«Зимний фестиваль знаний 2025»

Поурочный план : "Табиғатты бақылау"

Осы тақырып бойынша сабақ жоспары қажет болса,пайдалануға болады.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Технологиялық карта


Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Мен табиғатты бақылай аламын ба?
Мақсаты: Бізді қоршаған табиғатты қалай бықылауды түсіндіру. Балаларға табиғат біздің тіршілік ортамыз екенін,қайталанбас құбылыс түрі туралы білімдерін жетілдіру. Табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Табиғат суреттері
Сөздік жұмыс: Табиғат, жасыл әлем,тау,тас,су,тұман,құм,жаңбыр,жел.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.

Оқу іс – әрекеті кезеңдері

Тірбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберіне тұрғызып балларды,бір – бірлерін тілектер айтқызу.

Балала бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді

Негізгі бөлім



Әңгімелеу




Түсіндіру






Сергіту сәті







Дәптермен жұмыс

-Балалар ,біздер қызықты да,қыр сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз.

Айналаға қарасаң,бізді көптеген заттардың қошап жатқанын білеміз,оларға жер мен су

Ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан жатады.Оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

Табиғат жанды табиғат және жансыз табиғат болып екі топқа бөлінеді.

Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануарлар жатады.Ал бұл бөлігі тыныс алады,өседі, қоректенеді, көбейеді.

Жансыз табиғатқа тау, тас, ауа, су, ғаламшар жатады.Табиғаттың бұл бөлігі азықты да, киімді де қажет етпейді.

Сергіту сәтін өткізу.

Көлдің беті кілегей,

Жер сап- сары бірегей.

Тыру-тыру тырналар

Түстікке бетті бұрды олар.

Қары суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.

Әліппе дәптермен жұмыс жүргізу.

1.Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Жанды және жансыз табиғат бөліктерін ата.

2.Торғайдың тіршілігі не үшін қажет?Белгіле.

3. Жанды табиғатқа жататын табиғаттың бір бөлігінің суретін сал. Сол табиғат бөлігінің тіршілігі туралы не білесің? Әңгімелеу.



Балалар табиғат жайлы суреттен түсінігі жайлы айтады


Балалар үлестірмелі суреттерді бояйды






Өлең жолдарын пайдаланып,сергіту жаттығуларын орындайды





Әліппе дәптердегі тапсырманы орындайды

Қорытындылау.


Сұрақ-жауап

Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар.

1.Табиғатқа нелер жатады атаңдар?

2.Табиғат құбылыстарын ата?

3.Табиғат несімен әдемі?

4.Бүгінгі сабағымыз несімен сендерге ұнады?

5.Әліппе дәптер шетіне өзіңнің тапсырманы қалай орындағаныңды өзің бағала.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір – бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:
Білді: Табиғатқа нелер жататынын біледі.
Игерді: Табиғат құбылыстарының өзгеруін игереді.
Меңгерді: Табиғатты бір – бірімен ажыратып, меңгереді.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее