Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Аппликация, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Күзгі баққа саяхат»
Мақсаты:
1. Өткен ұйымдастырылған оқу қызметтерін қайталай отырып, балалардың білім деңгейін, дүние танымын тереңдету, ой-қиялын өсіру. Балаларға жемістер мен көкөністер туралы білім беру, геометриялық пішіндерді қайталау,
2. Сөздік қорын молайту, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту.
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көріп, сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.
Көрнекі құралдар: Күз табиғаты бейнеленген суреттер, жеміс-жидектер, көкөністер, әр түсті геометриялық денелердің макеті, түрлі түсті таяқшалар.
Жаңа технология: Денсаулық сақтау технологиясы бойынша сергіту сәті
Тәрбиеші:
Балалар, қане, бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасап, көңіл-күйімізді көтерейікші.
«Шаттық шеңбері»
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансыңба, Жер - Ана!
- Амансыңба, достарым!
Жылуыма жылу қос!
Міне, менің қолым!
(Балалар тәрбиешінің артынан қайталау арқылы шаттық шеңберін жасап, көңіл-күйлерін бір көтеріп алады)
Тәрбиеші:Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін саяхатқа шығу арқылы өткіземіз.
Балалар, біз көңілді саяхатқа шығайық .
Тәрбиеші:Балалар, мынау не? Кім біледі?
(Геометриялық денелердің макетін көрсету)
Балалар:Үшбұрыш.
Тәрбиеші:Түсі қандай, кім айтады?
Балалар:Көк.
Тәрбиеші:Ал мынау не?
Балалар:Олтөртбұрыш.
Тәрбиеші:Түсіқандай?
Балалар:Қызыл.
Тәрбиеші:Балалар, бәріміз пойызға отырып, саяхатқа барайық.
Қимылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
Паровозы олпоездың.
Ал,паровоз, бастаалға
Бәріміздібасқара
Пыш-пыш, пыш-пышбізкеттік,
Жүрістібізүдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
(Балалар бір-бірінің артына тұрып, белдерінен ұстап жүреді)
Тәрбиеші:Енді поездан түсейік.
Бірінші аялдама – «Дүкен».
Тәрбиеші:Балалар, күз мезгілінде диқандар егін орады, бау-бақшалардағы жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер мен көкөністерді дүкенге әкеледі.
(Балалардың назарын стөл үстіндегі жемістер мен жидектер, көкөністерге аудару)
Тәрбиеші:Дарын, сен көкөністерді сатып ал.
Тәрбиеші:Тоғжан, жеміс-жидектерді сатып ал.
(Екі бала екі себетке жинайды)
Тәрбиеші:Қане, Самат қанша көкөніс сатып алыпты, бәріміз бірге санайық.
Балалар:4 көкөніс
Тәрбиеші:Атын атаңдар.
Балалар:Сәбіз, пияз,қызанақ, қияр.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар!
Тәрбиеші:Тоғжан не сатып алды?
Балалар:Жеміс-жидектер.
Тәрбиеші:Кәне, атын атап, қанша екенін санаңдар. Жеміс-жидектер 4 (алма, жүзім, алмұрт, өрік).
Тәрбиеші:Балалар, осы алма,жүзім, өрік, алмұрт қайда өседі?
Балалар:Ағаштарда өседі.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар. Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ қайда өседі?
Балалар:Бақшада өседі.
Тәрбиеші:Балалар, сонымен көкөністер бақшада,жемістер бақта ағашта өседі екен.
Жемістерге байланысты тақпақтар айтайық.
Алмұрт:Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Өрік:Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Жүзім:Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып түзілдім.
Тәрбиеші:Балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Кімніңболсабойыұзын-
Паровозы олпоездың.
Ал,паровоз, баста алға
Бәріміздібасқара
Пыш-пыш, пыш-пыш.
Тәрбиеші:Тоқтаңдар! Одан әрі жол жоқ. Алдымыздан көрінген не?
Балалар:Көл.
Тәрбиеші:Көлден өту үшін не керек?
Балалар:Көпір.
Тәрбиеші:Дұрыс. Олай болса алдымен көпір салайық, ол үшінбізге түрлі түсті таяқшалар қажет.Мына суреттегідей санау таяқшаларынан көпір құрастырамыз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Бәріміз өзіміз жасаған көпір арқылы арғы бетке өтейік.
Екінші аялдама: «Бау-бақша»
Тәрбиеші:Біз бау-бақшаға келіп қалдық. Бау-бақшада не өседі?
Балалар:Алма.Алма қызыл, тәттіболады.
Жұмбақ.
Бой жазаалмай,ойнайалмай,
Денеңмұздаптоңады.
Бөбектерім,айтыңдаршы,
Бұлқайкездеболады?
Балалар:Күзмезгілінде.
Тәрбиеші:Күзмезгіліндетабиғатқандайөзгерістергеұшырайды?
Балалар:Күнсуытады, жаңбыржауады, жапырақтарсарғайыпжергетүседі, құстаржылыжаққаұшады, адамдар, балаларжылыкиінеді.
Тәрбиеші:Өтежақсы. Балалар, сендершаршапқалғансияқтысыңдар. Бойымыздысергітіпалайық.
Сергітусәті:
Саябаққабарамыз,
Алма теріпаламыз.
Еңүлкенін, тәттісін
Себеткебізсаламыз.(2 рет)
(Балалар орындарынан тұрып, тәрбиешімен бірге өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды)
Тәрбиеші:Балалар, бәріміз бау-бақшаның ішінде орналасқан стол басына отырайық. Мен алманы сары қағазға жапсырамын. Сендер де осы алманы жапсырасыңдар. Кәне, барлығымыз дұрыс отырып, мұқият қараймыз.
(Балалар алманы жапсырады)
Тәрбиеші:Сендер әдемі, әрі таза жапсырады екенсіңдер. Балалар, бізге бағбандар сыйлық дайындап қойыпты. Балалар себеттен алмаларды алады.
Тәрбиеші:Алманың дәмі қалай екен?
Балалар:Тәтті.
Тәрбиеші:Балалар, біздің бөбекжайымызға қайтатын уақытымыз болып қалыпты ғой.
Қане, пойызымызға отырайық.
Кімнің болса бойы ұзын-
Паровозы олпоездың.
Ал,паровоз, баста алға
Бәріміздібасқара
Пыш-пыш, пыш-пыш.
Тәрбиеші:Балалар, бөбекжайға келдік.
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою.
Тәрбиеші:Бүгін ұйымдастырылған оқу қызметінде не жайлы айттық?
Балалар:Жемістер мен көкөністер жайлы айттық.
Балалар:Геометриялық денелерді және оның түстерін ажырата білдік. Алманың тәтті дәмін білдік.
Тәрбиеші:Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерге не ұнады?
Балалар:Күзгі баққа саяхат жасаған ұнады.
Балалар:Көпір құрастырған ұнады.
Балалар:Алманы жапсырған ұнады.
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Мен сендерге жұлдызша беремін