«Зимний фестиваль знаний 2025»

Өмір, қымбатсың маған!

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сыныбы: 7 Тақырыбы: № 25 Өмір, қымбатсың маған!

Құндылық: Cүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімді болу, шыншылдық, аяушылдық сезімі

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға өмірде дұрыс жолмен жүріп, дұрыс әрекет жасау керектігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларды шыншылдыққа, дұрыс әрекет жасауға үйрету;

- Оқушылардың аяушылық сезім дағдыларын дамыту;

-Оларды әрқашанда кешірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5«Т» ережесін еске түсіру, оқу құралдарының дайындығын тексеру

Тыныштық сәтi Нұрға бөлену

Ескерту

Үй тапсырмасын тексеру.

№ 25сабақ «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Ш. Сариевтың

өлеңін оқып, түсінгенін айту.

Талқылау сұрақтары:

  1. Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?
  2. Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
  3. Адамзатқа, қоршаған ортаға жақсылық жасау қандай құндылыққа жетелейді?

Дәйексөз.

Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар

А.Құнанбаев.

  • Cүйіспеншіліктің адам өміріне маңызы қандай?

Мұғалімнің сыйы Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір аралда Бақыт, Мұң, Сүйіспеншілік, Байлық, Уақыт, Такаппар, Білім өмір сүрді. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:

– Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

– Сүйіспеншілік,мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.

Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:

– Ooо.Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: –Ол– Уақыт,–деді.

– Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?–деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: –Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді.

Талқылау сұрақтары:

  1. Сүйіспеншілікке басқаларының көмектеспеу себебі неде?
  2. Неліктен уақыт ғана сүйіспеншілікке көмек көрсетті?
  3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Берілген жағдаяттарды шешіп, сахналаңыздар.

1-топқа. Жұмыстан келген анасы ұлына:- Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?- деді.

-Жата беріңіз,- деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.

Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Баланың әрекеті.

2-топқа. Сені анаң дәріханадан тезірек дәрі алып келуге жұмсады. Сен асығыссың, көшеде қолында ауыр сөмкесі бар әжейді кездестірдің. Сенің әрекетің.

3-топқа. Айгүл мен Әсел бір сыныпта оқиды. Наурыз мерекесіне дайындық кезінде Айгүл Әселге «сен әнді дұрыс айтпайсың, концертке қатыспағаның жөн болар», -деді.

Топпен ән айту

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні: Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

Үй тапсырмасы.

№26 сабақ 125 бет «Қызыққа толы қас қағым» Г.Х Андерсонның ізімен берілген мәтінді оқып, түсінгенін айту.

Соңғы тыныштық сәтi.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Барлығын риясыз сүйіспеншілікпен жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Сыныбы: 7 Тақырыбы: № 25 Өмір, қымбатсың маған!

Құндылық: Cүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімді болу, шыншылдық, аяушылдық сезімі


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға өмірде дұрыс жолмен жүріп, дұрыс әрекет жасау керектігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларды шыншылдыққа, дұрыс әрекет жасауға үйрету;

- Оқушылардың аяушылық сезім дағдыларын дамыту;

-Оларды әрқашанда кешірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5«Т» ережесін еске түсіру, оқу құралдарының дайындығын тексеру

Тыныштық сәтi Нұрға бөлену

Ескерту

Үй тапсырмасын тексеру.

25сабақ «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Ш. Сариевтың

өлеңін оқып, түсінгенін айту.


Талқылау сұрақтары:

  1. Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?

  2. Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

  3. Адамзатқа, қоршаған ортаға жақсылық жасау қандай құндылыққа жетелейді?



Дәйексөз.

Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар

А.Құнанбаев.

  • Cүйіспеншіліктің адам өміріне маңызы қандай?


Мұғалімнің сыйы Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір аралда Бақыт, Мұң, Сүйіспеншілік, Байлық, Уақыт, Такаппар, Білім өмір сүрді. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:

Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

Сүйіспеншілік,мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.

Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:

Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: –Ол– Уақыт,–деді.

Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?–деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: –Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді.


Талқылау сұрақтары:

  1. Сүйіспеншілікке басқаларының көмектеспеу себебі неде?

  2. Неліктен уақыт ғана сүйіспеншілікке көмек көрсетті?

  3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?




Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Берілген жағдаяттарды шешіп, сахналаңыздар.

1-топқа. Жұмыстан келген анасы ұлына:- Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?- деді.

-Жата беріңіз,- деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.

Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Баланың әрекеті....

2-топқа. Сені анаң дәріханадан тезірек дәрі алып келуге жұмсады. Сен асығыссың, көшеде қолында ауыр сөмкесі бар әжейді кездестірдің. Сенің әрекетің...

3-топқа. Айгүл мен Әсел бір сыныпта оқиды. Наурыз мерекесіне дайындық кезінде Айгүл Әселге «сен әнді дұрыс айтпайсың, концертке қатыспағаның жөн болар», -деді.



Топпен ән айту

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні: Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.


Үй тапсырмасы.

26 сабақ 125 бет «Қызыққа толы қас қағым» Г.Х Андерсонның ізімен берілген мәтінді оқып, түсінгенін айту.


Соңғы тыныштық сәтi.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Барлығын риясыз сүйіспеншілікпен жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее