«Осенний фестиваль знаний 2024»

Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Тәтті тоқаш»

Мақсаты:_ Байланыстырып сөйлеуге, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқылған әңгіменің мазмұнын меңгерту.

Міндеттері: Білімділік: Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқиғаны өмірмен байланыстыра айту дағдысын дамыту. Тәрбиелік: Ата-анаға, үлкендерге сыйластыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Әңгімелеп үйренеміз. А. Осеева «Тәтті тоқаш»

Мақсаты:_ Байланыстырып сөйлеуге, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқылған әңгіменің мазмұнын меңгерту.

Міндеттері: Білімділік: Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқиғаны өмірмен байланыстыра айту дағдысын дамыту. Тәрбиелік: Ата-анаға, үлкендерге сыйластыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: қуат, ас жүрген жерде.

Қостілдік компонент: Тоқаш-булочки, тәтті-сладкий, қуат-сила, ас-еда


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

«Амансың ба, алтын күн!» 01-«Г»-№3


Күз мезгілі туралы сұрақтар қояды:

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Күзде қандай ерекшеліктер болады?

-Күзде не піседі?

Бүгінгі біздің әңгімеміз нан туралы болатынын хабарлайды.


Бәрі біргеайтады.

Үстелді дөңгелене отырады.


Күз мезгілі

Күздің ерекшеліктерін атайды.

Жемістер, көкөністер, астық.

Ұйымдастыру–

іздестіру

Әңгімелесу

-Қазақ халқында «Ас жүрген жерде ауру жүрмейді» деген мақал бар. Ас адамға күш береді, қуат береді. Тамағы тоқ адамның көңілі көтеріңкі, жұмыс істегенде шаршамайды.

-Үйде сендерге тамақты кім істеп береді?


-Сендер көмектесесіңдер ме?


-Жарайсыңдар. Бүгін орыс халқының жазушысы А.Осееваның «Тәтті тоқаш» әңгімесін тыңдайтындарын айтады.


Әңгімелеу «Тәтті тоқаш».

«Мамасы тәрелкеге тәтті тоқаш салды. Әжесі кеселерді салдырлатып дастарханға қоя бастады. Вова мен Миша үстелге жайғасты.

-Бір-бірден бөл,-деді Миша. Балақайлар барлық тәтті тоқашты үстелге жайып, екіге бөлді. Миша көзімен үйілген бөліктерді өлшеп байқады.

-Бірдей етіп, әже бізге шай құйшы. Әжесі екеуіне шай құйды.Дастархан басында тыныштық. Тоқаш тез азаюда.

Қандай тәтті! Үгіліп тұр!-деді Миша.


Мұқият тыңдайды.





Тамақты үйде аналары істейтінін айтады.

Балалардың еркін жауабы.


Қызығушылық білдіреді.




Әңгімені тыныш отырып тыңдайды.

.













Мамасы мен әжесінде үн жоқ. Барлық тоқаш желініп болғанда Вова терең дем алып, қарнын сипап дастархан басынан тұрды. Миша тәтті тоқаштың соңғысын жеп мамасына қарады. Мамасы ішілмеген шайын қасықпен араластырып отыр. Ал, әжесіне қараса, ол кісі қара нанның сыртын шайнап отыр екен».

Сергіту сәті:




Сөздік жұмысы:

Тәтті-сладкиий, ас-еда, қуат – сила, тоқаш-булочки

Әңгіме желісі бойынша сұрақтар қояды:

-Әңгіме не туралы екен?



-Осы әңгіме туралы не айтасыңдар?




-Олардың іс-әрекеті дұрыс па?

-Дастарханда үлкен кісі отырғанда дәмді бірінші кім алу керек?

-Дұрыс, Вова мен Мишаға ұқсап дастарханға қол созу әдепсіздікке жатады. Ондай әрекет үлкенді сыйламаудың белгісі. «Атаңа не қылсың, алдыңа сол келеді» деген мақал бар. Сендер ата-аналарыңа не істесеңдер, кейін үлкейгенде сендерге балаларың соны істейді деген сөз.









Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Бәрі бірге, жеке-жеке қайталайды.



Вова мен Мишаның тәтті тоқашты қалай бөлісіп жегені туралы.


Екеуі тоқашты мамасы мен әжесіне қалдырма жеп қойды ( жауап әр-түрлі болуы мумкін)


Балалардың еркін жауабы.

Әжесі,анасы, әкесі.


Мұқият тыңдайды, мақалды жаттайды.


Рефлексивті-

түзетушілік


Қорытындылау:

-Бүгін не туралы оқыдық?

-Бұл әңгемеден не ұқтыңдар?


«Жүректен жүрекке» шеңбері

Жақсылыққа құмармыз» 01-«Ж»-№8

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!



Әңгемедегі балалардың қылықтыры теріс екенін, ата-аналарды сыйлау керектігін ұқты.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Оқиғанын мазмұнын, нан тағамдарын.

Болу керек: Оқиғаны өмірмен байланыстыру дағдылары.

Істей білу керек: Байланыстырып сөйлеуді, өз ойларын еркін айтуды, ата-ананы, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее