«Зимний фестиваль знаний 2025»

Оқушылардың танымдық белсенділігі құралы ретінде қазақ тілі сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

Қазіргі таңдағы жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды әкелгені баршамызға белгілі. Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстарын жатқызуға болады.

Білім берудің қазіргі міндеті – білім алып, білім мен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікті ақпаратты өзі іздеп тауып, талдау және ұғымды пайдалану, тез өзгермелі қоғамға лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқушылардың танымдық белсенділігі құралы ретінде қазақ тілі сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану

 

Қазіргі таңдағы жаңалықтар  білім беру  жүйесіне жаңа технологияларды  әкелгені баршамызға белгілі. Оған  білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстарын  жатқызуға болады. 

Білім берудің қазіргі міндеті – білім  алып, білім мен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби  біліктілікті  ақпаратты өзі іздеп тауып, талдау және ұғымды пайдалану, тез өзгермелі қоғамға лайықты өмір сүру және жұмыс  істеу болып табылады.

Оқу орындарының студенттеріне  мемлекеттік тілді оқытып-үйретудің кәсіби бағдарлы, қатысымдық жағын  күшейту, сөйтіп, оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабы қойылып отыр. Қазақ тілінің қоғамдағы қатысымдық қызметінің деңгейін көтеру үшін оны студенттерге кәсіби бағытта оқытып - үйрету  қырынан  жандандыру керек. Бұл үшін студенттерге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді болашақ  маманның кәсібімен  тығыз байланыстыра  жүзеге асыру көзделеді.

Кәсіби  қазақ тілін оқытуда  интерактивті оқыту технологиясын қолдану арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық талаптар тұрғысынан екшеп алған соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек. 

Тіл үйрету жұмысы - өте күрделі процесс. Сондықтан тіл үйрету барысында  жүргізілетін жаттығу жұмыстарының барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Студенттер қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қана қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым - түсінігі кеңейеді.  Сондықтан да оқытушы әр студенттің қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі керек. Өйткені тіл үйрету барысында әрбір студенттің  жеке қабілеті еске алынады, жан дүниесі ескеріледі.

Қазақ тілі сабағында студенттер болашақ мамандығы бойынша ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде түрліше  оқу әрекеттерін орындай отырып, өзінің шығармашылық  қабілеттерін жетілдіреді. Ойлау қабілетіне тәрбиелеу студентті жан-жақты дамытумен  тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білу құмарлығы, көзқарасы  мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Бүгінгі таңда   тіл үйретуші  оқытушыларымыз  қазақ тілін  мамандыққа қатысты оқытудың әр түрлі жолдары мен  технологияларын қолдануда.


 Интерактивті әдістерді қолданудың басты себептері мыналар:

        -  ақпараттар мен дағдыларды игереді;

        - студенттер өздерінің білетінін басқалармен бөліскенде, ақпаратты беруші де, алушы да білім алады;

        - студент идеясының  логикалық дұрыстығы бірден  анықталады;

        - өзара әрекет арқылы студенттер қазіргі кездегі саналы азамат игеруі тиіс демократиялық қатысу  практикасына ие болады;

        - әріптестерінің көзқарастары мен өзіндік пікірлерінің бірдей  болуы -

мүмкін еместігіне студенттердің көздері жетеді;

        - оқытудың бұл түрі оқушыларды қызықтырады. Себебі  бұл әдіс студенттердің бойына төмендегідей әдет-дағдыларды қалыптастырады.

1. Студент өзін-өзі еркін, батыл сезінеді. Тілге деген қызығушылығы артады.

2. Студенттер топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді. Топпен не жұп -

пен жұмыс істеу кезінде оқушылар арасында өз пікірін дәлелдеп қорғау немесе қателігін көрсете білу мен мойындауға, пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді.

3. Білімі төмен студентке, білімі жоғары студент көмек  көрсетеді.

4. Студент өз білімін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.  Осылайша  интерактивтік әдіс студенттерді  мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, қызық, әрі тиімді. Студенттер бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге  шығармашылықпен  қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді.

Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасын тереңдетеміз. Сол сияқты іздемпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамытамыз. Қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыларын одан әрі қалыптастырамыз.

 










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее