«Зимний фестиваль знаний 2025»

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме

Әңгіме түрлері. Белсенді әдіс тәсілдер түрлері.

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

Коучинг сессиясының қысқа мерзімді жоспары

Коучинг сабағының құрылымы


Коучинг сабақтың мазмұны

Сабақтың тақырыбы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме

Сабақтың мақсаты

Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие екенін (Мерсер), яғни оқушылардың сапалы білім алуында диалогтік оқытудың 3 түрінің (Мерсер) бірі зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыны әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі (Барнс (1976) пен Мерсер (2000)) екендігін түсіндіру

Оқу нәтижелері

Ұжымдық талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие екенін түсінеді, зерттеушілік әңгіме жүргізу үстінде оқушыны әңгімеге тартып дамыта алады

Әдіс-тәсіл

Жекелей, топпен, жұппен жұмыс.

Ресурстар мен жабдықтар

Плакаттар,Үлестірмелі материалдар, А4 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті магниттер, т,б Бағалау парағы, постер, презентация, бейнежазба, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық , І (ілгері) деңгей, 2- басылым,үлест м.т.б.

Өтілетін мерзімі:

Сәуір 2014ж.


Коучинг сабағының барысы:

Сәлемдесу, табыс тілеу

І. Кіріспе:

Сергіту сәті және топқа бөлу кезеңі:

Сергіту: «Қара жорға» биін билейді.

Топқа бөлу: Қатарласа қалып, «ж-о-р-ғ-а» әріптері арқылы топқа бөлінеді

(6– минут)

Фильмнен үзінді .

Сұрақтарға жауап:

-Көрген Фильмдеріңізде қандай іс-әрекет болып жатыр ?

-Бұл әңгіменің қандай түрі деп ойлайсыздар? Неге?

(10– минут)

Коучинг тақырыбын анықтау. Алдарына қойған мақсаттарына тоқталу.

Жоспарды анықтау:

1. Диалог,оның ішінде зерттеушілік әңгіме деген не?

2.Зерттеушілік әңгімеге байланысты зерттеу жүргізген ғалымдар

3. Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстіндегі іс-әрекет

(4– минут)


ІІ. Негізгі кезең

«Диалог», Зерттеушілік әңгімеге сөзіне тоқталу

Диалог,оның ішінде зерттеушілік әңгіме деген не?

Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? ойларын білу, ой бөлісу

(5– минут)

Топпен жұмыс:

1- топ: Топ бір тақырып төңірегінде : әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздер қолдану арқылы (рөлдік ойын түрінде )

Өнім. Әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»

2 -топ:

Әңгіме-дебат пен зерттеушілік әңгіменің айырмашылығы мен ұқсастығын табу (слайд презентация)

Өнім: Әңгіме-дебат пен зерттеушілік әңгіменің айырмашылығы мен ұқсасты

3 топ.

Кумулятивтік әңгіме мен зерттеушілік әңгіменің айырмашылығы мен ұқсастығын табу (слайд презентация)

Өнім: Кумулятивтік әңгіме мен зерттеушілік әңгіменің айырмашылығы мен ұқсасты

4- топ:

Зерттеушілік әңгімеге байланысты зерттеу жүргізген ғалымдарға жұмыс жасау

5- топ.

Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстіндегі іс-әрекеттер

(25– минут)


«Қой жамырады» ойыны арқылы

1,2,3, 4,5- топтар «шығыстан-батысқа», «Оңтүстіктен- Солтүстікке» бағытымен барып жасаған жұмыстарымен таныстырады

(15минут)

Тренинг-жаттығуы

Топпен :

Оқушылармен диалогтік оқыту әдісін, Зерттеушілік әңгімеге байланысты ,тәжірибеде қолдануға арналған жаттығулар.

Зерттеушілік әңгімені қолдана отырып, сабақтың бір үзіндісін құрастыру.

(15– минут)



Жұмысты қорғау. Коучтің қалауымен әр топта спикер тағайындау жүзеге асады. / «5» саны кімге сәйкессе сол жауап береді/

Қорғайды.

(3-3 мин-тан 15мин.)

Біздің топ мүшелеріне сұрақ қоюларыңызға болады деп тыңдаушыларды әңгімеге тартады..

Формативті бағалау.Мадақтау, бағалау.

Әр топтың әр мүшесі Номиналды топ әдісімен баға береді. 5 топты басымдығына қарай орналастырады.

Ал, коуч : Риторика.Мимика(жымиып), пантомимика(бас бармақтың басын жоғары қ)/А.Гин/

(5– минут)

Сергіту жаттығуы:

Бүкіл ұжым 2-ге бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады да 2-2-ден бір-біріне сәлем берумен бүкіл ұжымға бас ие тұрып , жылы шыраймен Сәлемдесіп шығады.Келесі тапсырма жұппен жұмыс болғандықтан тыңдаушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге жұмырдыру мақсатында «Иіліп сәлем бер!» ойынын ойнайды.

(5– минут)

ІІІ. Рефлексия «Зерттеушілік әңгіме» эссе жазу.

Қандай жаңа ақпарат алдым

Не қызықты болды?

Мен өзімді қалай сезіндім?

Басқа әріптестеріммен қалай жұмыс жүргіздім?

Қандай қиыншылықтыр болды?

Өзім үшін не білдім, не алдым?

(10– минут)

Бағалау Қорытындылау (тыңдаушылар қандай көңілмен кетіп бара жатқанын стикерге «2 жұлдыз екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); 1 тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе» жазып кетеді.(5– минут)


1


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее