«Зимний фестиваль знаний 2025»

Открытый урок "для чего нужны растения"

открытый урок на тему растения для детей средней группы

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Өсімдіктер өсіп-өнуі үшін не қажет?»

Мақсаты: Балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп-өнуі туралы түсінік

беру. Өсімдіктердің тұқымнан өсу, даму кезеңдерімен таныстыру.

Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Байқағыштыққа өз ойларын анық, сауатты жеткізуге үйрету,

ойлау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсіл: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: Өсімдіктердің суреті, шелек, топырақ, тас, гүл

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күніміз сәтті болсын деп, шаттық шеңберін

жасайық.

Шаттық шеңбер.

Мына сұлу әлемде адам өмір сүреді,

Үлкен менен кішіге күн сәулесін төседі

Күнге қарап қол бұлғайық

Күн күлімдеп нұр төкті

Бізге жолдап сәлем.


Балалар бір-бірімізбен сәлемдесейік, бүгін бізге көп қонақтар келіпті қонақтарға сәлем берейік.

Балалар біз сәлемдесу арқылы достарымызға, туыстарымызға қуаныш жақсы көңіл-күй сыйлаймыз, біздің достарымыз өте көп- солардың арасында табиғатта бар.

Балалар табиғат дегеніміз не?

Балалар: Бізді қоршаған орта жан-жануарлар мен өсімдіктер , жер, Ай, Күн,

табиғат құбылыстары.

Тәрбиеші: Иә, осы құбылыстарды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз,

мезгілдерді атаңдаршы.

Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар. Қазір қай мезгіл?

Балалар: Көктем


Тәрбиеші: Көктем шуақты мезгіл, жер беті жаңарып, құстар сайрап, барлық

жан-жануар, тіршілік оянады, көк шөп шығып, бәйшешек, гүлдер,

ағаштар гүлдеп, мал төлдейді.


Нұрсұлтан: Көктем болды алақай

Қуанар барлық балақай

Көктемде жаңбыр болады

Бақшаға гүлдер толады.


Тәрбиеші: Балалар табиғаттың бір бөлігі ол- өсімдіктер

Өсімдіктер бізге жақсы көңіл-күй, таза ауа береді, азық ретінде қолданамыз, емдік қасиеті де бар


Жақсылық: Неткен көркем жасыл достар

Жомарт, адал, асыл достар

Ауамызды тазартуда

Бөлмемізді жаңартады


Вова: Қарапайым өсімдік

Бақшамызда өсірдік,

Сырқаттансақ шамалы .

Бізді емдеп жазады.


Тәрбиеші: Өсімдіктер жақсы өсіп, құлпырып, біздерге өздерінің алуан түрлі

әсемдігін сыйлау үшін қандай жағдай керек.


Балалар: Жақсы күтім болса, өсімдіктер өседі, өнеді, көбейеді.


Тәрбиеші: Суреттер көрсетіп, өсімдік өсу үшін топырақ ылғалды болуы

керек, осы кезде тұқым ісініп жарылады, тамыр жаяды,

топырақтың бетіне өскін пайда болады. Нәзік жасыл өскін

жарыққа ұмтылады, жапырақтар пайда болады, ішінде тұқымы бар

жеміс өседі (қызанақ, қияр, т.б.)


Жақсылық:Төл шыбығым бұралып,

Бақшамызда қызарып,

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.


Сұлтан: Көктем ерте шырналып

Өсемін мен бүр жарып

Атам- қияр теріп ап

Жиі- жиі суғарып

Тәрбиеші: Өсімдік екінші түрі жалпақ жапырақты ағаштар (қара ағаш, терек,

қайың және жеміс ағаштары). Мәңгі жасыл болып тұратын

жапырағы ине тәрізді шырша.


Ескендір: Жақсылықты қолдаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Тал егеміз бақтарға

Айналасын қоршаймыз

Тәрбиеші: Балалар енді біз Д/о ойнайық «Ағаш, гүл»

Ойынның шарты

Үстел үстіне әртүрлі ағаштар мен гүлдердің суретін қойып ағаштарды бөлек,

гүлдерді бөлек көрсетеміз.

Балаларға ойын өте ұнады, олар ағаш пен гүлді бөліп көрсете алады.


Тәрбиеші: «Жарайсыңдар» деп балалардың еңбегін көрсетіп мадақтайды.


Сергітусәті:

Айналсын деп гүлдерге

Тұқым септік бұл жерге,

Жерге тамыр тастады

Гүлім өне бастады

Жапырағы жайқалып

Үлкен гүлге айналып,

Соғып еді самал гүл

Ары бері шайқалып


Тәрбиеші: Гүл отырғызу, күту

Тастар, су толмау үшін керамит. Тас ыдысты тесу артық су қалмау үшін ауа кіру үшін гүлді жайғастырып, қара топырақпен ортада егеміз, су құямыз.

Аяла: Гүлім, гүлім, өсе бер

Әдемі боп, асыл боп

Күндей жайнап.... бер

Қызыл, сары, жасыл боп.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее