«Зимний фестиваль знаний 2025»

Лакшми Агарвал тағдыры. Үндістандық әйел тағдыры.

Бұл мақалада Үндістандық тележүргізіуші Лакшми Агарвалдың тағдыры баяндалған.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

https://ru.qwe.wiki/wiki/Laxmi_Agarwal


Лакшми Агарвал-(1990ж 1маусымда туылған) Үндістандық тележүргізуші. Ол қышқыл шабуылынан зардап шеккендердің құқықтары қорғаумен айналысады. Және өзі де қышқылдық шабуылдың құрбаны болған. Оған 2005 жылы, яғни 15 жасында 32 жастағы Гудда есімді жігіт

( лақап аты Наим Хан) шабуыл жасаған. Кейіннен Гудда жасағанын қылмысын мойындамаған.Кейіннен Лакшмидің оқиғасы, «Үндістан Таймс» газетіндегі қышқыл шабуылының құрбандары сериясында жарияланған. Сонымен қатар, Лакшми қышқылдардың шабуылына қарсы 27000 петиция қол жинаған. Және де петицияны Үндістан Жоғарғы Сотына жіберген алғашқы әйел. Оның бұл мәлімдемесі Жоғарғы Сотқа орталық және штат үкіметтеріне қышқыл сатуды реттеу туралы бұйрық беруге итермелеген. Лакшми Агарвал қышқылды теріс пайдалану мен қышқыл сатуға қарсы науқанды тоқтату сатылымының негізін қалаушы. Лакшми бұл науқанды ұлттың кең қолдауына ие болған #StopSaleAcid арқылы бастады. 2019 жылы ол Әйелдер мен балаларды дамыту министрлігі IWES және де Ауыз су және санитария министрлігі мен ЮНИСЕФ-тен, қышқылды сатуды тоқтату акциясы үшін халықаралық әйелдерге арналған марапатына ие болды. Сонымен қатар Лакшми Үндістандағы қышқыл шабуылынан зардап шеккендерге көмектесуге арналған Chhanv Foundation үкіметтік емес ұйымының бұрынғы директоры. Және де 2014 жылы Американдық ханым Мишель Обаманың «Әйелдік ерлігі үшін» халықаралық марапатын алған.


Лакшми өмірі

Лакшми Нью-Делидегі қарапайым отбасыда дүниеге келген Ол 15 жасында қышқыл шабуылының құрбанына айналған. Сол себепті өз мансабын Stop Acid науқанынына қатысушы ретінде бастаған. Ол алғашқы жылдары науқанның үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Көп ұзамай Лакшми бүкіл әлемдегі қышқыл шабуылдарынан құрбандарының батырына айналды. Себебі ол Үндістандағы қышқыл сатуды тоқтату және қышқыл шабуылдарынан құрбандарын өз қалпына келтірі үшін аянбай қызмет етті. Қазірде Лакшми өзінің StopSaleAcid науқанын бастады. 2014 жылдың маусым айынан бастап Лакшми New Express-те Udaan

телешоуын жүргізуші болып жұмыс істейді.

Сот отырысы

Жоғарғы Сотта Қоғамдық мүдделер жөніндегі сот талқылауы кезінде Лакшмидің беті мен денесінің басқа бөліктері қышқыл шабуылында жарақаттанғанғындығы айтылды. 2006 Нью-Делидегі Туглак жолының жанында үш адам Лакшмиға қышқылмен шабуылдады. Өйткені ол Наим Хан яғни Гуддуға үйленуден бас тартқан еді. Оның өтініші қылмыспен күресу үшін жаңа заң шығаруға немесе қолданыстағы қылмыстық заңға

(Evidence Заңы) өзгеріс енгізуге түрткі болды. Лакшми мұнымен тоқтап қалмай, бүкіл елде әйелдерге жасалған мұндай шабуылдардың көбеюін айтып, қышқыл сатуға толық тыйым салуды өтінді. Сәуірдегі сот тыңдалымы кезінде, оған Үндістанның Жоғарғы Соты штаттық үкіметтерімен бірге 9 шілдеде өтетін келесі сот отырысына дейін жоспар құрып, жұмыс істеуді тапсырды. Алайда ол тапсырманы орындай алмады. Дегенмен Жоғарғы Сот үкімет химиялық шабуылдардың алдын-алу үшін қышқыл сатуды тежеу ​​саясатын жасамайтын болса, бұйрықтар берілетінін ескертті. «Үкіметтің бұл мәселені шешуге мүлдем талабы болған жоқ», - деді судья Р.М.Лодха. Оған дейін, ақпан айында сот Орталықта барлық мемлекеттер мен одақтық аумақтардың бас хатшыларының кездесулерін алты апта өткізген еді. Онда қышқылдарды сатуды және осындай құрбандарды емдеу, өтемақы, күту және оңалту саясатын реттейтін заң қабылдау туралы нұсқау берген болатын. Сонымен бірге, 2013 жылы Жоғарғы Сот Лакшми мен Рупаның пайдасына қышқыл сатуға шектеулердің жаңа жиынтығын жасады. Жаңа ережеге сәйкес, 18 жасқа толмаған кез-келген адамға қышқыл сатылмайтын болды. Сондай-ақ, қышқыл сатып алмас бұрын сатып алушы жеке куәлігін көрсетуі міндетті болып саналды. Бірақта Лакшмидің айтуынша, жаңа ережелерге қарамастан жер бетінде көп нәрсе өзгере қоймаған.«Қышқыл дүкендерде әлі де еркін сатылып жатыр. Оған дәлел ретінде біздің еріктілер барып, қышқылды оңай сатып алғанын айтуға болады.Менде қышқылды оңай сатып алдым », - деді ол. Дегенмен Лакшми «Shoot қышқыл» атты жаңа жобаны іске қосыпты. Және де сол жобаның арқасында, ақпарат алу құқығын қолдана отырып, әр ауданда қышқыл сатылымы туралы мәлімет алуға тырысуда екен. Және де осы бастама арқылы жиналған мәліметтерін Жоғарғы Сотқа, жергілікті жердегі жағдай туралы хабарлау үшін жіберуге ниетті көрінеді.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее