«Осенний фестиваль знаний 2024»

Келді міне Жаңа Жыл!

Балаларға бұл мерекенің дүние жүзі бойынша барлық халықтың үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екнін ұғындыру. Жаңа әндер үйрету, тақпақтар мен билер үйрету

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі КММ













«Келді міне,Жаңа жыл!»

«Балбөбек» шағын орталығы





















Тәрбиеші: Маратова М.Т



2017-2018 оқу жылы











«Бекітемін»

Мектеп директоры: С.Ж.Хамитов



Ертеңгілік тақырыбы: «Келді міне, Жаңа Жыл!»

Ертеңгілік мақсаты: балаларға бұл мерекенің дүние жүзі бойынша барлық халықтың үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екенін ұғындыру. Жаңа әндер, тақпақтар жаттату, би үйрету. Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жаңа жыл мен Ескі жылдың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Ертеңгілік көрнекілігі: жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті шарлар, жылтыр жіпшелер, жаңа жылдық суреттер.

Қатысушылар: әр түрлі маскарад киімін киген балалар, Аяз ата, Ақшақар, Ескі жыл, Жаңа жыл, жүргізуші.

Өтілу барысы: балалар залға музыкамен кіреді.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан ит жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін! «Балбөбек» тобының «Келді міне, Жаңа жыл !» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды-, дей келе құттықтау сөзімізді мектеп директоры С.Ж.Хамитовқа беріледі.

Жүргізуші:

-Балалар, мен қардың сылдырын естіп тұрмын бұл не болды екен, қарайықшы? Бізге кімдер келе жатыр екен?

Жаңа жылдың маңызды қонақтары кімдер?

Балалар:

-Аяз ата мен Ақшақар!

Жүргізуші:

Олар бізді несімен қуантады?

Балалар:

Сыйлығымен?

Жүргізуші:

Олай болса барлығымыз дауыстап Аяз ата мен оның немересі Ақшақарды ортаға шақырайық.

Барлығы қормен: Аяз ата, Ақшақар... Аяз ата, Ақшақар... Аяз ата, Ақшақар... Аяз ата, Ақшақар...

Аяз ата:

-Амансыңдар ма, балаларым?

Ақшақар:

Амансыздар ма, ағайын, бармысыңдар балақайлар?

Қош келдің ата-ана,

Міне, келді Аяз ата.

Ән салыңдар балақайлар,

Би билеңдер бізге еріп.

(Сырт жақтан жылаған дауыс шығады)

Жүргізуші:

Балалар, тыңдайықшы, бұл кімнің дауысы?Кім жылап отырған?

Балалар:

Білмейміз.

Жүргізуші: сыртта жылап отырған Ескі жылды, яғни, тауық жылын алып келеді.

Тауық сен жылама, біз сені жақсы көреміз, ұмытпаймыз. Балалар саған арнап би дайындаған екен соны барлығымыз тамашалайық.

Жуытар бойға жамандық.

Біз емес нашар балапан.

Өнермен біздер атандық

Әші де биші балапан.

«Балапан» биі.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, балалар! Сайқымазақтың сендерге арналған «Көңілді би» деген ойыны бар екен, соны ойнайық.

Ескі жыл:

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың.

Келер жыл сіздерге аманат.

Қош сау болыңдар балалар!

Жүргізуші:

-Балалар, ескі жылды шығарып салдық, енді жаңа жылды дауыстап шақырып, қарсы алайық.

Барлығы хормен: Жаңа жыл!!! Жаңа жыл!!! Жаңа жыл!!!

Жаңа жыл:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Рахмет, сендерге, балалар, мені бөтенсітпей қарсы алғандарыңа. Өнерлі, ақылды, тапқыр бала екенсіңдер. Енді сендермен бір жыл бойы бірге боламыз. Сол үшін мен қуаныштымын!

Жүргізуші:

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Аяз ата:

Өздеріңе оралдым,

Бар байлығым жоралғым.

Керемет бір би билеп,

Келіп тұр ау дем алғым.

Жүргізуші:

-Балалар, Аяз аталарың алыс сапардан шаршап келіпті. Олай болса Аталарың отырып дем алсын, ал сендер «Бақа» биін билеп беріңдер.

Аяз ата:

-Ооо, қандай өнерлі балалар?!Сендер Жаңа жыл туралы тақпақ білесіңдер ме?

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.


Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп



Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды.  Аяла
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже Ернур
Құтты болсын жаңа жыл

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.



Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.


Ақшақар:

-Иә, балалар, бізге арналған тағы да қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:

Біз өнерлі өренбіз

Көп билерді білеміз

«Бақа» биін сіздерге

Біздер билеп береміз.

Аяз ата сізге біздің балалардың билері ұнап жатыр ма?

Аяз ата: Жарайсыңдар менің балаларым! Сендердің өнерлерің маған ұнап жатыр, өнерлерің үстем болсын құлындарым!

(Өз сыйлықтарын балаларға таратып береді.)

Ал, балаларым, менің өздеріңдей сағынған алыс жерлерде балаларым тосып отыр. Енді Ақшақар қызым, Жаңа жыл үшеуіміз сол жаққа аттанайық. Сау болыңдар, балақайларым!

Жүргізуші:

Жаңа жыл келді, міне, жерімізге,

Әкелсін құт береке жерімізге.

Жақсылықпен қуаныш жылы болып,

Қиындық болмасын бәрімізде.

-«Балбөбек» табының бүлдіршіндері және ата аналары бірлеміп өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық пен бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Келесі жылға дейін аман есен болыңыздар!







































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее