«Зимний фестиваль знаний 2025»

Кері итеруші күш

Кері итеруші күш тақырыбы 7- сыныпқа араналған сабақ

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Кері итеруші күш

Мектеп: №12 ОМ КММ

Күні: ж.

Мұғалімнің есімі:

Нургалиева Б.С.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.3.1.12- сұйықтар мен газдардағы керіитеруші күшінің табиғатын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

 Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге  кері итеруші күшітің табиғатын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Кері итеруш күш туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық  қызығушылығы артады

Кейбір оқушылар:

Кері итеруші күш формуласын қолданып есептер шығарады

Жетістік

критерийі

Кері итеруші күшті түсінеді, формуласын қолданады

Тілдік құзіреттілік

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек.

Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Кері итеруші күш

Отталкивающая сила

Repellent force


Құндылықтарды дарыту

Оқушылардыадамгершілікке, патриоттықсезімдібойларынасіңдіру.

АКТ қолдану

Оқушыларды адамгершілікке, патриоттық сезімді бойларына сіңдіру.

Пәнаралық байланыс

Математика, химия

Алдыңғы оқу

Архимед күші

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. «физикалық шамалар» тығыздық,масса,көлем

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

Ортасы

20 минут

Қолдану


1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

Шешуі:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

V=100см3

ρ=1000кг/м3.


=1*10-4м3

FА = ρcVcg.

ҒА=1000*10-4*10=1H

т/к FА -?



Жауабы: ҒА=1H


2-есеп.

3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.


3 есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

Жауабы:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

m=500г

ρ(т)=7900кг/м3.

ρ(к)=820кг/м3.


=0,5 кг

FА = ρ(к)Vcg.

V=m/p

V=0.5/7900=6,3*10-5м3

ҒА=820*6,3*10-5*10=0,51H

т/к FА -?



Жауабы: ҒА=0,51H



Есептер










Аяқталуы 15 минут




Рефлексия


3 минут

Сұрақтар мен тесті қарастыру

Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.

Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________деп атайды.

Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________айырмасына тең.

Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________

Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________

Архимед заңы арқылы әуеде _______, суда кемелер __________, сүңгуір қайықтар _______ .


Пысықтау тестері:

Сұйыққа батырылған шарларға әсер ететін кері итеруші күшті салыстыр:

А. Барлық шарға әсер ететі н кері итеруші күш бірдей.

Б. Сол жақтағы шарға әсер етуші күш көп

В. Оң. жақтағы шарға әсер етуші күш көп.

Г. Ортадағы шарға әсер етуші күш көп.

 Бірдей серіппелерге массалары бірдей шар ілінген. Егер шарларды толығымен суға батырса, қай серіппе көбірек қысқарады

А. Сол жақтағы.

Б .Ортадағы.

В.  Оң жақтағы

Г. Барлық серіппе бірдей қысқарады.

3. Бірдей серіппеге ілінген жүктердің көлемдері  мен массалары бірдей, бірақ  пішіндері әр түрлі. Суға батырса  қай серіппе көбірек    қысқарады

А. Сол жақтағы.

Б. Ортадағы

В. Оң жақтағы.

Г. Серіппелердің созылуы бірдей болады.

 

Суретте әр түрлі сұйыққа батырылған бірдей денелер берілген. Қай ыдыстағы сұйықтың тығыздығы көп

А.Сол жақтағы  бірінші.

Б. Сол жақтағы  екінші.

В .Сол жақтағы  үшінші

Г .Сол жақтағы төртінші

 

5.Суға салынған білеушелердің көлемдері бірдей.Қай білеушенің тығыздығы көп

А. Барлық  білеушенің  тығыздығы  бірдей.

Б.Сол жақтағы білеушенің  тығыздығы  көп.

В.Ортадағы  білеушенің  тығыздығы  көп.

Г. Оң жақтағы білеушенің  тығыздығы  көп.

 

6.Суретте  сұйыққа батырылған  білеушеге әсер ететін  күштер көрсетілген.

 Бұл білеуше  . . .  ,өйткені , Архимед  күші  ауырлық күшінен  . . .   болғандықтан

А. Батады . . . аз

Б. Сұйық ішінде жүзіп жүреді . . . тең

В. Қалқып шығады . . . көп

Г.Батады . . . көп

 

 

Суретте сұйыққа батырылған білеушеге әсер ететін  күштер көрсетілген.

 Бұл білеуше  . . .  ,өйткені ,Архимед  күші  ауырлық күшінен  . . .   болғандықтан

А. . Батады . . . аз

Б. Қалқып шығады . . . көп

В. Сұйық ішінде жүзіп жүреді . . . тең

Г.Қалқып шығады , тең.

 

8.Сұйыққа батырылған  дене қай жағдайда  батып кетеді

А. Егер ол темір  болса

Б.Ауырлық күші  Архимед күшінен  аз болса.

В. Ауырлық күші  Архимед күшіне  тең болса.

Г. Ауырлық күші  Архимед күшінен  көп  болса.

 

9.Әрқайсысының көлемі  0,5 м3 ,10 бөренеден жасалған  ағаш салға  қандай жүк салуға болады  ?

А .15 кН.        Б. 85 кН.        В. 1,5 кН.          Г.50 кН.

10.Массасы 480 г. тығыннан  жасалған   пластинканы  су астында  ұстап тұру үшін  қандай күш  жұмсау керек ?

А. 4,8 Н.      Б .15,2Н        В.20 Н            Г.24,8 Н.


БББ кестесі

Сұрақтар,

тест

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее