Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Сурет салу, Қоршаған ортамен танысу, М.Монтессори элементтері.
Тақырыбы: «Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды саусақ ойындарын ойната отырып, өз-өзіне қызмет етуге үйрету.
Дамытушылығы: Саусақ қимылдарымен қолдың ұсақ моторикасы арқылы ойлау қабілеттерін және жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру, өз-өзіне қызмет көрсетуді дамыту. Сергіту сәтін жүргізу арқылы қимыл-қозғалыстарын молайта түсу.
Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге жәнеүлкендерге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.
Көрнекі құралдар:саусақ ойын құралдары,поезд сұлбасы, сумен ойынның құралдары, гуашь, мақта таяқшалары.
Жаңа технология: Денсаулық сақтау технологиясы бойынша өзін-өзі уқалау, сергіту сәті, саусақ ойындары, М.Монтессори технологиясы бойынша сумен ойын, ӨТШТ /ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшасымен сурет салу.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз көңілді өту үшін қайырымды достарымызды ұйқысынан оятайық.
Өзін-өзі уқалау жаттығуын орындату.
- Сәлеметсіз бе, көзім!
- Ояндың ба?
- Сәлеметсіз бе, құлағым!
- Ояндың ба?
- Сәлеметсіз бе, қолым!
- Ояндың ба?
- Сәлеметсіз бе, аяғым!
- Ояндың ба?
- Сәлеметсіз бе, Алтын күн!
- Ояндың ба?
- Біз ояндық.
/Балалар өлең мазмұнына сәйкес өздерінің көзін, құлағын, қолын, аяғын уқалайды/
Тосын сәт: Есік қағылады.
Тәрбиеші:Балалар, бізге хат келді. Кімнен хат келгенін білгілеріңіз келе ме?
Балалар:Иә, білгіміз келеді.
/ «Маша мен аю» мультфильмінің әуенін тыңдату/
Тәрбиеші:Балалар, өздеріңнің сүйікті кейіпкерлеріңіз Машадан ашық хат келген екен. Мен хатты оқиын.
/Балалар қызығушылық танытады/
-Сәлеметсіңдер ме, «Балдырған» бөбекжайының бүлдіршіндері. Мен сендерді бүгін ормандағы үйіме қонаққа шақырамын.Сендерге айтар көп жаңалығым бар.Келіңіздер асыға күтемін!
Сәлеммен Маша!
/Балалар Машаның ашық хатын тыныштықпен тыңдайды/
Тәрбиеші:- Балалар,сендергеқоярбіршартым бар.Алдымен жұмбақ жасырамын.Егер жұмбақты шешсеңдер сендерді Машаға апарамын.
Жұмбақ:
Бір-біріне үйлер тіркесіп,
Жүреді олар бірлесіп.
Балалар:Пойыз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Олай болса балалар,бәріміз пойызбен орманға саяхат жасап,Машаға қонаққа барамыз.Міне, балалар, пойызымыз да келіп тұр. Пойызға отыру үшін билет алуымыз керек.
Дидактикалық ойын: «Өз ойыншығыңды тап»
Ойын шарты:Балалардың қолына әртүрлі ойыншықтардың суретін тарату.Қолдарындағы ойыншықтар бойынша пойызға отыруды ұсыну.
Балалар суреттегі ойыншық бойынша өз вагондарына отырады. Балалар пойызға отырып, әндерін орындап,орманға келеді.
/«Ғажайыпстанға саяхат» мультфильмін көрсету/
Балалар орман ішімен келе жатып,жолда кірпіні кездестіреді.
Кірпі: Сәлеметсіңдерме,балалар!
Тәрбиеші: Сен неге көңілсізсің?
Кірпі: Маған балалардың көмегі қажет болып тұр.Мен мына ағаштағы алманы ала алмай тұрмын.Себебі менің тікендерім жерге түсіп қалды.
Тәрбиеші: Балалар, олай болса бәріміз кірпіге ағаштағы алманы алып беруге көмектесейік.
Ең алдымен кірпінің тікендерін қадап берейік.
Қыстырғышпен ойын: «Кірпіге көмектесейік»
Балалар кірпінің түстеріне қарай тікендерін (қыстырғыштарды) қадайды.
/Балалардан кірпінің қанша тікенін жинағанын сұрау/
Содан кейін ағаштағы алманы алып береді.Кірпі балаларға алғысын білдіреді.
Тәрбиеші: Міне, ормандағы Машаның үйіне келіп жеттік.
Маша балалардың келгеніне қатты қуанады.
Тәрбиеші:Маша, сәлеметсіңбе,біздің балаларымыз өзіңе жеткенше асық болды.Маша, біздің балаларға қандай жаңалығың бар? Аю ағаң көрінбейдіғой.
Маша:Аю ағам күн салқындаған соң көп ұйықтайтын болып жүр.Сондықтанда ішім пысқан соң сендерді шақырдым. Аю ағамның дайындаған ойындарын бәріміз ойнайық.
Тәрбиеші:Қандай керемет!Ойын бөлмесінде көптеген ойыншықтар бар екен.
Балалар ойыншықтарға қызыға қарайды.
Маша:Бұл ойыншықтар біздің саусақтарымызды жаттықтыруға көмектеседі.Кәне,ойын ойнайық.
Тәрбиеші: Машаның Аю ағасы бізге сумен ойналатын ойындар дайындап қойыпты. Ең алдымен біз Машаға су туралы білімімізді көрсетейік.
Тәрбиеші:Судың қасиеті қандай?
Балалар:Су – түссіз, иіссіз, дәмсіз.
Тәрбиеші:Су бізге не үшін керек?
Балалар:Суды ішеміз, беті-қолымызды жуамыз.
Маша балаларды төрт топқа бөледі.
I – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа губка арқылы құю;
II – топ:Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа медициналық шприц арқылы құю;
III – топ:Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа медициналық груша арқылы құю;
IV – топ:Су құйылған ыдыстағы түрлі түсті қақпақтарды шелектердің түстеріне қарай жинау.
I – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа губка арқылы құю;
Ыдыстағы суға губканы салады, губканы келесі ыдысқа қолымен сығады. Су таусылғанша орындайды.
II – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа шприц арқылы құю;
Ыдыстағы суға шприцтің құтысын салып суды жинап алады да, оны келесі ыдысқа құяды. Су таусылғанша орындайды.
III – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа медициналық груша арқылы құю;
Ыдыстағы суға медициналық грушаны салып суды жинап алады да, оны келесі ыдысқа құяды. Су таусылғанша орындайды.
IV – топ: Су құйылған ыдыстағы түрлі түсті қақпақтарды шелектердің түстеріне қарай жинау.
Судағы қақпақтарды шелектердің түстеріне қарай жинап алады.
Тәрбиеші:Маша, осы сенің Аю ағаң ұйықтап жатыр деп едіңғой.Олай болса менің балаларым аюды оятсын.Балалар аю ағасын да көргісі келіп тұр.
Сергіту сәті:
Аю,аю тұршы,
Бетіңді жушы,
/Теледидар арқылы қимыл-қозғалыс жасату/
Аю: Сәлеметсіңдер ме! Балаларым келіп қапты ғой.
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аю аға!
Тәрбиеші: Аю аға, балалар сіздің дайындаған ойындарыңызды Машамен бірге ойнап қызықтады. Ойын өте көңілді болды.
Аю: Балалар, сендер сурет сала аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Аю аға, біздің балалар ӨТШТ /ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшаларымен сурет салып, сізге сыйға тарту етеді.
/Балалар қағаздағы суреттерді мақта таяқшаларын гуашьқа батыру арқылы бояйды/
/Маша мен Аю аға балаларға көмектеседі/
Аю: Менің балаларым, суретші екен ғой. Сыйлықтарыңызға рахмет!
Тәрбиеші: Аю аға, Маша, біздің бөбекжайға қайтатын уақытымыз таяп қалды.
Аю аға, Маша: Сау болыңыздар, балалар!
Балалар:Сау болыңыздар!
Пойызға отырғаннан кейін ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою.
Тәрбиеші:Қайда саяхатқа бардық?
Балалар:Орманға саяхат жасадық. Машаның үйіне қонаққа бардық.
Тәрбиеші:Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерге не ұнады?
Балалар:Кірпіге көмектесіп, тікендерін қадаған ұнады.
Балалар:Сумен ойнайтын ойындар ұнады.
Балалар:Мақта таяқшасымен сурет салған ұнады.
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Мен сендерге Маша мен аю ағаларыңның суреттерін беремін.