Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызхметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Кел, жаттайық. Ә.Асылбеков. «Әдептілік әліппесі»
Мақсаты: Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтуға үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Өлеңде кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Әдептілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Ренішті кейіптегі үлкен кісінің суреті.
Сөздік жұмысы: санамда, әманда.
Қостілдік компонент: Ата-дедушка, тәртіпті-воспитанный, құрмет-уважение.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: «Ақ тілек» 01-«Г»-№4 Кіріспе Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп. Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі-Ақ тілек. Тақтаға ренжіп отырған атаның суреті ілінеді. |
Бәрі бірге айтады.
Тақтадағы суретке назарларын аударады, атамен амандасады. |
Ұйымдастыру– іздестіру | Сұрақтар қояды: -Қалай ойлайсыңдар, ата неге ренжіп отыр? -Үлкен кісілер риза болу үшін сендер қандай болуларың керек?
Дидактикалық ойын: «Жақсы, жаман» Өлең оқиды, әрбір екі жолдан кейін «жақсы, жаман» деп жауап беру керектігін түсіндіреді. -Қарт кісіге жол беру, Амандасып қол беру-......
-Қағып кету атайды, Ренжіту апайды-.....
-Сыйлау үлкен кісіні, Еркелету кішіні-.....
-Араз болу қыздармен, Ерегесу ұлдармен-.....
-Жаттап алу өлеңді, Үйрені бар өнерді-..... Кел, жаттайық! Ә.Асылбековтің «Әдептілік әліппесі» өлеңін жаттату. Атам маған әманда, Әдепті бала бол деген. |
Өз ойларын айтады. Үлкендерді ренжітпеу керек, айтқанын тыңдау крек. Сыйлау керек.
-Жақсы
-Жаман
-Жақсы
-Жаман
-Жақсы.
Қызығушылық танытады, мұқият тыңдайды. . |
| Ата сөзі санамда, Қалып қойды әрқашан. Жасы үлкен кісінің, Кесіп өтпей көлденең. Ізетімен кішінің, Сәлемдесіп қол берем. Атам маған әманда, Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда- Мақтанбауды жөн көрем. Сергіту сәті:
Сөздік жұмысы: «Әманда» - үнемі, әрқашан деген мағынаны білдіреді. «Санамда» - ойымда, жадымда деген мағынаны білдіреді. Ата-дедушка, тәртіпті-воспитанный, құрмет-уважение
Дидактикалық ойын: «Сөз ойла» Балаларға мағынасы қарсы сөздер тауып айтуды ұсынады. -Әдепті-... -Жақсы-... -Ақ-..... -Үлкен-.... -Сыйлау-....
Өлеңді екінші рет оқып, жаттатады. |
Біз кішкентай баламыз, Өніп, өсіп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймы
Жаңа сөздерді меңгереді, қайталап айтады.
-Әдепсіз -Жаман -Қара -Кіші -Сыйламау.
Өлеңді тәрбиешімен бірге жаттауға тырысады. |
Рефлексивті-түзетушілік | Қорытындылау: -Бүгін не туралы айттық? «Жүректен жүрекке» шеңбері «Жақсылыққа құмармыз» 01-«Ж»-№8Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз. Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
|
Әдептілік, жақсылық туралы айттық
Бәрі бірге айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өлеңді жатқа айтуды, өз ойларын жеткізе білуді.
Болу керек: Әдептілік туралы түсініктері
Істей білу керек: Үлкен кісілерді сыйлауды, құрметтеуді, сұрақтарға толық жауап беруді.