«Зимний фестиваль знаний 2025»

Праздичный утренник

праздничный утренник для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«Жыл басы-Наурыз!»

Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдермен келеді.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Жыл басы –Наурыз!» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Келе жатыр жылымыз.

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

-дей отырып, алғы құттықтау сөзді, «Балауса» балабақша меңгерушісі Торланбаева Надира Ағабекқызына береміз.

Тәрбиеші: «Уа, жараңдар, жараңдар. Бәрің бері қараңдар! Наурыз думан басталды» -дей отырып балалардың тақпақтарына берейік.

Темірлан: Армысыңдар, халайық

Әр кез аман болайық

Наурыз шаттық қуаныш

Жылды қарсы алайық.

Мадина: Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән салайық бәріміз

Би билейік бәріміз.

Мерей: Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Думандатып бақшамды

Наурыз тойын тойлайық.



Айша: Бәйшешек гүл ашады

Мұздар сайға қашады

Суға толып өзен, көл

Кешерінен асады

Қуаныш: Ойнаймыз шаттана

Ішеміз күнде айран

Балаға, қартқа да

Ортақ қой бұл мейрам.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, әріптестер ұл-қыздарымыздың орындауында хор «Көктем келді»

Тосын сәт: Залға Қызыр ата келіп балалармен сәлемдеседі.

Қызыр ата: Ассалаумағалейкум ағайын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

«Наурыз құтты болсын!»

«Жыл басы –Наурыз елімізге құт әкелсін!»

«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»

Тәрбиеші: Келіңіз ата төрге шығып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Қызыр ата: Жарайды! Қане тамашаласақ тамашалайық.

Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің орындауында өлең жолдарын тамашалайық.

Асыл: Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың

Қуанышты халықтың

Құтты болсын қадамың.

Диана: Әжем наурыз көжеге

Неше түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы

Шерхан: Көктем келді, Наурыз келді

Жер көгерді, ел көгерді

Дастарқанын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан.

Алина: Бақша бұлбұл сайраған

Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлмен жайнаған.

Б.Темірлан: Қарды ерітіп жылғасы

Наурыз келді-жыл басы

Шуақ төкші жарық күн

Мейрамында халықтың.

Гүлім: Көктем келді, құс келді

Күн ұзын, түн қысқа енді

Көктем келді, су ақты

Күннің көзі шуақты.

Тәрбиеші: Наурыз тойын жуы жазбай Қошеметпен қарсы алайық. Досқа құшақ ашайық. Өлең жырға басайық - дей отырып қыздарымыздың орындауында «Қолшатыр» биіне берейік. Орындаушылар: Мерей, Арайлым, Аруна, Гүлім, Мадина, Айша, Ақерке.

Тәрбиешілер: Ұл-қыздарымыздың Наурыз мерекесіне арналған өлең жолдары.

Аруна: Наурыз тойы-береке

Наурыз тойы жыр, аңыз

Қызықты дулы мереке

Қызық думан құрамыз.



С.Бағдаулет: Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Мейірім: Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

Ж.Бақдаулаулет: Наурыз тойы-елдің тойы

Көктем тойы-төлдің тойы

Әжеме еріп , Құланымды

Араладым күні бойы

Сымбат: Наурыз-наурыз сәніміз

Наурыз біздің әніміз

Наурыз тойда күліп ойнап

Шат көңілмен шырқаймыз.

Бекнұр: Оң болсын деп ұлысың

Төс түйісіп көрісер

Көжедегі ырыспен

Көпшілікпен бөліскен.

Тосын сәт: Залға әжелер келеді. Олар балалармен сәлемдеседі.

Әжелер: Балалар мерекелерің құтты болсын! Өнерлерің өрге домаласын. Ұлыс күні кәрі-жас Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай Жамырысып көріскен. Ұлыс күні қареріп, сай-салалар гүрілдер. Көк шөбі шығып желкілдеп, Дүние біткен күлімдер.

Біз сендерге құры қол келгеніміз жоқ. Құрбым екеуміз немеремізді бесікке салу үшін алып келдік. Сендерге «Бесікке салу» дәстүрін көрсеткілі келдік.

Тәрбиеші: Бауырласқан тәнтіміз, Бұзылмаған салтымыз. Өзге ұлттай біздің де бар дәстүр менен салтымыз,-дей отырып келесі кезекті «Бесікке салу» дәстүріне береміз.

Тәрбиеші: Шыға келді сыланып сылаң келер, Қияңдағы қиылды қыранға ерлер – дей отырып ұлдардың орындауында «Шабандоздар» биіне берейік.

Тәрбиеші: Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.Қайта оралған намысымдай Наурызым, жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым! Балалардың орындауында тақпақтар.



Арайлым: Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!

Қызығыңа тоймаған

Дархан дала қарлы шың.

Алижан: Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады

Айшанұр: Күн тізбенің парағын

Бүгін алып қарадым

Мерекелі күн келші

Жыртпаймын мен бұл бетті.

Алихан: Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды.



Ақерке: Наурыз тойы – береке

Наурыз тойы жыр, аңыз

Қызық дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Бегайым: Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Наурыз келді тамаша

Ән айтайық таласа.

Тәрбиеші: Жақындатып өткенге , кетгенге енді, Көктем келді балбырап, көктем келді.Суық сорған жанымы шуақ құйған, осы еді ғой күткенім көптен бері, - дей отырып ортаға бүлдіршіндерімізді «Балапан» әніне шақырамыз. Орындаушылар: Ақерке, Сымбат, Алихан, А.Темірлан.

Тәрбиеші: «Көк өссе жердің көркі»-Қыз өссе елдің көркі» демекші қыздарымыздың орындауында «Қазақ» биін тамашалаңыздар. Орындаушылар: Диана, Нұрай, Багайым, Мейірім, Айшанұр, Сымбат.

Тәрбиеші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік, қадіріңді білдік те, Құтты болсын , ұлыс күні жұмылдыр бәрімізді ынтымақ пен Бірлікке! –дей отырып балалардың орындауында хор «Наурыз»

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.Қызыр ата батасын береді.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріңіз сау, мықты болсын

Наурыз тойы келе берсін

Барлық халық бақытты болсын.

Қош, сау болыңыздар, халайық!

Көріскенше күн жарық болсын!

Назарларыңызға рахмет! Ата-аналарға сөз.

Келісемін Бекітемін

Әдіскер: Дарханбаева М.Ш Меңгеруші: Торланбаева Н.А.

------------------ -----------------









«Жыл басы –Наурыз!»

«Балбөбек» орта тобы









Тәрбиеші: Байгаспакова Ж.А.












2016-2017 оқу жылы















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее