«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Практикалық жұмыс:Электр тізбегіне есептер шығару».

Электр тогының жұмысын, қуатын есептей алуы.Тізбектерді құрастыру және олардың схемаларын салу, формуласын, заңын тұжырымдау, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки



Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ












Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:


«Практикалық жұмыс:Электр тізбегіне есептер шығару».


Сынып: 8 «М2»









Физика пәні мұғалімі: Б.С. Калиева






2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы

Практикалық жұмыс:Электр тізбегіне есептер шығару

Дереккөздері

Тақырыбы бойынша суреттер, интерактивті тақта, бейнематериалдар, электрондық көрсетілімдер,эксперименттер,электр тізбектері

Жалпы мақсат

Электр тогының жұмысын, қуатын есептей алуы.Тізбектерді құрастыру және олардың схемаларын салу, формуласын, заңын тұжырымдау, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру

Оқыту нәтижесі

  • Оқушы физикалық заңдылықтарды тәжірибе жүзінде зерттей алады.

  • Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.

  • Өз пікірлерін қорғайды, көзқарасын білдіреді.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастырып, оқушылар өз бетінше жұмыс жасайды, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, икемін, білім- білік дағдыларын дамытады.

Тапсырмалар

  1. Жеке жұмыс.

  2. Жұптық жұмыс.

  3. Топтық жұмыс

Қорытынды

Мұғалімнің сабақты қорытындылауы

Мұғалім жазбасы

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

уақыт

құрал- жабдықтар

Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу, журнал бойынша тексеру.

2.Сабақтың міндеттерімен таныстыру.

3.Сынып

оқушыларын топқа бөліп отырғызу.

1 топ: Ток күші

2 топ: Жұмыс

3 топ: Қуат

4 топ: Кедергі






Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлайды.









2 мин


















Негізгі бөлім

Үй тапсырмасын сұрау.

1.1 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тексеру.

1.2. Эксперименттік тапсырмалары мен видеороликтерін талдау



1.Топ мүшелеріне арнайы берілген тапсырмалары:

1.Өз үйлеріндегі бір күндік,бір айлық электр энергиясының шығынын есептеу

2.Оралхан Бөкей атындағы лицейдің бір күндік және бір айлық электр энергиясын есептеу.

3.Адам өміріндегі электр тогының маңыздылығы (видеоролик)

4.Электр энергиясының ішкі энергияға айналу жолдары.



5 мин










Тақырыбы бойынша эксперименттер.

Видеокөрсетілімдер






































Эксперименттік жұмыстар.

I.Әр топқа тапсырма «Мозайка» ойыны

1 .Өткізгіштерді тізбектей жалғау

2 .Өткізгіштерді параллель жалғау

3. Электр тогының жұмысы

4 .Электр аспаптарының қуаты


II. Құрал-жабдықтармен эксперименттік есептеу

1 топ Электр тогының жұмысын есептеу

2 топ Электр тогының қуатын есептеу

3 топ Берілген құралдың кедергісін есептеу

4 топқа тапсырма:

Тізбектей жалғауды зерделеу


III Тізбектермен жұмыс

1.Құрылған тізбектің схемасын салу

2.Берілген құралдар арқылы тізбек құрау.

3.Берілген тізбектің схемасын салу.

4.Берілген құралдар арқылы тізбек құрастыру.


Әр топтан екі оқушы шығып, екі тілде баяндау













Әр топтан бір-бір оқушының түсіндірмесі















5мин















10мин
















3мин





Оқулық






















Орысша- ағылшынша сөздік.


Бекіту

«Кім шапшаң?»

Әр топқа екі есептен беріледі.Тақтада талдау.


















ЭКСПО ағылшын


1 топ.

1) Электр қозғалтқышы арқылы массасы 100 кг жүкті 3 м биіктікке 10 с ішінде көтерген.380 В. Кернеуге арналған қозғалтқыштың ПӘК-і 90% болса,ондағы ток күші неге тең?

2) Шеберханадағы электр сымдарына әрқайсысының кедергісі 120 Ом-ға тең 5 шам параллель жалғанған.Осы тізбектегі кернеу 220 В болса, онда бүкіл сым бойынан өтетін токтың күшін анықтаңдар.

2 топ.

1) П.Ә.К.-і 80% -ке тең желдеткіштің электрқозғалтқышы 10 мин ішінде қанша жұмыс атқарады? Желідегі кернеу 220 В.Электрқозғалтқыштың ток күші 12 А.

2) Суреттегі параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген.Кедергісі R1= 44 Ом өткізгіш арқылы I1 = 5 А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.

3 топ.

1) Электр шамында 220 В, 60 Вт деп жазылған.Ток 8 сағ. Ішінде қанша жұмыс жасайды.Шамдағы ток күші неге тең? Оның кедергісі қандай?

2) Параллель жалғанған бірдей төрт шамның жалпы кедергісі 75 Ом.Бір шамның кедергісі неге тең?

4 топ.

1) Кернеу 220 В, ток күші 5 а желіге жалғанған.Электрқыздырғыш 30 мин. Жұмыс істегенде,қанша электр энергиясы шығын болды?

2) Тізбек кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын параллель жалғанған өткізгіштерден тұрады.Оның жалпы кедергісін тап?


10 мин




















2 мин


Қорытынды


Логикалық тапсырмалар


1. Сымда отырған торғайды неге ток соқпайды?

2.Қыздыру шамының қыл сымы неден жасалған?

3.Қыздыру құралдарындағы қыздыру элементі қандай материалдардан жасалған?

4 мин


Рефлексия Кері байланыс Бағалау

Топ жетекшіге нұсқау және уақыт беру

«Бес саусақ» әдісі

Топ жетекшілері оқушылардың барлық баллдарын жинақтап жалпы бағасын шығарады

3мин

Бағалау парағы Формативті және суммативті бағалау

СТО

Үй тапсырмасы

Жеке әр оқушыға тапсырма

А тобының № 655 есебі

Б тобының № 666 есебі

С тобының № 586 есебі

1 мин




Сабақ кезеңдерінен көрініс:






































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее