«Зимний фестиваль знаний 2025»

Шуағын шашқан аялы алақан

Мектепалды даярлық тобының 8-наурызға арналған

«Шуағын шашқан аялы алақан» атты ертеңгілігінің сценарийі

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки












Мектепалды даярлық тобының 8-наурызға арналған

«Шуағын шашқан аялы алақан» атты ертеңгілігінің сценарийі









Тәрбиеші: Абылханова Б.М





















2018ж наурыз



Шуағын шашқан аялы алақан!

Вальс: Көктемгі вальс

Сәлеметсіздер ме, құрметті , ақ жаулықты әжелер, асыл Аналар, қызғалдақтай, қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар!Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!


Жүргізуші:

Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың, 


Айару

Аналар – ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім
Сенің арқаң мына өмірге келгенім.



Ислам:

Мерекеңіз құтты болсын анажаным,
Өзіңменен атып келеді әрбір таңым.
Өмірде сенен асқан жан бар ма екен,
Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.



Қасым:

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.



Қамар:

Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Анашымның еркелеткен сөзінен.
Еркем, күнім деп қана күліп жүрсең,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем.

Асқар:

Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.



Жүргізуші:

Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.


Ән:Әже

Жүргізуші:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.


Аружан:

Сеніміңді ақтайды,
Еркелеткен баламын.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы анашым


Арнұр:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.


Аяужан:

Біз ананың гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүреміз



Ануар:

Ана деген - асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан



Айзере:

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.







Жүргізуші:

Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз,

Би:Жүректен жүрекке

Жүргізуші:Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Жүргізуші: Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы АНАЛАР!

Қайсар:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

Інжу:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың


Расул:

Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ақ анашым әрқашан да бол аман!



Рамина: Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!




Жүргізуші:

Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.



Ән: Мама!

Бейне таспа: «Ана-бақыт, ана-гүл»



Жүргізуші:

Ұйытқысы жанұяның берекеміз,
Аналар құтты болсын мерекеңіз.

Ана туралы монолог: «Менің анашым» Хиуаз, Каусар, Еркенұр, Алия шығып кетеді)


Жүргізуші:

Вальс: Әкем-өмір тірегім" (Хиуаз, Каусар, Еркенұр, Алия)

(Бағдаулет, Нұрасыл, Нұрболат шығып кетеді)











Жүргізуші:

Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерің,




Сырым:

Шырылдап дүние есігін мен ашқанда
Қасымда болдың алғаш сен анашым.
Ақ сүтіңнен мен алғаш дәм татқанда
Мейіріммен жақсы көрген баласын.

Балауса:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып.



Жасұлан:

Жан көрмедім мейірімді сенен асқан,
Күлімдесе жүзінен арай шашқан.
Баласына бар қамқорлық жасайды ана,
Мен ананың сонысына мақтанам.

Бекнур:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!



Ән: Ақ мамам





Ата-анамен ойын: Айтса айта берсін.

1.8-наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2.Жарыңыздың осы мерекеге сыйлаған ең алғаш сыйлығы есіңізде ме?

3.8-наурыз мерекесі қайдан шықты?

4.8-наурыз мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап өтіліп келе жатыр?

5.8-наурыз мерекеде өз анаңызға қандай сыйлық жасар едіңіз?



Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналар, аяулы әжелер, мейрамдарыңыз құтты болсын!Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет!
(балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)

                 








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее