«Зимний фестиваль знаний 2025»

Мен-патриотпын.

Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.

Тәрбие сағаты. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі - түсті маркер, флипчарт. Көрнекіліктер: Отанды сүю – отбасынан басталады. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.

Тәрбие сағаты. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. 
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтижелер: 
Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. 
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. 
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі - түсті маркер, флипчарт. 
Көрнекіліктер: 
Отанды сүю – отбасынан басталады. 
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. 
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. 

І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі

  • Ширату сәті.

  • Аспаны ашық еліміздің,
    Көркі сұлу жеріміздің,
    Біз-бақытты баламыз!
    Ақпыз,қара, сарымыз,
    Ағайынбыз бәріміз!

«Синквейн» әдісі

Зат есім: Кім? Патриот

Сын есім: қандай? Аса өнегелі, жауапты

Етістік: не істейді? Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

Сөйлем: Өз Отанын сүйеді,

Синоним: Азамат.

ІІ-Ой тастау

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

-Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Хор: «Отан»

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.


Слайдттар көрсету. (Қазақстан Астана туралы.)

ᴥ Өзінің туған ауылына арналған «Менің ауылым» атты суреттердің көрме конкурсы, қорғалынуы керек;

ᴥ «Мен - қала құрлысшысымын» рөлдік ойыны («Лего» конструкторынан қала, ауылдың жаңа бөлігінің макетін жасау) және т.б.


ІІІ . Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

- патриотизмге өз анықтамасын бере;

- тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге байланысты кіші Отанының тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре;

- патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.
































Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото, сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен бірлесіп бейнефильмдер түсіру.


«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.

«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:

1. Неге? - Why?

2. Түсіндір - Explain

3. Ата - Tell

4. Ұсын - Offer

5. Ойлан тап - Invent

6. Бөліс – Share

«Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті: бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады, қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір адамның рөліне кіріп ойнай алады.

Кластер — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде біріктіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.

«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:

Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.

Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.

Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.

Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.

Соңғы жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.

«Ақыл картасы» әдісі. Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған.

Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс, кем дегенде үш түсті! Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.

Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте – аса маңызды емес шаруалар, көк түсте - міндетті шаруалар, қызыл түсте – шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элеметтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады.

Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб).

Өзгертілген Дебаттар.

Бұл Дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі.

- сөйлеу регламентінің қысқаруы,

- командадағы ойыншылар санының көбеюі,

- аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар,

- тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы,

- ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы,

- ойынның жүргізушісі мұғалім болады.

Жобалық дискуссия. Бұл белгілі бір тақырыпта жоба дайындау және қорғау әдісіне негізделген. Топтық талқылаудың тиімділігін асыру үшін қажет әдістерді дискуссия жасау арқылы білуіміз керек:

1. Ойды дәлелдеуге және рәсімдеуге арналған нақтылайтын сұрақтар («Сіз мұнымен нені айтқыңыз келіп тұр...?», «Сіз мұның дұрыс екенін қалай дәлелдейсіз?»).

2. Парафраз – айтылғандарды түсініп, нақтылау және қайта ойластыруға ынтылындыру үшін кейбір сөздерді қайталау («Сіз былай деп айттыңыз...сонда?», «Мен сізді былай түсіндім...?»)

3. Түсініспеушілік таныту – қатысушылардың пікірлерді нақтылап түсінуге, қайталауға итермелеу («Мен сізді түсінбедім, сіз не дегіңіз келіп тұр, өтінемін, түсіндіріңізші...?»).

4. «Күмәндану» – әлсіз және мұқият ойластырылмай айтылған ойларды сиретеді («Солай ма еді?», «Сіз осы айтқаныңызға сенімдісіз бе?»).

5. «Альтернатива» – жүргізуші қарама-қарсы жағдайға назар аударып басқа көзқарасты ұсынады.

6. «Сандыраққа жеткізу» – жүргізуші айтылған бекітумен келіседі де, бірақ содан кейін одан сандырақ қорытындылар шығарады.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее