауылдың дәл іргесінде өзен жатыр жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние..... «Ұш ! Самға !» деп қолтығымнан қанат бітіретін арман нысанына қарай алып ұшатын тәрізді.
Лаула ! Лаула жігер оты ! Самға қиял құс!
Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.
Сұрақ:

Кейіпкер өз мүмкіндігін жүзеге асыру үшін алдына мақсат қойып , қалай жоспарлағанына назар аудару арқылы мысал келтіреңдер.
Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік бар ма ?
Қожаның өз мінез- құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті ?
Қожаның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер ?

Ескерту

3. Дәйексөз:

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары іздеген мәңгі сана

Өзіңді өзің танысаң істің басы

Түзеген өз ғаламын болған дана

Әл Машани

Сұрақ:

- Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді алдымен ұлдар дауыстап оқиды.

Сосын қыздар дауыстап оқиды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытындылаймын.

Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерге жазып алады.

Түйін:

Қорытынды: Адам өз бойындагы мүмкіндіктерін толық пай- даланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды әздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағым- ды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-езі тәрбиелейді.


4. Әңгімелеу

Ш. Әміралиев

Қазақ халқының этнограф ғалымы Шоқан Уөлиханов небөрі 27 жас қана өмір сүрсе де, артында өлместей із қал- дырды. Мүхтар Әуезов өзінің «Еңлік — Кебек» пьесасын 21 жасында жазса, әйгілі жауынгер-жазушы Бауыржан Момы- шүлы 30 жасында дивизияны басқарған. Ал Ғани Мүратба- ен 23 жасында Халықаралық Коммунистік жастар интернационалының Шығыс бөлімін басқарған.

Ең бастысы білімге қүштарлықпен өзіңді-әзің танып, да мытып еңбектену арқылы осындай жетістіктерге жетуге бо лады.

Сұрақтар:

  • Адамның мүмкіндіктері мен кабілеттерін дамытуына кандай касиеттер ыкпал етеді?

  • Адам мүмкіндіктерін ашудағы ерік-күштің мөні неде?

Қорытынды: Адам өз бойындагы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады.




  1. Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс:

Дәптермен жұмыс істеу. 1- тапсырманы орындау

Қорытынды: Адам өз бойындагы мүмкіндіктерін толық пай даланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді.

Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі.

Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады.

Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын ортаға салады.


  1. Топпен ән айту.

Асыл арман

Сөзі Б. Тәжібаевтікі ӘніЕ. Хасангалиевтікі

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлдебір алаулаган гүлімбісің?

Әлдебір желпіп өткен самал ма едің?

Арманым, айтарым көп саган менің.

Қайырмасы:

Асыл арман, асыл арман.

Көгімде шалқып үшқан қүсым ба едің?

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған қүсым ба едің,

Мен сенің қүдіретіңе, мен сенің

қүдіретіңе түсінбедім.

Арманым, қүздан қүлар бүлақпысың?

Әлдебір күлімдеген шырақпысың?

Әлдебір албыраган ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Қайырмасы.

Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып үшқан қүсым ба едің?

Бүл өмірде, бүл өмірде,

Мен жайқалған алау гүлмін,

Арманым, күнде сені, арманым күнде сені іздеп жүрмін.

Сұрақтар:

  • Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?

Қорытынды: Адам өз бойындагы дарындылық,еңбекқорлық қасиеттерін толық пайдаланғанда ғана алдына қойған мақсатына жете алады.


  1. Үй тапсырмасы .

Оқулықтың 16 бетіндегі бет №5 сабақтың Л.С.Рувинскийдің мәтінің талдау

Дәптермен жұмыс


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады.

Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық.

Рахмет! Сау болыңыздар




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее