«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тақырыбы: Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың жарқын жолы «Туған жер»бағдарламасы бойынша «Туған жерім-тірегім» атты мақал - мәтел сайысы.

Мақал - мәтел сайысы.

Тақырыбы: «Туған жерім- тірегім» Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту. Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру. Жоспары: 1 - тур. Мақал - мәтел тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері. 2 - тур. Мақал - мәтел табу. Тақырыбы: Еркін 3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін табу. 4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ басшысына сұрақ. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел сайысына қатысқалы отырсыздар. Сайыс 4 топтан құралған. «Құлыншақ», «Қарлығаш» және «Жұлдыз», «Күншуақ» топтарынан. Әр топта 3 баладан. Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін. Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ қайталамайды. Ал ойынды бастаймыз!

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Мақал - мәтел сайысы.


Тақырыбы: «Туған жерім- тірегім»
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту.
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру.
Жоспары:
1 - тур. Мақал - мәтел
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері.
2 - тур. Мақал - мәтел табу.
Тақырыбы: Еркін
3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін табу.
4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ басшысына сұрақ.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел сайысына қатысқалы отырсыздар. Сайыс 4 топтан құралған. «Құлыншақ», «Қарлығаш» және «Жұлдыз», «Күншуақ» топтарынан. Әр топта 3 баладан.
Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін.
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ қайталамайды.
Ал ойынды бастаймыз!

1 - тур.
Құлыншақ: Отан - елдің айнасы
Ел - ердің анасы.
Қарлығаш: Отан үшін күрес.
Ерге тиген үлес.
Жұлдыз: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Күншуақ: Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Құлыншақ :Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің.
Қарлығаш: Туған жердің ауасы да шипа.
Жұлдыз: Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Күншуақ: Орағың өткір болса,
Қолың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
Құлыншақ: Ел елдің бәрі жақсы.
Өз елің бәрінен де жақсы.
Қарлығаш: Ел іші алтын бесік.


Жүргізуші: Қандай керемет.
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн.
Сонымен 2 - турымызды бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық.

2 - тур. Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын табуларың қажет.
Құлыншақ: Бал тамған тілден, (у да тамады)
Қарлығаш: Білімсіз өмір, (сөнген көмір)
Жұлдыз: Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)
Күншуақ: Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін ал)
Құлыншақ: Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)
Қарлығаш: Еңбек адамның (екінші анасы)
Жұлдыз: Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің)
Күншуақ: Жас жемісті жұлма. (Жас баланы ұрма!)
Құлыншақ: Армансыз адам. (Алысқа бармас).
Қарлығаш: Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік артық.)
Жұлдыз: Көктен тіле, (Жерден өндір.)
Күншуақ: Талап қылмай, (мұратқа жетпес)
Құлыншақ: Есектің жүгі жеңіл болса, (Жатаған болады)
Қарлығаш: Білекті бірді жығар. (Білімді мыңды жығар.)

Жүргізуші: Ой керемет!
Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған.
Сонымен осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайық.
Бұл жерде сіздердің қазақ тілінде өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет. Ал, бастаймыз.

3 - тур.
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)
3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
7. Көз салды. (қарады)
8. Құлақ түрді. (тыңдады)
9. Тайға таңба басқандай.(анық)

Жүргізуші: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына, яғни тәрбиешілеріне беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!
Бір күні Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды, бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге береді.
Тапсырма: Ал, енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады.
Жүргізуші: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен
Жеңімпазымызды әділқазылар анықтағанша ән шырқалады.

Ән: «Отан» орындайтын: «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері.

Флешмоб биі: «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері.
Жүргізуші: сонымен балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды.
Көп - көп рахмет!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее