«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қош келдің, Жаңа жыл!

Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки



Қош келдің, Жаңа жыл!


Жүргізуші: (Гүлнұр ) Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, қонақтар, ата -аналар!

Міне көптен күткен «Жаңа жыл» мерекеміз де ортамызға келіп жетті.

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа Жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге.


Жүргізуші
: (Сандуғаш)

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Даярлық» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)


Жүргізуші: (Гүлнұр )

Олай болса, Жаңа жылды қарсы алуға арналған «Келді міне, Жаңа жыл»атты ертеңгілігімізге қош келдік демекпіз.

Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Ж.К.Батыровқа беріледі.

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы: (Гүлзада)

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!


Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші:( Сандуғаш)

Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға арнап «Шырша жыры» шырқайық


Жүргізуші: (Гүлнұр )

- Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: ( Сандуғаш)

Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет


Аю: (Фарида)

- Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.


Жүргізуші: ( Сандуғаш)

Мәссаған, балалар бұл кім?

Балалар. Аю.


Жүргізуші: (Гүлнұр )

- Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. (Майра)

Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: ( Сандуғаш)

Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Ән: Тауда туып тауда өскен.

Жүргізуші. (Гүлнұр )

Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: (Аягүл)

Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.


- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі бірге

Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:
Аяз ата!

Ақшақар
.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын

Қой

Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Барлығымыз аяз атаны алып шыршамызды айналайық.

Ән: Аяз Ата. Орындайтын: Аружан (Кәмшат Жаңа жыл 0 «Ж»)


Жүргізуші: Сандуғаш

Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.


Олай болса оқушылар тақпағына құлақ сал аяз ата.

Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп

Досымыз таң болып.



Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.


Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз. 0б

Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.





Жүргізуші. (Гүлнұр )

Балалар ақшақардың сіздерге арнаған сұрақтары бар екен жауап беріп көрейікші.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)



Жүргізуші:Сандуғаш
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

Би: «Аяз аталар» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Гүлнұр

Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.


Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.


Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп 0б
Аяз ата келер деп



Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым 0в

Бір жасқа енді

Би: Буратино
Жүргізуші:Сандуғаш

- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жылқы жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, жылкы қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(жылтыр сандық ішінен жылқы билеп шығады)

- Ау, жылқыжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(оқушылармен сұхбат.)


Жүргізуші:Сандуғаш
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.



Аяз ата: мына балаларда мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші:

Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші балалар бар. Тамашалайық!

Би: «Қуыршақтар» (Қойылым «Бауырсақ» ертегісі)


Жылқы -

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: Гүлнұр

- Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Би: Орыс биі (Би: Гном)

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)



(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, түлкіжан, түлкіжан
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата
: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)
Ән: Ёлочка

Би: Үнді биі Орындайтын Нұрайм

Жүргізуші:Сандуғаш

Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі бірге
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші:Гүлнұр

Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее