«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Пән: Қазақ тілі Сынып- 9 Сабақ - № Күні – «___»_______

Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы, ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ой қозғау. — Біз қандай мемлекетте тұрамыз? — Қазақстан мемлекеті туралы не айта аласың? — Ұлттық рәміздеріміз туралы не білесің?

Тарихыңды білесің бе?

Біздің тұңғыш президентіміз кім?

11 қараша күні елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Пән: Қазақ тілі Сынып- 9 Сабақ - № Күні – «___»_______

Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы, ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ой қозғау.
— Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан мемлекеті туралы не айта аласың?
— Ұлттық рәміздеріміз туралы не білесің?

Тарихыңды білесің бе?

Біздің тұңғыш президентіміз кім?

11 қараша күні елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

ІІ.Жаңа сабақ

Сөздік жұмысы:

Жолдау-послание

Толғау-. воспевание; обдумывание

Тарихи-мсторический

Киелі-свещенный

Үдемелі-возсастающий

Жылнама-летопись

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

ІІІ. Сұрақтарға жауап алу.

Елбасы Қазақстандықтарға жылда не арнап отырады?

Жақында шыққан жолдауы қалай аталады?

Жолдаудағы негізгі идея не?

«Мәңгілік ел» туралы не білдік?

2015 жылы қандай мерейтойлар бар?

Қазақтың қандай хандарын білесің?

Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеулерің керек?

ІV.Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Жолдау тақырыбы: «Нұрлы ……»(жол)
2. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі кім туралы? (Шоқан)
3. Елбасының есімі? (Нұрсұлтан)
4. Бес қарудың бірі. (Садақ)
5. Дала жұлдызы кім? (Алтынсарин)

Мемлекеттік рәміз? (ту)

Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы Тұрлаусыз мүшелері

1.Бастауыш кім? Не? 1.Толықтыш кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?

2.Баяндауыш не істеді? 2.Анықтауыш Қандай? Қай? Кімнің? Ненің?

Не қылды? 3.Пысықтауыш Қалай? Қашан? Қайда?

Мен таңертең мектепке барамын.Аулада биік ағаштар, әдемі гүлдер өсіп тұр. Үстелде жаңа кітаптар жатыр. Мұғалім біздің үйге кірді. Ағам малға шөп берді. Әкемшкафтан кітап алды. Мұраттың шешесі емханадан келді. Сен үстелден дәптер ал. Балалар ойыншықтармен көңілді ойнады.


V.Бекіту. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» ассоциация құру.

Үйге:ереже жаттау



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее