«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ою-өрнек әлеміне саяхат. Қолданбалы авторлық бағдарламаның бір сабағына ҚМЖ

Өнердің өте күрделі әрі көне түрі - ою-өрнек өнері. Ою-өрнек өнері ежелгі замандардан қалыптасып, халқымыздың тарихымен бірге ілгерідей дамып отырған. Ертеде халқымыздың тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қолөнері қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болған. Жаңадан көркем-кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде. Осы мәселе негізінде «Сиқырлы өнер әлемі» атты қолданбалы курс бағдарламасы құрастырылған. Ұсынылып отырған ҚМЖ сол курс сабақтарының біріне жасалынған.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«№ 1 Бақанас орта мектебі» МКМ технология пәні мұғалімі Накысбек Алтынай Накысбеккызының іс-тәжірибиесінен.


Түсінік хат: Өнердің өте күрделі әрі көне түрі - ою-өрнек өнері. Қазақ қолөнерінің барлық түрінде кеңінен қолданылатын, қолөнер туындылардың көркемдік-эстетикалық мәнін ашып, әшекейлеп, айшықтай түсетін сәндік қолөнер. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені өте сирек кездеседі. Ою-өрнек өнері ежелгі замандардан қалыптасып, халқымыздың тарихымен бірге ілгерідей дамып отырған. Ертеде халқымыздың тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қолөнері қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болған. Жаңадан көркем-кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде.

Осы мәселе негізінде «Сиқырлы өнер әлемі» атты қолданбалы курс бағдарламасы құрастырылған. Ұсынылып отырған ҚМЖ сол курс сабақтарының біріне жасалынған.


Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек әлеміне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйренуге тәрбиелеу. 

Міндеті:

  1. Ою-өрнек сырын түсіне отырып, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігін, танымдық қабілеттерін артуына, шеберлік қабілетін дамытуына, ізденуге ықпал ету..

  2. Бұйымдарды көркемдеп сәндеуге, өнерді үйренуге ынтасын арттыру, ығармашылық жұмысқа баулу.

  3. Халқымыздың асыл мұраларын, өнерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс –тәсілдері: СТО, диалогтық оқу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, бейне ролик, ою-өрнек үлгілері. қолөнер бұйымдары.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, сызу

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларға өздері оқып үйренген ою-өрнек негіздерін іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың практикада алған білімдерін өмірде қолдануға дайын болады. Сыни ойлауға, өз бетінше жұмыс істеуге

дағдыланады.



Сабақ бөлімдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдас

тыру кезеңі


Психологиялық дайындық:

Топтастыру.

Әр түрлі ою-өрнек түстерімен топтастырылады.

Әркім өз қалаған ою өрнегін алып топқа бөлініп отырады.

Топ басшысы сайлайды.


Өткен тақырыпты еске түсіру

Өткен сабақта ырғақ, колорит-түс үйлесімділігі, симметрия ұғымдарымен таныстық.


Топ мүшелері конвертті ашып сұрақтардың жауаптарын айтып.


Жаңа сабақ

«Ой қозғау».

Бүгін біз ою-өрнек әлемәне саяхат жасаймыз.

Ою-өрнек дегеніміз не?

Мұғалім сөзі: Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу.

Оюдың әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына –мазмұнға құрылады.

Мақал-мәтелдер мағынасын түсіндіру. 
1. Ою-ойғанның ойы ұшқыр. 
2. Өнер табу, өрге шабу. 

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Ою-өрнек тарихымен танысып, даму кезеңдерін байқаймыз.

Өткен сабақта танысып, есімізге түсірген ырғақ, колорит-түс үйлесімділігі, симметрия, композиция ұғымдары ою-өрнекпен жұмыс істеу кезінде зор рөл атқарады.

1.Мүйіз элементтер 
2. Төртқұлақ өрнегің 
3. «Шаршы» ою өрнегі 
4. Ойма ою 
5. «Аққу» ою 
6. Тағында басқа ою түрлері, сынық ою, «құсқанаты» оюы 
Шеберлік қабілетін дамытып, жетілдіру үшін оқушыларға өз бетінше ою-өрнектер үлгісін таңдатып, суретін бір парақ қағазға салдыру. 

Осы тақырыпқа ғылыми жоба жазған оқушы «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтып береді.



Топ мүшелері бірлесе отырып постер жасап қорғайды.








Топта жеке оқып, жұптасып талқылайды, түсініктерін айтады.



Оқушылар мақал-мәтел айтады.  



Сараман

дық жұмыс

Сен білесіңбе?

Ою-өрнек түрлері төрт топқа топтастырылған: 
1.Хайуанаттар 
2. Өсімдіктер 
3. космогониялық 
4.Геометриялық 
1-Топтық тапсырма: Келесі ою-өрнек түрлерін топтастыру:
1. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер. 
2. малдың дене мүшесіне, ізіне байланысты оюлар. 
3. аңның дене мүшесіне байланысты оюлар. 
4. Құрт-құрмысқаға байланысты ою-өрнектер. 
5. құстарға байланысты ою-өрнектер. 
6. Жер,су, өсімдік бейнелі ою-өрнектер. 
7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер. 
8. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер. 

2-топтық тапсырма: Осы ою-өрнектердің бәріне ортақ элемент қандай? (қошқар мүйіз)





Әр топ өз тапсырмаларын орындап қорғайды.

Сергіту сәті.

Мақалдың жалғасын тап.

1.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды .

2.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ..

3.Ер қадірін ер білер, зер ...

4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ...

5.Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің ...

6.Не ексең, соны ...

7.Екпей егін бітпес, үйренбей ...

8.Ақыл көпке жеткізер, өнер ...


Сабақты бекіту






Рефлек

сия

Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау. 
1.Оюларды өз тобына жинау.

2.Графикалық диктант. 1.Композициялық құрылымынақарай ою-өрнек екі топқа бөлінеді.

2. «Қошқар мүйіз» зооморфты өрнек түріне жатады. 3.Композиция дегеніміз - өрнектерді салыстыру. 4.Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің бір жағының үлкенболуы. 5.Өрнек дегеніміз – бұйымның сыртына түсірілетін әшекей.

6.Көк түс – жастық, көктемнің белгісі.

Қорытынды жасау: Ою-өрнек - ұлттық нақышымыз десек те болады. Оның тілін білетін адам, шебер оюды өз орнымен қолданады. Текемет, сырмақ, тұскиіз секілді үй жиһаздарына жиі салынады.

Біз не білдік?

Немен таныстық?

Ойға не түйдік?

Дәптермен жұмыс












Кері байланыс парағын жазып, ауызша оқи отырып алма ағашқа іледі.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее