Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Отбасы»
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Білімділік: балаға отбасында жылы қарым-қатынас орнатуда өз үлесін қосуға үйрету. Дамытушылық: ата-анасы мен туыстарына деген қамқорлық сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Қамқоршылық, отбасы, қамыр, шаңырақ, май шам.
Керекті құралдар: шаңырақ, қамыр, мейіз, өрік, қант, қағаздан қиылған гүлдер, май шам.
Қостілдік компонент: Отбасы – семья, қамқоршылық-попечительство, май шам-свеча
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: - Біз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,үлкен шеңбер құрып көрейікші. Ортаға тұрып, ленталары бар шеңберді өзінің төбесіне көтереді,бір-бір лентадан ұстауды ұсынады. -Не пайда болды? -Дұрыс айтасыңдар. Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез-шаңырақ деп аталады. Шаңырақ-отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасының болуы - үлкен бақыт. -Олай болса бір-бір лентадан алып тілек айтайық. |
Шеңберде тұрады.
Әрқайсысы бір-бір лентадан ұстайды, киіз үйге ұқсайтынын айтады.
Мұқият тыңдайды, бір-біріне тілек айтады, орындарына отырады |
Ұйымдастыру-іздестіру | Әңгімелеу -Ертеде ата-бабаларымыз киіз үйдің ортасына от жағатын болған, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері ошақтың қасына, отбасына жиналып, әңгімелесіп, шаттанып шай ішетін болған. Тәрбиеші ортаға әдемі ыдысқа салынған май шамды қояды да: -Май шамды жағайық та, бұл біздің туған үйіміздің ошағы деп елестетейік. Ол жанып тұра берсін, ал біз бір бейне сурет көрейік.
Осы кезде «Аюдың баласы қонжық пен пума» атты бейне сурет көрсетіледі -Осы бейне сурет туралы не айтуға болады?
-Енді тағы да бейне суретке қарап әркім өз жанұсы туралы не айтады екен?
Әуен ойналады Тәрбиеші балаларға жетекші сұрақтар қойып отырады: -Ал, кім естеріңе түсті?
-Сендердің үйде отбасы мүшелері қай жерде жиналады? -Бір-бірлеріңмен не туралы әңгімелесесің- дер?
Сергіту сәті:
Қимылды ойын: «Тату-тәтті отбасы» Балаларды ортаға шеңберге шақырады.Әр отбасында адамдар саны әртүрлі, себебі, кейбір отбасы мүшелері жақын туыстарымен бірге тату-тәтті тұрады. Сөздік жұмысы: Отбасы –семья, туыстар-родственники, қамқоршылық-попечительство, майшам-свеча «Құм» терапиясы Әуен ойналады. Алдарыңдағы шыны ыдысқа құм салынған. Құмды алақандарыңмен ұстап көріңдер, жылуын сезіңдер. Ал, енді осы құмға өз армандарыңдағы үйді салыңдар. |
Қарайды, тыңдайды
Аңдардың да жанұясы бар екен, оларда өз балаларын басқалардан қорғайды.
Өз жанұясы туралы айтады , мысалы: Мен әкеммен, анаммен, апаммен тұрамын.
Сұрақтарға жауап береді
-Мен анамды ойлады. -Мен кішкентай бауырымды ойладым.
Дастархан басында.
Күні бойы не істегендеріміз туралы әңгімелесеміз Сәлем саған, ата! Сәлем саған , апа! Сәлем саған, әке! Сәлем саған, ана! Амансың ба мен, бұл менің жанұям Саусақтарын бір-біріне қосып айтады
Шеңберді айналып жүреді, музыка тоқтаған кезде үштен, төрттен, екіге бөлініп тұра қалады.
Қайталайды, жаттайды.
Құм салынған шыны ыдысқа үйдің суретін салады. |
Рефлексивті-түзетушілік | Қорытындылау: -Бүгін не туралы айттық? -Балалар, бәрінің: адамның да, құстардың да, аңдардың да өз отбасылары болады, туған үйлері бар. Адамның ең қымбаттысы-отбасы. Отбасы-сенің атаң, әжең, әкең, анаң, туған үйің. Рефлексия: Егерде көңіл-күйлерің жақсы болса, қызыл гүлді алыңдар, көңіл-күйлерің жоқ болса, көк гүлді алыңдар. |
Отбасы туралы айттық.
Рефлекссияға қатысып, өздеріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өз жанұяларында кімдер тұратынын (әже, ата, әке, ана, аға, бауыр)
Болу керек: Отбасы, үй-іші туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Сурет бойынша әңгіме құрауды, тәрбиешінің сұрағына анық, толық жауап беруді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді.