Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Бөлім: Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»
Тоқсан: I
Сынып: 10
Сабақ тақырыбы: Мамандық таңдау- болашақты таңдау
Оқу мақсаттары:
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;
10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу;
Сабақ мақсаттары:
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.
Публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазады.
Құндылықтар:
Баланың тұтас тұлға ретінде қалыптасуы.
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру, ұлтжанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
Мырзатаева А.Е.
Оқыту әдістері
«Біз өте жақсымыз» әдісі
«Ыстық орындық»әдісі
“ SWOT-талдау” әдісі
«Қате мәтін» әдісі
«Кейіпкер рөліне ену» әдісі
«Плюс, минус, қызықты» әдісі
Сабақтың тақырыбын ашу
-Егер сен Әліштің орнында болсаң, орыс жұмысшыларымен қалай тіл табысар едің?
-Бұл шығарма қазіргі замандағы жастар үшін қандай тәрбие береді деп ойлайсың?
-Теміржол құрылысы ауыл тұрғындарының өміріне қандай өзгеріс әкелді?
s://youtu.be/AwD-DXHCOGA?si=n5l1uFvDHIQVcMwo
ЦИФРЛЫ) Б№Л№М БЕРУ РЕСУРСТАР
Источник: OKULYK.KZ – электронные учебники Казахстан. https://share.google/tY2FsbXXGpoHiEeQQ
Саралау тәсілдері
1. Оқушыға қолдау көрсету арқылы саралау
- Орта деңгейлі оқушылар – сұрақтарға өз бетінше жауап береді, мысал келтіреді.
- Жоғары деңгейлі оқушылар – әдеби шығармадағы мәселені терең талдайды, өмірмен байланыстырып, өз ойын дәлелдейді .
2. Тапсырманың күрделілік деңгейі арқылы саралау
- 1-тапсырмада оқушылар мәтінді талдайды:
→ Кейбір оқушылар тек негізгі ойды анықтаса,
→ Басқалары мүмкіндіктер, әлсіз тұстар мен қауіп-қатерді нақтылап, терең талдайды .
3-тапсырмада «Менің болашақ мамандығым...» деген тақырыпқа шағын мақала жазып шығады.
→ Кейбір оқушылар қысқаша мақала жазса,
→ Жоғары дайындықтағы оқушылар стильдік талапқа сай, тілдік нормаларды сақтап, шығармашылық түрде жазады.
3.Нәтиже бойынша саралау
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындайды, бірақ бағалау әр оқушының даму деңгейіне қарай жүргізіледі. Оқушылар өз жетістігін «Алтын кілт», «Өзін-өзі бағалау», «Плюс, Минус, Қызықты» сияқты рефлексия құралдары арқылы бағалайды.
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Белсене қатысқын топқа «Алтын кілт» табысталады
«Өзін-өзі бағалау»
«Білім қазынасы»
3-тапсырма.«Менің болашақ мамандығым...» деген тақырыпқа шағын мақала жазып шығыңыз.
Дескриптор:
-Тақырыпқа сай болашақ мамандығын нақты көрсетеді;
түсіндіреді;
-Мамандыққа жету жолдарын сипаттайды;
-Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, орфография мен пунктуацияны сақтайды;
- Тілдік нормаларды және стилистикалық бірізділікті ұстанады.


