«Осенний фестиваль знаний 2024»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Мақта қыз бен мысық» (сахналау, мәнерлеп оқу)

Оқылған шығарманы әңгімелеуге, диалогты сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» Ы. Алтынсарин (сахналау, мәнерлеп оқу)

Мақсаты: Педагог Ы.Алтынсарын туралы, оның шығармашылығы туралы білімдерін жетілдіру. Шығарманы оқу арқылы түсінуге үйрету.

Міндеттері: Білімділік: Оқылған шығарманы әңгімелеуге, диалогты сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: суреттер, кітап.

Сөздік жұмысы: қатық, тары, дүкенші, мейіз

Қостілдік компонент: Дүкенші-продавец, тары- пшено, мейіз-изюм


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

«Қайырлы таң» 01-«Г»-№15

Ертегілер әлеміне баратындарын хабарлайды.

Үнтаспадан «Ертегілер» әні ақырын шығып тұрады. Ноутбуктан таныс ертегі суреттерінен слайд көрсетуді бастайды, әр суреттің қай ертегіден екенін табуды ұсынады.



Бәрі бірге айтады.

Қызығушылық танытады.


Суреттерге қарап, ертегі кейіпкерлерін тауып айтады.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелеу

-Жарайсыңдар, қаншама көп ертегі білетіндеріңді көрсеттіңдер. Бүгін тағы бір ертегімен танысамыз.

Ы.Алтынсариннің портретін көрсетіп таныстырады. Ол қазақ балаларына мектеп ашқан. Балаларды оқытқан. Ол балаларға арнап көп ертегілер, әңгімелер жазған.


Ы.Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдайтындарын айтады.


Ертегіні оқып береді, мазмұны бойынша не түсінгендерін сұрайды:

-Ертегі не жайында?


-Ертегіде олардан басқа тағы қандай кейіпкерлер бар?




-Мақта қыз мысыққа не үшін ренжіді?




-Мысық бірінші неге барды?


Мұқият тыңдайды.

Қызығушылық танытады.












Мақта қыз бен мысық туралы.

Ертегі кейіпкерлерін атап шығады: сиыр, ағаш, дүкенші, қыздар, тауық, тышқан.


Мысық Мақта қыздың қатығын төгіп тастағаны үшін.


Бірінші ағашқа барды



-Ең соңында нені кездестірді??

-Мақта қыз бен мысық қалай татуласты?




-Балалар, бәріміздің достарымыз бар, бірақ досымызды ешқашан ренжітпей, тату болуымыз керек.

Сөздік жұмысы:

Дүкенші-продавец, тары-пшено, мейіз-изюм


Суретпен жұмыс

Суретте ертегі бойынша лабиринт сызықтар. Мақта қыз бен мысықтың жолдарын дұрыс табуды ұсынады.



Сергіту сәті:






Ертегіні сахналау

Басқа киюге дайындалған ертегі кейіпкерлерінің суреттерін таратып, ертегіні сахналатады.

Балалардың диалогты сөйлеуін, рөлге еніп, тебірене сөйлеуін қадағалайды..

Тышқанды кездестірді.

Мысық Мақта қызға қатығын берді, Мақта қыз мысыққа құйрығын қайтарды.

Достарын ренжітпей, тату болатындарына сөз берді.



Бәрі бірге айтады, қайталайды.


Ойынды өте жақсы ойнады.

Сызық жолдармен жүріп, Мақта қыздың қатығын , мысықтың құйрығын тауып беріп екеуін татуластырады.

Тышқан шықты інінен,

Сағат неше болды деп.

1,2,3,4,

Даңғырлады барлық жер,

Қорыққаны соншалық.

Тышқан зытты інінен


Рөлдерге бөлініп, ертегі мазмұнын айтады.

Рефлексивті– түзетушілік

Қорытындылайды:

-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Қандай ертегі айттық?

Белсене қатысқан балаларға педагогикалық баға берді, мақтады.

«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Достық» 01-«Ж»-№11

-Балалар! Өзіміздің шуақты «Жүректен – жүрекке» шеңберіне тұрайықшы. Бір-бірімізді құшақтап, достығымыз үшін, қуаныш сыйлағанымыз үшін, әңгімелескеніміз үшін алғыс айтайық.

Кіп-кішкентай баламын

Жақсы адам боламын.

Достарға кең жүрегім:

«Мен сендерді сүйемін!».


Сұрақтарға толық жауап берді.

Бір – біріне баға берді




Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуді.

Болу керек: Педагог Ы.Алтынсариннің туралы, оның шығармашылығы туралы мағлұмат

Істей білу керек: Ертегі кейіпкерлерін ажыратуды, сипаттауды, ертегіні рөлдерге бөлініп ойнауды,дауыстарын құбылта отырып ертегіні сахналауды.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее