«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Күз мерекем, күз-берекем"

Күз мезігілі сиқырлы мезгіл, жапырақтар жерге төгіліп, жерде жатады

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: "Күз мерекем, Күз--берекем"

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы түсіндіру.Олардың әрқайсысы өз қызығымен ерекше екендігін ұғындыру.Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін,қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп,

Тойға бөлеп елімді, күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.


Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар?! Бүгінгі "Күз -мерекем, Күз-берекем" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! (музыка әуенімен балалар залға кіреді)


Балалар (хормен)

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық береке,

Алтын күз мереке.

(Балалар орындарына жайғасады)


Жүргізуші: Балаларымыздың күз мерекесіне арнаған тақпақтарына кезек берейік.


Бала:

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.


Бала:

Тілеймін аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс бірлік ала келді.


Бала:

Күн суытып келеді,

Жапырақтар түседі.

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді қонақтарға күз туралы әнімізді шырқайық.


Ән:"Алтын күз"


Жүргізуші: Балалар әнді тамаша орындадыңдар, тағы да күз туралы тақпақтарымызға кезек берейік.


Бала:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Бала:

Алақай! алақай!

Шаттанды балақай.

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз алғысты.


Бала:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


Жүргізуші:Өте жақсы, тақпақтарын керемет. Енді балаларымыздың биін тамашалаңыздар.


Би:"Бұлттар"


Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз

Жүргізуші:Қане, кім күз айларын атап шығады?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Жүргізуші: Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.

Қыркүйек айы: Менің атым қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

Сабина:Күн ғой бір ең тәуір,

Бірінші қыркүйек.

Қоңырау соғылды,

Күміс күй төгілді,

Білімге талпынған,

Балалар жиылды.

Қазан айы: Менің атым қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын. Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?

Балалар: Ұстаздар күні мен қарттар күні.

Қараша айы: Күздің соңғы айы мен қараша деген мен боламын. Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Бала:

Қараша айы жасай бер,

Бар өмірдің белесі,

Адамзатқа бақ берген,

Он екі айдың төресі.

Жүргізуші:Өте жақсы, балалар күз мезгілі және күз мезгілінің айларын толық біліп тұр. Ендеше балаларымыздың әнін тамашалаңыздар.


Ән:"Күзгі бақ"


Жүргізуші: Ал енді балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін күз ханшайымын ортамызға шақырайық.

(Қолында күзгі базарлығы бар, күз ханшайымы билеп шығады )

Күз ханшайымы:

Армысыздар балалар,

Күзгі бақтағы қонақтар,

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйын көз тартар.

Балалар: Көп рахмет сізге алтын күз

Жүргізуші:Балалар, күз ханшайымының сыйын еңбек етіп алуларымыз керек. Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті, шешуін дәл тапқандарға сыйымды беремін дейді.

Жұмбақтар:

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары .

Балалар: Жапырақ

Көкала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

Балалар:Қарбыз

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Балалар: Пияз

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар, жұмбағымның шешуін дұрыс таптыңдар.



Күтпеген жерден аю кіріп келеді.


Аю: Балалар мен жаңа өзі әдемі киінген қолында себеті бар бір қызды көріп едім. Мына базарлығын жолда ұмытып кетіпті. Сендерге келді ме?

Балалар: Ия, бізге келді.

Күз ханшайымы:Салеметсіңбе аю? Мен мұндамын, сені көріп тұрғаныма қуаныштымын,

сыйымды да ала келіпсің, рахмет саған .

Аю:күз ханашы саған көмектескеніме қуаныштымын. Балалар мен күз туралы ештеңе білмеймін.Сендерден үйреніп алайын.

Жүргізуші: Аю сәлеметсіңбе? Олай болса, біздің балалармен ойын ойнап, ән айтып, би биле, міне сонда бәрін де үйреніп аласың.


Ойын:"Кім жылдам"

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, екі жақта себетте тұрған жаңғақтарды қасықпен тездетіп жинайды, қай топ бірінші жинаса, сол топ жеңіске жетеді.


Күз ханшайымы:Балалар өте қызық ойын болды. Аю саған ұнады ма?

Аю: Ұнады, өте қызықты ойын екен.

Күз ханшайымы: Айтыңдаршы, жемістер қайда өседі?

Балалар: Бақта

Күз ханшайымы: Көкөністер қайда өседі?

Балалар: Бақшада

Күз ханшайымы:Өте ақылды балалар екен, аю сен үйреніп жатырсыңба? Балаларды мұқият тыңдап түр.

Аю: Әрине

Жүргізуші: Ендеше балаларымыздың көкөністер туралы тақпақтарын тыңдайықшы.


Бала:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын.

Бала:

Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алмағын.

Бала:

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем ,

Тілді балдай үйірем.

Бала:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін,

Бау бақшаға көрікпін.


Жүрізуші:Рахмет сендерге, сендер күздің сәнін ғана келтіріп қоймай,біздің мерекеміздің де шырайын келтірдіңдер.

Аю:Балалар менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Сендердің өнерлерің, тамаша екен. Ендеше ойынымызды бастайық .


Ойын:"Кім шапшаң"

Ойынның шарты:Ортаға екі ана және екі бала шығады. Алдарыңызда қыстық киімдер қойылған. Әуен қосылғанда осы киімдермен өз балаларыңызды балабақша шапшаң киімдіріп жіберуіңіз керек.


Жүргізуші:Өте қызықты ойын болды. Рахмет күз ханшайымы, аю балалардың өнері әлі таусылған жоқ. Төрімізге шығып тамашалаңыздар.

Бала:

Leaves on the graund ,

Leaves on the steet ,

Leaves on the cot ,

Leaves on the feet .


Жүргізуші:Балалар сендердің өнерлі екендеріңді тамашаладық, енді қонақтарымызға орыс тіліндегі әнімізді шырқап берейік.


Ән:"Осень в лесу"


Жүргізуші:Өте жақсы, біздің балаларымыз орыс және ағылшын тілдерінде де ән айтып, тақпақтарын айта біледі. Аю сен үйреніп ал.

Ал енді, әсем қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.


Би:"Орамал"


Жүргізуші: Жарайсыңдар, керемет биледіңдер, ендігі кезекті тағы да күз туралы тақпақтарымызға берейік.

Нұршат:

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап астық алдық біз.

Бала:

О,балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Гүл жапырақ салыпты,

Ел егінін орыпты.

Бала:

Күзде жауын бұлт тұман,

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқып,

Сапырады даланы.

Бала:

Жарып шыққан қауызын,

Дән өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың.

Бала:

Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған.

Айналайын диқаннан,

Егін егіп,нан жиған.

Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар, күз туралы тақпақтарыңды тамаша айтып шықтыңдар. Ал енді, ұлдарымыздың биін тамашалайық.


Би:"Жігіттер"


Жүргізуші:Ал енді, ортамызға күз ханшайымы мен аюды шақырайық.

Күз ханшайымы:Айналайын балалар енді мен сендермен қоштасамын, бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін. Сау болыңыздар!

Аю:Рахмет сендерге, мен сендердің білімді, өнерпаз балалар екендеріңе риза болдым. Ағылшын және орыс тілдеріндегі тақпақтарыңызды жаттап алдым, ойындарыңды үйреніп алдым.Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Жүргізуші:Құрметті қонақтар осымен тобының "Күз мерекем, Күз-берекем" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее