«Осенний фестиваль знаний 2026»

Машаның туған күні /Ұйымдастырылған оқу қызметі/

Балабақша балаларына арналған техкарта.Тәрбиешілерге көмекші құрал болады.

Олимпиады: Дошкольникам "Осенняя карусель"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әйгерімнің туған күні» (шығармашылықпен әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Балаларды ойыншықтар туралы түрлі оқиғалар айтуға баулу. Өз ойын дұрыс қалыптастыру, жеткізу қабілеттерін дамыту. Балалардың шығармашылықпен әңгіме құрастыруға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: ойыншықтар – қуыршақ, көжек, күшік, қонжық.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, әңгіме құрастыру, өлең жаттату.

Сөздік жұмыс: жақсы тілек, әдемі сыйлық, құттықтау


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері.

Тәрбиешінің үстелінде қуыршақ Әйгерім отыр. Оның жанында қонжық, көжек, күшік бар. Балалар ойыншықтарға қарама-қарсы жарты шеңбер жасап отырады.

Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы












− Балалар, бүгін біздің сүйікті ойыншығымыздың бірі – Әйгерім қуыршақтың туған күні.

Қане, барлығымыз бірге оны туған күнімен құттықтайық.

− Әйгерімнің туған күнін тойлайтын достары өте көп.

- Қараңдаршы, Әйгерімнің қасында қандай ойыншықтар бар?

− Олар Әйгерімнің туған күніне не сыйлар екен? Сендерге айтты ма?

− Балалар, Әйгерім – туған күн иесі. Сондықтан оған бүгін жақсы тілектер айтып, шын көңілімізбен әдемі сыйлықтар сыйлауымыз керек. Әйгерім туралы не айтасыңдар?







− Әйгерімнің достары күшік, көжек, қонжық туған күнге қалай дайындалды?

Кәне, балалар, ойланыңдаршы.

- Арслан, сен қай ойыншықты ұнатасың?

− Мақсат, күшікті қолыңа алып, оның Әйгерімнің туған күніне қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы айтып берші.

− Жарайсыңдар, балалар! Біз Әйгерімнің туған күніне достарының қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы білдік.

Сергіту жаттығуы.

− Балалар, енді М.Жаманбалиновтың «Бөбек жыры» өлеңін жаттап алып, Әйгерімге айтып берейік.

Бөбек жыры

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Өлеңді оқиды.

− Жарайсыңдар, балалар, өлеңді жаттап алдыңдар. Әйгерім сендерге өте риза болды. Біз де әр жыл сайын өз туған күнімізді достарымызбен, ата-анамызбен атап өтеміз. Балалар, бір-біріңізді осындай қуанышты күнмен құттықтауды

ұмытпаңыздар.



− Туған күнің құтты болсын, Әйгерім!



− Қонжық, көжек, күшік бар.







− Әйгерім – өте әдемі қуыршақ. Ол әдепті, ұқыпты.

− Әйгерімнің үстіндегі ақ гүлдері бар қызыл көйлегі өзіне жақсы

жарасады.

− Әйгерім бүгін шаштарына әдемі бантиктерін тағып келіпті.

− Қолында сәнді сөмкесі бар.

− Аяқтарында жылтыраған туфлиі бар.

− Мен күшікті жақсы көремін.

Өз ойынан әңгіме құрастырып айтады, осылайша балалар қонжық болып, көжек болып әңгіме құрастырады.



Сергіту сәтін орындайды.




Өлеңді қайталайды.

Тәрбиешінің көмегімен өлеңді жаттауға кіріседі





Рефлексті - коррекцялаушы

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою. Балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өзінің ойыншықтары туралы айтып бере білуі керек.

Болуы керек: Қуыршақты сипаттай білуді игереді.

Қолынан келуі керек: Өз ойын дұрыс жеткізе білді.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2026»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее