«Осенний фестиваль знаний 2024»

Қазақ әдебиетінен тесттік жұмыс

10 сынып оқушыларына арналған тесттік жұмыс

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

1. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.
A) Шернияз
B) Есет батыр
C) Жәңгір
D) Әбілқайыр
E) Исатай
2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) Ы.Алтынсарин.
B) А.Байтұрсынов.
C) Ә.Бөкейханов.
D) Ш.Уәлиханов.
E) М.Дулатов.
3. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз.
A) «Қайырымды түлкі».
B) «Залым төреге».
C) «Жаз».
D) «Әй, жігіттер».
E) «Өзен».
4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.
A) «Мен - қазақ»
B) «Әсемпаз болма әрнеге»
C) «Ғылым таппай мақтанба»
D) «Шәкірт ойы»
E) «Жастарға»
5. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.
A) «Аққу, шортан һәм шаян».
B) «Сағындым».
C) «Пайғамбар».
D) «Жұртыма».
E) «Жетісу суреттері».
6. Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.
A) Жол батасы.
B) Теріс бата.
C) Наурыз батасы.
D) Ас қайыру батасы.
E) Рамазан батасы.
7. Баласын мақтар бас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз.
A) Қазыбек.
B) Төле.
C) Үмбетей.
D) Сырым.
E) Абай.
8. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
A) Бұрынғыны аңсау.
B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.
C) Ғашықтықты жырлау.
D) Адамзат туралы ой-толғау.
E) Өзін-өзі мадақтау.
9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Еділ бол да, Жайық бол»
B) «Артықша туған азамат»
C) «Анаңнан асыл бар ма?!»
D) «Аягөз, қайда барасың?!»
E) «Абайдың суретіне»
10. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.
A) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.
B) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.
C) ’’Әкеме’’.
D) ’’Өзен’’.
E) ’’Жазғытұры’’.
11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.
A) “Қирағат”.
B) “Есеп құралы”.
C) “Азамат”.
D) “Оян, қазақ”.
E) “Терме”.
12. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.
A) Ақұштап Бақтыгереева.
B) Мұқағали Мақатаев.
C) Фариза Оңғарсынова.
D) Жұмекен Нәжімеденов.
E) Қадыр Мырзалиев.
13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
A) ²Орда².
B) ²Тіршілік².
C) ²Кедей сөзі².
D) ²Еңбекші қазақ².
E) ²Әдебиет майданы².
14. М.Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз.
A) Отырар.
B) Мысыр.
C) Бағдат.
D) Баласағұн.
E) Иассы.
15. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
B) "Ұшқыш кілем".
C) "Керқұла атты Кендебай".
D) "Аяз би".
E) "Ер Төстік".
16. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы қалмақ батырын табыңыз.
A) Тайшық.
B) Қараман.
C) Ұлтан.
D) Кейқуат.
E) Қартқожақ.
17. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.
A) Баллада.
B) Бейне өлең.
C) Эпиграмма, арнау жырлары.
D) Ән өлең.
E) Қара өлең.
18. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
A) Шернияз.
B) Жанкісі.
C) Шортанбай.
D) Мұрат.
E) Махамбет.
19. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.
A) Ақтөбе.
B) Өскемен.
C) Атырау.
D) Көкшетау.
E) Павлодар.
20. С.Сейфуллиннің зерттеу еңбектері қай салада жазылғанын анықтаңыз.
A) Әдебиет теориясы.
B) Педагогика.
C) Қазақ фольклоры.
D) Қазақ тілі.
E) Психология.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее