Кештің мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.
М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Кештің көрнекілігі:
М.Мақатаевтың суреті мен « Шұғыла арман» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.Слайд.
1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум,Қадірменді жыр сүйер қауым.
2-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Шұғыла арман» атты әдеби-жыр кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Видеоролик (өмірі)
1-жүргізуші
Келген қонақтарды әділ қазылармен таныстыру.
2-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.
Мәнерлеп оқу
1-жүргізуші
Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да басқасында білмеуің,
Бақытсыз –ақ ойнап күлгенің-дей келе, Мұхитқызы Альбинаның орындауында «Бақыт деген» әнімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға білім алушылар шығады)
1-жүргізуші: Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.
Ерімбетов Фахриддиннің орындауында «Сенің көзің»әнімен қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Мәнерлеп оқу
Сапарова Айнұрды «Айтатын саған сырым бұл»әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Жақындық сеземін-
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-
Деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.
Мәнерлеп оқу
Тәттімбек Аманжолды « » әнімен қарсы алыңыздар.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
/студенттер әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.
2-жүргізуші
Ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға арыз жазып, кеткенін білеміз. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдарына құлақ салайық.
Мәнерлеп оқу
2-жүргізуші
Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
Нұрақ Жайнаның орындауында «Ана сен бақыттысың» әнімен қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.
Әділ қазылар алқасына сөз береміз
2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!