«Зимний фестиваль знаний 2025»

Өзін-өзі тану әлеміне қонаққа шақырады

Өзін -өзі тану әлеміне саяхатқа барамыз, балаларға өте қызықты, тартымды

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки




Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану әлемі бізді қонаққа шақырады»

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту. Жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері:

Педагог балаларды шеңберге жинап, шаттық шеңбері туралы әңгімелеседі.

-Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын!

-Қане балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!

-Армысың шапағатты күніміз!

-Армысың мейірімді жеріміз!

-Армысың Табиғат-Анамыз!

-Әдеппен бас иер баламыз!

-Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,

-Қош келдіңіз, біздің балабақшаға!

Педагог:

-Жарайды, балалар орнымызға жайғаса қояйық.

Әңгімелеу:

-Балалар, Өзін-өзі тану әлемі бізге не туралы үйретеді?

Балалар:

-Мейірімділікті, ізгілікті, жақсылықты үйретеді.

Педагог:

-Дұрыс айтасыңдар балалар, ал біз жақсылық туралы, әдептілік туралы тақпақтар білеміз бе?

Қане, кім айтады?


1-бала:

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді-өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.


2-бала:

Өзін-өзі танудан,

Жақсылықты үйрендік.

Жамандықтан жирендік,

Ерекше бір күйге ендік.


3-бала:

Үлкенді кім сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де!


Педагог:

-Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы, ал енді біз назарымызды экранға аударып, мұқият қарайық.

/Экраннан «Біздің отбасы» тақырыбында бейнебаян көрсетіледі/

Әңгімелесу:

-Балалар, бейнебаянда кім туралы көрсетілген?

-Баланың қылығы дұрыс па? Сіздер оның орнында болсаңыз, не істер едіңіз?

/Балалар жауабы тыңдалады/

-Балалар, ал енді ойын ойнағыларыңыз келе ме?

Ойын: «Жақсы мен жаман»

Шарты: Берілген суреттердің ішінен жақсы әрекеттерді бір бағанға, жаман әдеттерді екінші бағанға жинау.

Педагог:

Жақсы, сендер енді жақсы, жаман әдеттерді айыра алатын боласыздар. Енді орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған!

Педагог:

-Енді орнымызға отырып, алдымызға берілген нәрселермен жұмыстанамыз.

Шығармашылық жұмыс:

-Балалар, мынау ненің суреті?

Балалар:

-Жүрек

Педагог:

Дұрыс айтасыңдар, жүрек. Ал жүрек біздің денеміздің қай жағында орналасқан?

Балалар:

-Сол жағында

Педагог:

-Иә, балалар жүрек біздің сол жақ көкірегіміздің төменгі жағында орналасқан. Біздің бүкіл денеміздің жұмыс жасап тұруы осы жүрегімізге байланысты. Жүрек қан айналым қызметін атқарады. Ол сағаттың тықылындай тырс-тырс етіп соғады. Егер біздің жүрек соғуымыз тоқтаса, біздің бүкіл денеміз жұмыс істеуін тоқтатады. Қазір біз алдымыздағы түрлі-түсті жұмсақ қағаздан жүрек қиямыз. Ол жүректерді біз тілек ағашына жапсырамыз. Тек жапсырып қана қоймай, достарымызға тілек айтамыз.

Балалар:

- Күніңіз сәтті өтсін!

-Мен сендерге жақсылық тілеймін!

-Мен сендерге бақыт тілеймін!

Педагог:

-Тілектеріңіз қабыл болсын, балалар. Енді саусақтарымыз шаршаған болар, кішкене жаттығу жасап жіберейік.

Саусақ жаттығуы: «Салат»

-Балалар, саусақтарымызға жаттығу жасайық. Алдымен сәбіздің сыртын тазалаймыз, оны үккіштен өткіземіз. Ал енді оның үстіне қант себеміз, «ах» біздің қарнымыз тойды.

Педагог:

-Жақсы бала қандай болу керек?

Балалар:

-Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала.

Педагог:

-Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінде біз қандай сөздермен таныстық?

Балалар:

-Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш, мейірімділік сөздерімен таныстық.

Педагог:

-Жарайды, балалар енді шеңберге тұрып, жүректен шыққан жылы сөздерімізді бір-бірімізге жолдайық.



Жүректен-жүрекке:

Балалар шеңберге жиналады, жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.

-Мен саған қуаныш тілеймін!

-Мен саған жақсылық тілеймін!

-Үлкен азамат бол, т.с.с…

Педагог:

-Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осылай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне барлығыңыз жақсы қатынастыңыздар. Рахмет сендерге!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее