«Зимний фестиваль знаний 2025»

Күлше қызға көмектесеміз қоршаған ортамен таныстыру

Күлше қызға көмектесеміз атты ортаңғы топ балаларына арналған ашық сабақ. қоршаған орамен таныстыру.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1) Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар жарты шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, бізге бүгін қонақтар көп келіпті. Қонақтарымызбен амандасайық.

АЛ ҚАНЕКИ БАРІМІЗ

СӘЛЕМ ДЕЙІК ҮЛКЕНГЕ

СӘЛЕМЕТСІЗДЕРМЕ ҚОНАҚТАР. ЗДРАВСТВУЙТЕ!

Жарайсыңдар балалар! Енді қонақтарымызға әдемі күлкімізбен, әдепті тәртібімізді көрсетейік.

  • Балаллар бүгін біз «Күлше қыз» ертегісіне саяхатқа барамыз. Балалар саяхатқа немен баруға болады айтындаршы?

  • Пойызбен, көлікпен, ұшақпен т.б

  • Балалар бүгін біз ауе шарымен барамыз қанеки ауе шарын үрлейік. Үрлеп болғаннан кейін отырып дайындаламыз. Жоғары көтерілдік қолдарымыздан қатты ұстаймыз. Көтерілдік армандап қараңдаршы қайда барғыларын келеді? Енді оң жаққа қараймыз не көріп тұрмыз балалар? (тақтада зәулім сарайдың суреті) мінеки балалар біз ертегілер еліне келдік. Бұл күлше қыздың үйі күлше қыз бізге хат тастап кетіпті балалар!

  • Сәлеметсіздер ме балалар менің атым «Күлше қыз» маған өгей шешем би кешіне бармас көп шаруаларды орындасын депті балалар күлше қызға көмектесеміз ба?

  • Көмектесеміз!

Тамаша балалар ендеше бірінші тапсырма бақшадан көкөністер мен жемістерді жинап алу керек. Тақтада көрсету. Балаларды екі топқа бөлу біріші топ жемістерді жинайды екінші топ көкөністерді жинайды.

Екінші топсырма көкөніс салаты мен жемістер шырынын қайнату.

Сергіту сәті: «Салат» саусақ ойыны.

Сәбізді алып тазалаймыз,

(оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз,

(екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз,

(саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам

(екі қолын алдына жайып  көрсетеді)

Дәруменге байыған.

(алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді)

Тамаша балалар.

Енді балалар қарандаршы огей шешенің екі қыздары екі түсті атбас бұршақтарды араластырып жіберіпті «Күлше қыз» өзі жалғыз атбас бұршақтарды жинай алмайды көмектесейік

Үшінші тапсырсма

Ақ атбас бұршақтар мен қара атбас бұршақтарды сұрыптау керек.

Төртінші тапсырма: «Дәмін ажырат» жемістердің қышқыл және тәтті дәмдерін «Күлше қыз» атауларын ұмытып қалыпты қанеки ажыратып айтып берейік.

Тамаша балалар барлығын орындадындар.

Әсем әуенмен топқа күлше қыз кіреді

Сәлеметсіздер ме? Балалар сендер маған көп көмектестіңдер рахмет сіздерге. Енді мен үлкен сарайга мерекелік кешке баратын болдым. Рахмет маған көмектескендеріңіз үшін менің Перизатым сіздерге мынадай тәтті сыйлықты беріп жіберді. Топқа барғанда апайларың береді.

Рахмет сізге күлше қыз бізге сізге көмектескен қатты ұнады. Біз тобымызға барайық.

Ауе шарына отырамыз тобымызға қайтамыз.

Қорытынды: балалар біз қай жаққа қонаққа бардық?

Балалардың жауабы.

Қонақтарымызбен қоштасамыз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее