«Зимний фестиваль знаний 2025»

MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграммалар тұрғызу

Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын ақпаратты толық көрнекі түрде бейнелей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде бейнелеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel-де диаграммалардың көлемдік гистограмма,, график, дөңгелек, сызықтық гистограмма, облыстармен шектелген, нүктелік, биржалық, беттік, сақиналық, көбікшелі, жапырақшалы деп аталатын 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.

Диаграмманы немесе графикті дайындау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері.

Диаграммалар тұрғызу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға MS Excel-дің графикалық мүмкін-

діктерін пайдаланып, әр түрлі типті диаграммаларды

және графиктер құрып үйрену, диаграмма көлемін

және типін өзгертуді, пішімдеуді меңгерту,

жоспарлы әңгімелеу.


Тәрбиелік: Оқушыларға ережені тұжырымдату арқылы сөй леу

мәдениетін жетілдіру, жүйелілікке, бірізділік ке,

ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға

тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабі-

леттерін жан-жақты дамыту, диаграммаларды баспаға

шығарып үйрену, алған білімін жүйелей отырып,

ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту.


Пәнаралық байланыс: физика, математика, география, тарих, бейнелеу өнері.


Сабақтың түрі: аралас


Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау


Сабақтың көрнекілігі: MS Power Point бағдарламасында дайындалған

слайдтар, интерактивті тақта, үлестірмелі

карточкалар, жауапты, жауапсыз тест

тапсырмалары, сәйкестендіру тесті.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 3 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3. Жаңа сабақты түсіндіру 18 мин

(дәптермен жұмыс) 3 мин

4. Бекіту 5 мин

5. Қорытындылау 3 мин

6. Бағалау 2 мин

7. Үй тапсырмасын беру 1 мин


  1. Ұйымдастыру бөлімі:

- Амандасу, сыныпты ретке келтіру, оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға интерактивті тақтадан MS Power Point бағдарламасында

дайындалған слайдтар арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

1-тапсырма: Ұяшықтан сұрақ таңдап «Миллион кімге бұйырады?» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасын тексеремін. Мұнда 50/50 және досыңыздан көмек мүмкіндіктері қарастырылған. Төменде слайдта дайындалған сұрақтар келтірілген:

1. Excel-де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын ала оны қалай тексереді?

2. Алдын-алы қарап шығу функциясы кестені экранға шығарады, бірақ оны түзетуге мүмкіндік бере ме?

3. Кестені баспаға беру командалар тізбегін ата.

4. Ұяшықты проценттік форматқа ауыстыратын батырманы көрсет.

5. $ символы қай жерге жазылады?


2 – тапсырма: Ақпараттық диктант

MS Excel бағдарламасы былай іске қосылады: ...............................................

Электрондық кестенің жұмыс аймағы 1048576 жолдан және ...... бағанадан тұрады. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы .................. деп аталады. Ұяшыққа ......................................... енгізіледі.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру


Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын ақпаратты толық көрнекі түрде бейнелей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде бейнелеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel-де диаграммалардың көлемдік гистограмма, , график , дөңгелек, сызықтық гистограмма, облыстармен шектелген, нүктелік, биржалық, беттік, сақиналық, көбікшелі, жапырақшалы деп аталатын 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.

Диаграмманы немесе графикті дайындау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.

у=f(x) тәрізді қарапайым функциялар графигін тұрғызу үшін ХУ-нүктелік диаграмма , яғни график типі қолданылады. Бір диаграммада бірнеше функциялар графиктері көрсетіле береді. Бұл әдіс Х айнымалысының бір мәніндегі У-тің бірнеше мәндерін салыстыру үшін, графикалық түрде теңдеулер жүйесін шешу мақсатында және уақыт өтуімен өспелі, кемімелі мәліметтерді сипаттауда пайдаланылады.

Мысалы: Қозғалысы төмендегі теңдеулермен сипатталатын денелер бірін-бірі қуып жете ала ма: х1=10+4t, х2=10t-t2, х3=2t+t2.

Шешуі: Денелер бірін-бірі қуып жеткен кезде олардың координаталары бірдей болады, яғни х1=х2; t1=t2=t. Демек, осы уақытта екі денелердің графиктері қиылысуы керек. Алдымен, х1=10+4t теңдеуінің графигін сызайық. Бұл түзу сызықты функция. Функциялардың мәндерін кесте түрінде алайық.


t

Х1

Х2

Х3

0

10

0

0

1

14

9

3

2

18

16

8

3

22

21

15

4

26

24

24

5

30

25

35

6

34

24

48

7

38

21

63

8

42

16

80

9

46

9

99

10

50

0

120













Осы кестедегі мәліметтерді ерекшелеп, Кірістіру менюінен графикті таңдаймыз.

Excel-дің бұл функциясы бес сұқбат терезесі арқылы диаграмма немесе график тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.

Диаграмма шебері функциясының сұқбат терезесі пайда болған кезде , яғни 1-қадамда Диаграмма типі таңдалады.Сосын диаграмма шеберінің ОК сөзі тұрған батырмасын басамыз. Егер ұяшықтар дұрыс ерекшеленбесе, онда осы 1-қадам терезесінде оны қайта ерекшелеп аламыз. 2- қадамда мәліметтер диапазоны көрсетіледі. Мәліметтердің жолдарда немесе бағаналарда орналасуы таңдалғасын ОК сөзі тұрған батырманы басамыз. 3-қадамда арнайы макеттер орналасқан. Онда мәліметтер кестесі, мәліметтер жазбаларын енгізу, тақырыптар, өстер, тор сызықтары, түсініктеме менюлері бар. Бұл қадамда диаграмма атауын енгізуге, түсініктемесін қосуға немесе алып тастауға, тор сызықтарының, өстердің орналасуын пішімдеуге болады. 4-қадамда дайын тұрған диаграмма стильдерін таңдау мүмкіндігі бар. 5-қадамда диаграмманың орналасуы реттеледі.

Дөңгелек диаграммалар – жиі пайдаланылатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе пайыздық үлестерді бейнелеуге өте ыңғайлы. Енді дөңгелек диаграмма тұрғызу жолдарын қарастырайық.

Мысалы: Адам денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс .

Ертеңгі ас

15%

Түскі ас

40%

Сәскелік ас

15%

Кешкі ас

20%

Мәліметтерді ерекшелеп диаграмма тұрғызып, пішімдейік. Диаграмма мынадай элементтерден тұрады:

  • Диаграмманы тұрғызу аймағы;

  • Диаграмманың өз аймағы;

  • Түсініктеме аймағы;

  • Тақырып;

  • Мәліметтер белгілеулері

  • Мәліметтер

Белгілі бір элементті түзетіп, толықтыру үшін оны таңдау қажет. Сонан соң тышқанның оң батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке жанама менюі шығады. Сол меню көмегімен пішімдеуді жүзеге асырамыз.

Гистограмма – жиі қолданылатын диаграмма. Оның да қолданылуы,

жасалу, пішімдеу жолдары осы дөңгелек диаграммаға ұқсас. Диаграмма типін өзгерту қажет болса, өзгеретін диаграмманы ерекшелеп, пернетақтағы Delete пернесі арқылы өшіріп, гистограмма типін таңдау жеткілікті.


4. Бекіту


Оқушыларға слайдта дайындалған Венн диаграммасы бойынша график пен диаграмманы салыстыра отырып бекіту сұрақтарын беремін.

  1. График қандай мәліметтерді сипаттау үшін қолданылады? Кез-келген мәліметке мағыналы график тұрғызуға бола ма?

  2. Дөңгелек, көлемдік және сызықтық гистограммалар қандай мәліметтерді көрнекі бейнелейді?

  3. График пен диаграмманың ұқсастықтары неде?

Оқушыларға үлестірмелі карточка ретінде дайындалған тапсырмалар таратамын. Оқушылар жеке-жеке диаграмма мен график салады.


5.Қорытындылау


Қорытындылау үшін оқушыларға интерактивті тақтадан сәйкестендіру тестін орындатамын (Excel-дегі батырманың атауларын табулары қажет.)

6.Бағалау


Оқушыларды үй тапсырмасы және жаңа сабақтың бекіту сұрақтарына жауап беруіне, үй тапсырмасы және жаңа сабақтың жауап парағының нәтижесіне қарап бағалаймын.


7.Үй тапсырмасын беру


«MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграммалар тұрғызу» тақырыбын оқу, диаграмма түрлеріне сөзжұмбақ құрастырып келу.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее