«Осенний фестиваль знаний 2024»

Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта» (өз сөзімен айту)

Балаларды Ы.Алтынсаринмен оның шығармашылығымен таныстыру. Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Ертегі мен әңгімені ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта» (өз сөзімен айту)

Мақсаты: балаларға авторды естеріне сақтап, әңгімесімен таныстыру.

Білімділік: оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шапан, мақта, бір уыс, мақтаның қиқымы, мамық.

Үш тілдік компонент: шапан-шапан-robe, мақтаның қиқымы- хлопок крошка-cotton crumb, мамық-пух-рooh.

Керекті құралдар: Ы.Алтынсаринның суреті. Әңгіме желісі бойынша суреттер, ойыншық торғай.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық -

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп.

Бас иеміз біз.

Қонаққа торғай ұшып келеді, амандасады.

Торғай ұшып келе жатып, жерден бір уыс мақта тауып алғанын айтады. Оның қайдан келгенін білмей таң-тамаша болғанын, бір уыс мақтаны алып ұясына салып қойғанын айтады.

Жұмбақ жасырады:

Үлпілдеген аппағым,

Өзім күтіп баптадым.

Күзде сыймай қапшыққа,

Айла-амал таппадым.

Үстел жағалай отырады

Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.



Торғайды қуана қарсы алады, амандасады.

Торғайды мұқият тыңдайды.









- Мақта.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

Бейне сурет көрсету.

Ы.Алтынсаринның суреті.  

Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим, ) 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген.

Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

- Біз сендермен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы –

Ы. Алтынсарин атамыз жазған әңгімесімен танысамыз.

Бүгін мен сендерге көптеген суреттер алып келдім.

- Мына суреттегі кім?

- Жерде нелер жатыр? - Бүгінгі сендердің танысатын


Суретке қарайды.

Әңгімені зейін қойып тыңдайды.













Суреттерге назар аударады.

- Қыз бала.

- Мақталар.










әңгімелерің де осы мақта мен қыз туралы. Біз торғайға бір уыс мақтаны қалай жерден тауып алғанын осы әңгіме арқылы айтып берейік.

Әңгіме «Бір уыс мақта» деп аталады.

Әңгімені оқып береді.

Мазмұны бойынша әңгіме:

- Қыз не істеп отыр еді?


- Шешесі не деп ақыл айтты?





- Қыз жердегі мақтаның қиқымын не істеді?

- Шешесі не деді?


- Терезеден не байқады?


- Мақтаны не алып кетті?

- Қыз шешесінен не деп сұрады?



- Шешесі не деді?





Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

Саусақ жаттығуы:

- Қанекей, қыз әкесінің шапанын қалай тікті, көрсетейікші.

- Құс қалай ұшып келді?

Сөздік жұмыс: шапан, мақта, бір уыс, мақтаның қиқымы, мамық.

Үштілдік компонент: шапан-шапан-robe, мақтаның қиқымы- хлопок крошка-cotton crumb, мамық-пух-рooh.

Жұмбақ:

Тап басында ағаш үй,

Терезесіз тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді.

Дидактикалық ойын: «Адам және табиғат»

Мақсаты: адамдардың неге қол жеткізгені туралы, табиғаттың адамға бергені туралы білімдерін бекіту.


Тыңдайды.







- Әкесінің шапанын жамап отыр еді.

- Балам, дүниедегі жаратылған

жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, - деді.

- Мақтаның қиқымын терезеден лақтырып жіберіп қарап тұрды.

- Балам, ол да жерде қалмайды-деді.

- Жел тұрып мақтаның қиқымын жел ұшырып әкетті.

- Кішкентай торғай алып кетті.

- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады?, - деп сұрады.

- Көрдің бе, балам, күн айналмай жанағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, -деді.


Қимылдарын келтіре отырып,сергиді.


Саусақ қимылымен көрсетеді:

Барлығы қайталап қимылмен көрсетеді.

Құс болып ұшып көрсетеді.

Сөздерді барлығы бірге қайталайды.

Сөздерді үштілде айтады.







- Торғай.



Адамдардың табиғатты пайдаланатынын оларды қорғайтынын айтады.

Рефлексивті – түзетушілік


Қорытынды

Сұрақтар қояды:

- Қонаққа не келді?

- Торғайға не туралы әңгіме айтып бердік?

- Бұл әңгімені кім жазған?

- Бұл әңгімеден нені үйренуге болады?



Торғай балаларға алғысын айтады.

Рефлексия:

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қызықты болса торғайға үлкен дәндерді берейік, қызықсыз болса кіші дәндерді берейік.



Сұрақтарға жауап береді:

- Қонаққа торғай келді.

- «Бір уыс мақта» туралы әңгімесін айтып бердік.

- Ы.Алтынсарин атамыз.

-Үлкенді тыңдауды, заттарды лақтырмай ұқыпты болуды үйренуге болады.



Торғайға үлкен дәндерді береді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: үлкендерді тыңдауды, заттарға ұқыпты қарауды.

Болу керек: есте сақтаулары, қызығушылықтары.

Істей білу керек: әңгімені мұқия тыңдауды,сұрақтарына толық жауап беруді.


































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее