«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Шешеннің тілі - шебердің бізі."

  • Армысыздар,қымбатты ұстаздар,құрметті оқушылар!

Баршаңызды бүгінгі 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймын! «Туған тіл зәмзәм бұлақ» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Жүргізуші:

Мемлекеттік тіл қазақ тілі ұлтымыздың ұлт болып сақталуын,дамуының алтын тірегі мен халықтық белгінің басты шарты екені белгілі.Қазақстан Республикасының Конституциясы Ата Заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп айқын көрсетілген.

  • Бәріміз бірге бейнебаянды тамашалайық!
Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Шебердің бізі - шешеннің сөзі ...» 
Мақсаты:

Оқушыларды қазақ елін,қазақ тілін қастерлеуге,ой-өрісін кеңейтуге,шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызы туралы түсіндіре отырып,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге баулу.

Көрнекілігі: суреттер, бейнебаян, нақыл сөздер, шарлар,гүлдер, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.

Іс-шараның жүру барысы:


Жүргізуші:

  • Армысыздар,қымбатты ұстаздар,құрметті оқушылар!

Баршаңызды бүгінгі 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймын! «Туған тіл зәмзәм бұлақ» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Жүргізуші:

Мемлекеттік тіл қазақ тілі ұлтымыздың ұлт болып сақталуын,дамуының алтын тірегі мен халықтық белгінің басты шарты екені белгілі.Қазақстан Республикасының Конституциясы Ата Заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп айқын көрсетілген.

  • Бәріміз бірге бейнебаянды тамашалайық!

Бейнебаян «Ана тілім»

Жүргізуші:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төл тіліміз туралы «Дауға салса алмастай қиған,сезімге салса қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған,өмірдің кез-келген орайында әрі қару болған,әрі байырғы әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тіліміз»деп елжандылық танытады.Бәріміз осы ұлағатты сөзді жадымызда түйіп,мемлекеттік тіліміздің қорғаушысы,өзге тілдердің қолдаушысы болуды ұмытпайық. Қай тіл көп тараған? Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде,біреулер ағылшын тілі десе,енді біреулер қытай тілі деп жауап береді.Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс?Бірінші орынды,сөз жоқ,ағылшын тілі болып табылады.Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ,ағылшын тілі екінші орында тұрады.Сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екен.Бұл тілде- 844млн адам сөйлейді.Ағылшын тілінде-434 млн,үнді тілінде-338 млн, испан тілінде-331 млн адам сөйлейді.
Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап,олардың мәнін түсіне бастады.


Ия,бір данышпан:
Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем- деген екен.

Ортаға 5 - сынып оқушылары (5- сынып оқушылары өз өлеңдерін оқиды)


Жүргізуші:

Қазақ халқы тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.Атақты билер мен шешендер,ақындар мен жыраулар дау шешіп,айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет.Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. 
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл –
қазақ ұлтының рухани,мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. 

Ортаға 6 –сынып оқушыларын шақырымыз. Жанқуатқызы Ж, Махан А, Аманова А

Ең жақсы бала – ана тілін құрметтеген ұл мен қыз.Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды,қайта сені адамгершілікке,шын патриот болуға жетелейді.Өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер – сол ана тілің.

Ән. «Туған жер» Хамидолла Айым

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз.Өз ата-мекенімізде жүргендіктен өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз.Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп,кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсырайық,құрбылар. 

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О,адамдар,қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң,сыйлап өтіңдер.



Ортаға 7- сынып оқушысы Бауединұлы Айбек
Қуан,далам,
Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы 
Заңым енді күшіне,
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.

Презентация «Қазақ тілінің негізін қалаушылар»

Ана тілім – бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы,
Алақаны мейірімді ананың,
Ұстазымның жарқын жүзі жайдары.
Ана тілім – тасталмайтын «Әліппем»
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы
Достасамын басқа барлық халықпен.

Ортаға 8 – сынып оқушылары

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең-жырмен арайланса таң күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан,Қасым,Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік!

Алдарыңызға 9 – сынып оқушыларын шақырамыз.



Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамызды сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім бағалай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.

(10 – сынып оқушысы шығады)

Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар,

Бүгінгі іс-шарамыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын:


Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз













































М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп













Тақырыбы:

«Шебердің бізі – шешеннің сөзі...»







Өткізген: Мухитова Д.А.





















2017 жыл



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее