«Зимний фестиваль знаний 2025»

Мен- патриотпын!

Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, стикер, постер және оқушылардың патриоттық сезімдерін оятатын әр түрлі көрнекіліктер, мемлекет рәміздері, елтаңба, жалау, суреттер.т.б

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Мен- патриотпын!

Сабақтың мақсаты:

Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, стикер, постер және оқушылардың патриоттық сезімдерін оятатын әр түрлі көрнекіліктер, мемлекет рәміздері, елтаңба, жалау, суреттер .т.б


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

- Психологиялық ахуал орнатылады. «Сені көргеніме қуаныштымын! »

- Оқушылар топта бөлініп отырады.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Ұлы тұлғалардың суреттері беріліп, оқушылардан суреттерге сұрақ жазу тапсырылады.

Мысалы:

  • Бұл кім?

  • Бұл кісі еліміздің өркендеуіне қандай үлес қосқан?т.с.с Осы сұрақтарға сіздерден жауап іздеп көрейік? Әр топтан спикер шығып, сұрақтарға оқушылардан жауап алады.




1. Сонымен балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы екен?

2. «Патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3. Ел патриоты болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болуы керек?

4. Қазақстанда патриоттық бейнесімен көзге түскен қандай тұлғаларға,ақын-жазушыларға, спортшыларға, әншілерге т.б. ұқсағыларың келеді?


Бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің тапқырлығымызды,білімділігімізді ,ақылдылығымызды көрсету арқылы патриот екенімізді дәлелдейміз. Сол мақсатта білімдерімізді ортаға салып сайысамыз.

III. Мақсатқа жету.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз ІІІ бөлімнен тұрады:

І бөлім: «Бәйге» деп аталады? (бұл бөлімде сіздерге сұрақтар қойылады?)

ІІ бөлім: «Ізін жалғастыр» ( мақал –мәтелдердің ізін жалғастыру)

ІІІ бөлім: « Сөз тапқанға»

(Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)

І бөлім: «Бәйге» 10 сұрақ

1.ҚР астанасы қай қала? (Астана)

2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран,Ту,Елтаңба).

3.Әнұранның сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев).

4.ЭКСПО қай қалада өтіліп жатыр? (Астана)

5.Тұңғыш елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

6. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков)

7. Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).

8. Қазақстан қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз мемлекет).

9. Қазақстан тәуелсіздігіне биыл неше жыл? (25 жыл)

10.Биылғы жылы Рудный қаласы қанша жасқа толып отыр? (алпыс )


ІІ бөлім: «Ізін жалғастыр» ( мақал –мәтелдердің ізін жалғастыру)

1.Отан неден басталады... ( от басынан басталады)

2. Отан үшін еңбек етсең ... (халқыңның сүйген ұлы боласың.) 

3. Отан үшін отқа түс — күймейсің ...(Арың үшін алыссаң — өлмейсің. )

4. Туған жердей жер болмас,.. (Туған елдей  ел болмас.)

5.Кісі елінде сұлтан болғанша ... (өз еліңде ұлтан бол)

6. Тіл мәртебесі ... (ел мәртебесі.)

7. Ерлік білекте емес,... ( жүректе.)

8. Еңбек ерлікке жеткізер... (Ерлік елдікке жеткізер.)

9. Ел үмітін ер ақтар...( Ер атағын ел сақтар.

10. Ерлік – елге мұра... (ұрпаққа - үлгі.)


ІІІ.Сөз тапқанға.

(Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)
бұл бөлімде екі оқушы шығып жарысып, тапқырлықтарын танытады.







1-оқушы: (Б)

Суды немен ішесің?
Сенің досың кім?
Бүгін сенде неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасың?
Қай көшеде тұрасың?
Жасың нешеде?
Қай ертегіні ұнатасың?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршің кім?
Ағаңның есімі?

2-оқушы: (М)

Сенің көршің кім?
Дос қызыңның есімі?
Қандай ертегі ұнатасың?
Қай жануар ұнайды?
Зат есімге мысал?
Көйлекті неден тіккен?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті пәнің?
Күн ішінде не бар?

IV. Қорытынды: 

Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Б- білімімді арнайтын

О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын

А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын

А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгергн

Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген


Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін


Бәрі: Мен боламын еңбекқор,

Болашағы елімнің!

Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты көрсетілген. Сондықтан да біз Елбасымыздың айтқан жолымен жүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қоссақ нағыз патриотқа айналамыз.















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее