«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. ҚМЖ

1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки


Сабақ тақырыбы:  Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат

Мектеп: «№1 Бақанас ОМ» МКМ

Күні: 7.12.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ахатаева С. Қ.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

Қазақстанда жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың жетістіктері мен зардаптарын айқындау.

Сабақ мақстаттары

Барлық оқушылар :

«Әскери коммунизмнен» жаңа экономикалық саясатқа көшудің экономикалық негіздері

Оқушылардың басым бөлігі :

ЖЭС-тың ерекшеліктері мен қиыншылықтарын біледі.

Кейбір оқушылар:

«Әскери коммунизм» жаңа ЖЭ саясаттарын салыстырады.

Алдынғы оқу

Өткен білімді еске түсіру және сабақ тақырыбымен байланыстыру

Сабақтың өтілуі

Бөлінетін уақыт

Іс-әрекеттер. Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі. (6 мин)

Басталуы

Миға шабуыл.


Жаңа сабаққа көпір салу. Сабақ тақырыбын және оның мақсат-міндеттерін анықтау үшін сұрақ-жауап тәсілін қолдану:

- Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жағдайы қандай еді?

- Себебі неде?

- КП (б) Х съезінде осы жағдайдан шығу мақсатында қандай қандай қаулы шығарды?

Осыдан бүгінгі сабақ тақырыбы «Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат».

Оқу мақсатымен таныстыру.

Оқу мақсаты: Қазақстанда жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың жетістіктері мен зардаптарын айқындау.

Топтастыру. Оқушыларды «Әскери коммунизм», «ЖЭС» топтарына бөлу.

Ортасы (28 минут)

 1.  3-слайд бойынша сабақтың негізгі мазмұнына жетелеу.

2. Бейнематериал – 2.06 – 6.29 мин.дейін.

(ЖГУ деканы, тарихшы, доцент А.К.Талемисовтық тақырып бойынша дәрісін ұсыну).

3. КБ. Топтық тапсырма. Әр топ өз атауларына қатысты саясат түріне сипаттама береді. (постер не класстер түрінде - 6 мин.) Топтар өз шығармашылық жұмыстарын қорғап шығады. ФБ.

4. 4-слайд бойынша «Әскери коммунизмнен» жаңа экономикалық саясатқа көшудің экономикалық негіздеріне қатысты оқушылардың жауаптарын толықтыру.

5. ТЖ. Венн диаграммасы арқылы «Әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсету. (Кері байланыс) барысында топтар бір-бірін толықтырады.

6. 5-слайд арқылы оқушылардың жауаптары толықтырылады да формативті бағаланады.

7. «Мозаика» әдісі. Қосымша ресурстар бойынша ЖЖ.

І жұп: ЖЭС кезіндегі өнеркәсіп өзгерістері

ІІ жұп: Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер

Нұсқау: 1.Жұптар берілген мәліметпен оқып танысады. (3 мин.)

2. Тапсырмалары бірдей екі жұп бірігеді де, оқып білгендерімен бөліседі (2 мин)

3. Жұптар өз топтарына қайтып келіп, тақырыптарын түсіндіріп береді.

8. Жеке жұмыс. Тестімен жұмыс арқылы оқушылар өз білім деңгейлерін сараптайды. 7-слайд бойынша әркім өз жауаптарын тексереді де бағалау шкаласы бойынша өз-өздерін бағалайды.

Аяқталуы

2 минут

      9-слайд: ЖЭС нәтижелерін көрсетіп, талдау.


Бағалау (ФБ) -2мин.

Әр топ жұмысы формативті бағаланады.


Рефлексия -2 мин


Бағдаршам түстерінде оқушылар тақырып бойынша білім деңгейлерін стикер ілу арқылы көрсетеді. 

 



 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее