«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қауіпсіздік ережелері және жұмыс орынын ұйымдастыру

Күні:

Сыныбы: 5 а, б, в, г

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсізжік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi жайлы түсінік беру және көзге, басқа арналған жаттығулармен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру

Дамытушылық: Оқушыларға берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуге дағыдыландру, логикалық ойлау қабiлетiн, компьютерде жұмыс iстей бiлу шеберлiгiн дамыту

Тәрбиелілік: Оқушыларды өз ісіне деген жауапкершілікке баулу, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Қазақ халқының танымал ақындарының өмірлерін, шығармаларын оқу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекiлiктерi: компьютер, слайдтар, суреттер, оқулық, карточкалар.

Стратегиялар: «Тілекті тізбек», «Мен ұқсаспын, өйткені», «Қар кесегі», «Ақылдың алты қалпағы», «Бір сөзбен»

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні:

Сыныбы: 5 а, б, в, г

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсізжік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
жайлы түсінік беру және
көзге, басқа арналған жаттығулармен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен  таныстыру

Дамытушылық: Оқушыларға берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуге дағыдыландру, логикалық ойлау қабiлетiн, компьютерде жұмыс iстей бiлу шеберлiгiн дамыту

Тәрбиелілік: Оқушыларды өз ісіне деген жауапкершілікке баулу, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Қазақ халқының танымал ақындарының өмірлерін, шығармаларын оқу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекiлiктерi: компьютер, слайдтар, суреттер, оқулық, карточкалар.

Стратегиялар: «Тілекті тізбек», «Мен ұқсаспын, өйткені», «Қар кесегі», «Ақылдың алты қалпағы», «Бір сөзбен»

Сабақтың өту барысы:

Сабақтың кезеңдері

Кезең мақсаты


Уақыты

Мұғалімнің

Іс - әрекеті

Оқушының

Іс - әрекеті


Ұйымдастыру

Оқушының сабаққа дайындығын тексеру

  1. 2 мин

- Салеметсіңдер ме оқушылар,.

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Партаның үсіне сабаққа қажетті заттарды ғана қалдыру;

- Сабақты бастамас бұрын сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар мұғаліммен амандасады.

  • Кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыларды түгендейді;

Психологиялық дайындық


Сабаққа деген қызығушы-лықтарын ояту

3 мин

«Тілекті тізбек» «Мен ұқсаспын, өйткені»

Оқушылар бір-бірлеріне тілектерін айтып өтеді.

Оқушылар бір-біріне кезек- кезек тілек айтып шығады.

Жаңа білімді меңгерту


Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын түсіндіріп,сабақты бастау


20 мин

Компьютер түсінігі қауіпсіз жұмыспен тығыз байланысты. Ата-аналарың сендерге компьютер алдында отыруға болмайтынын үнемі айтып отыратын шығар.

Қалай ойлайсыңдар компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Компьютермен жұмыс істеу ең алдымен көзге күш түсіреді. Компьютерлік программалармен айналысқанда сендер жұмыстың қызығына түсіп кетесіп көп уақыт отырып қаласыңдар, ал бұл көздің көру қабілетінің нашарлауының бір себебі болып табылады.

Көздеріңді шаршатпаудың қандай жолы бар? Ол үшін мынадай талаптарды орындауымыз керек:

  1. Мониторға дейінгі арақашықтық 55-65 см-ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығындай)

  2. Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспауы керек.

  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.

  4. Экранның ортасына қарау керек

  5. Жұмыс істеу үшңн дәрігер көзілдірік киюге кеңес бергенде оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірік киіп отырулары керек.


Төменде келтірілген көзге арналған гимнастиканы компьютермен жұмыс істеген әрбір 10-15 минут сайын орындап отыру керек. Гимнастика кезінде көздеріңді демалдырасыңдар.

Көзге арналған гимнастика

Жаттығулар тұрып немесе отырып, экраннан теріс қарап, ритмді тыныс алып, көз қозғалысының амплитудасы неғұрлым үлкен етңп орындаңдар. Жаттығуларды 4-5 реттен қайталау керек.

  1. 1-ден 4-ке дейін көзді күштеп қатты жұмып, көздің бұлщық еттерін босатып 1-ден 6-ға дейін алысқа қарау керек.

  2. Мұрынның ұшына қарап, 1-ден 4-ке дейін назарыңды алма. Көзіңді шаршатуға болмайды. Егер көзің талса жұмып отыра тұр. Одан кейін көзіңді ашып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.

Компьютердің қауіпсіздігі:

Компьютермен жұмыс істегенде тек өз денсаулығыңды ғана ойлап қоймай, компьютерлік техниканы да бұзып алмаулдарың керек. Ол үшін мынадай ережелерді сақтауымыз керек:

  1. Таза қолмен жұмыс істеу

  2. Ылғал тимеуін қадағалау

  3. Мониторды қолмен ұстамау

  4. Компьютерді қосу және ажырату ережелерін сақтау

  5. Компьютердің шаңын уақытында сүртіп отыру

  6. Компьютердің жүйелік блогын, мониторды және басқа құрылғыларын бөлшектемеу.

  7. Компьютерге қосылған сымдар мен құрылғыларды ажыратпау.

Оқушылар жаңа сабақты түсіне отырып, дәптерлеріне қысқаша жазып алады.

Жаңа білімді түсінгенін тексеру

Жаңа білімді қаншалықты түсінгенін тексеру

5 мин

«Қар кесегі»

Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болуы керек?

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып,жауаптары айтылады.

55-65 см

Бекіту

Өтілген тақырып бойынша білімдерін бекіту


15 мин


Топқа бөліну 2-3 топқа.

Тапсырмалар жинағы ActivInspire бағдарламасында

«Ақылдың алты қалпағы»

Карточкамен жұмыс.

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.

Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды

Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады

Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды

Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады

Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды

Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады

Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды

Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады

Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды

Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды

Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды

Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды

Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды

Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады

Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды

Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады

Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды

Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады

Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды

Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады

Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды



Қорытынды

Сабақты қорытындылау

2-мин

Бір сөзбен

12 сөз ішінен бүгінгі сабақтағы өз жағдайларын сипаттау.

Төзімсіздік Ашу Қуаныш Немқұрайлылық Қанағаттану Шабыт Зерігу Алаңдау Тыныштық Сенімділік Рахаттану Сенімсіздік

Сабақтан алған әсерлерін бір сөзбен жеткізеді.

Үй тапсырма

Тақырыпты пысықтау

2 мин

Қауіпсіздік ережелерін жаттау

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқушыларды бағалау

1 мин

Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды, тапсырмалар орындауы бойынша бағалау






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее