«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Тәулсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиынның сценарийі

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

І бөлім «Жас Ұлан» ұйымына жаңадан оқушы қабылдау салтанатты жиыны.

1-жүргізуші:Болашаққа жол бастайды Жас Ұлан!

Жарқылдайды жасындайын Ер ұлан!

Ізгілікті,парасаттыұлы елдің

Үміт артқан арда ұрпағы Жас Ұлан!


2-жүргізуші: Парызымыз – Ұлы Отанға адалдық,

Бойымызда ізгі ниет,балалық,

Бар балаға үлгі өнеге боламыз,

Біз-Жас Ұлан адалдықтан жаралдық!


Ұланбасы:

-Құрметті Жас Ұландықтар!

Салтанатты қабылдауға дайындықтары туралы рапорт тапсырылсын!


Тапсырушы Ұланбасы:

-Құрметті М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы! Мектептің 5 сыныптарының жас ұландары салтанатты қабылдауға қатысуға дайын.

Рапорт тапсырушы Райымберді Саят.

2-жүргізуші: Туған елім-Қазақстан,Отаным,

Елімді мен әркез мақтан тұтамын!

Бойға жиып,ұлағатын ұлы елдің,

Болашаққа сеніммен үн қатамын!


1-жүргізуші: Құрметті Жас Ұландар! Бүгінгі ерекше есте қалар салтанатты сәтті өздеріңмен бөлісуге мектебіміздің ардагер ұстаздарымен ата-аналар қатынасып отыр.


1-жүргізуші:Біз,Жас Ұлан-Отан Ана өрені,

Үміт артқан болашағы,ертеңі

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жақсартамыз өлкені!

2-жүргізуші:Құрметті Жас Ұландар, аға-буынның тәрбиесін өнеге тұтып,жақсы істер мен жаңа бастамаларды сіздермен бірге атқару мақсатында ұйым қатарына қосылуға бел шешкен тәуелсіз елдің жас өрендерін 5-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!


Ұланбасы:Біз Отанның Ұланы-

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!


Ұланбасы: Жас Ұлан, алға!

Келеміз алда!

Ойнаймыз, күлеміз,

Адалдықты сүйеміз!

Мына жарқын өмірде

Алға өрлей береміз!


«Жас Ұлан» ұйымы бізге не береді?

Балалар: Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,

Біріксек,бос кетпейді біздің уақыт!

Ұланбасы: Біз кімдерге қамқоршымыз?

-Мейірім күткен жандарға,

-Көмек күткен жан барма?!

Ұланбасы:Бізге бәрінен не қымбат?

-Бейбітшілік пен достық қымбат!

-Ұят пенен ар қымбат!

Ұланбасы:Бізді не біріктіреді?

Балалар:Отақ ой мен әсем ән!



ІІ -бөлім

«Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!»

1 – жүргізуші:
Мен қазақпын - мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2 - жүргізуші: Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құшағыма сыйдырам даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

1 - жүргізуші: Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
1991 жылы 16 - желтоқсанда еліміз тәуелсіздігін алды. Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!

1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

1 - жүргізуші: Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны» деп жазған екен.
«Қазақ қызы» биімен 5-сынып оқушыларын қарсы алайық.


2 - жүргізуші:
Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға
дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл - ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп - өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз.
Ортаға мектебіміздің көркем оқу шеберлерін шақырамыз.

Тәуелсіздік!

Ұқпасам нарқыңды анық,

Қабылдармын қашсам да «артын бағып»

Бергеніңнің қадірін кеш ұқтырмай,

Тек меңгерер ми берсін Алтын балық!


Независимость –это свобода,

Независимость –это как вдох.

С этим праздником я поздравляю тебя,

Пусть хранит тебя ангел и Бог!


People will forget what you sad.

People will forget what you sad

People will never forget

How made them feel.


Еркіндігім. Қасиеттім.Қастерлім

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң,

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, еркіндік, қош келдің.


Чтоб жилось тебе сладко, свободно,

Чтоб хотелось творить и любить

Независимость –сладкая штука

Ее нужно беречь и ценить.


Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,

Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.

Мерейі үстем мерекең болсын құтты,

Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.

1 - жүргізуші:
Бостандық! – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама батыр мерт болды.
Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы да бір зер салайық.

Көрініс «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді»
«Қуандықтың әні» Орындайтын Есенжанов Таушаңбай.


2 - жүргізуші:
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыздың арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Роза Әлқожаның «Атамекен» әнімен Асқарова Перизат.


1 - жүргізуші: Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Арқаның селі, желі, шөбі, белі -
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай дүниені дүр сілкіндірген, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Флешмоб «Алға Қазақстан»


1 - жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы – мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы - тәуелсіздіктің киесі.


Ән «Атамекен» Орындайтын Молдабаев Мұқан.

1 - жүргізуші: Тәуелсіз мемлекетіміз гүлденіп, жасай берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Қ. Р тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее