«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ертеңгілік "Біз мектепке барамыз"

Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Әр баланың іс-әрекеттері арқылы икемділігін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. Ата-аналарға балаларының жыл көлемінде қандай білім алғанын іс жүзінде көрсету.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.

Мақсаты: 1. Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Әр баланың іс-әрекеттері арқылы икемділігін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. Ата-аналарға балаларының қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.

2. Ой-өрістерін, сөздік қорларын, сөйлеу мәнерін дамыту.

3. Балаларды елін, отбасын, мектебін, Отанын сүюге, әдепті, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер.

ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар, ұзтаздар, қонақтар бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін міне саналы да білімді оқушы болуға дайын. Бүгіннен бастап ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы “Бастауыш” атты ұзақ жолға аттанғалы тұр. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Білім жолындағы белестерде қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіре отырып, осы балалардың оқып меңгергендерін, өнерлерін тамашалаңыздар.

Ендігі кезекте мектебіміздің директоры Хамитов Сакен Жумабекұлы мен оқу ісінің меңгерушісі Рапиева Мөлдірге сөз беріледі.

Жүргізуші:

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым,

Дайындықтан тәрбие алғандарым.

Енді міне есейіп бәрің бірге,

Достарымен мектепте барғандарым.

Күліңдер, әрқашан шаттаныңдар,

Барлығың болашаққа аттаныңдар.

Аттаныңдар, жұптарың жазылмасын,

Ешқандай жамандық жолықпасын.

Ортаға даярлық сыныбының тәрбиеленушілерін шақырамыз.

Жүргізуші:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Нұрай:

Таудай биік талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім,

Қарындаш пен қаламым.


Назым:

Тәртіпті біз баламыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Ертең өсіп үлкен боп,

Сабаққа да барамыз.


Жанерке:

Еркесі едім атамның,

Еркесі едім апамның.

Толып биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.


Мадина:

Таудай болса талабым,

Мен де өсіп толамын.

Ағайымдай әрдайым,

Оқуда озат боламын.


Қаламқас:

Тақпақты да жаттаймын,

Әнге, биге баптаймын

Ата-ананың үмітін,

Ақ сеніммен аттаймын.


Назар:

Жеткізген соң адам ғып,

Біздерге тән адалдық,

Өйткені енді мектептің,

Оқушысы атандық.


Ақжол:

Айтқаны келіп бабаның,

Құтты болсын қадамым!

Ойынды тастап енді мен,

Білімнен қызық табамын.


Қастер:

Ән салайық бас қоса,

Даярлықпен қощтаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен достаса.


Жүргізуші:

Ретіменен тізбелеп,

Әрбір санды даралап.

Зарықбаев Шахназар,

Айтып берер санамақ.

Осы жерде Назар санамақ айтады.


Жүргізуші:

Тіл ұстарту мектебі-

Қилы, қилы жаңылтпаш.

Оның-дағы өткелі,

Біздерді еш жаңылтпас.

Ал ендеше өренім,

Жаңылтпашқа төрің бер,

Анық айтып керегін,

Тез қайталап көріңдер.


Назар:

Қосылған санатқа,

Санат па?

Самат па?

Оларды Санатқа,

Санатпа.


Қастер:

Әсерлі әнді,

Әсем айтты.

Әсем әнді,

Бәсең айтты.


Ақжол:

Тоғай толған торғайлар,

Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай да торғайды ұнатады.



Жанерке:

Далада қар жауар,

Қардан балалар аққала қалар.


Назым:

Аулаға ағаш тіктік,

Он түп тіктік.

Бәрін бір қатар ғып,

Әсем ғып тіктік.


Нұрай:

Көлдің үйрегін,

Көк үйрек бастайды.

Көп үйрек бастаған,

Көк үйрек саспайды.


Қаламқас:

Машина от алмай қалды,

От алмай қалған машина,

Көпірден өте алмай қалды.

Жетер жеріне жете алмай қалды.


Мадина:

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған,

Аралар гуілдеді.


Жүргізуші:

Көңілді өскен баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Кешімізге сән беріп,

Ән де айта аламыз.

Ән: «Жақсы көрем» Орындайтын: Даярлық тобы.

Жүргізуші:

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Гүлдер” биін көріңіздер,

Өнерге баға беріңіздер.

Гүлдер биі” Орындайтындар: даярлық тобының қыздары.

Жүргізуші: Поэзия минуты: “Елтаңбасы елімнің” Оқитын: Еркінұлы Ақжол.

Елтаңбасы елімнің неткен әйбат әдемі,

Тұнығындай көгілдір

Ортада аспан әлемі.

Құт-береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам!



Жүргізуші: Би десе барын салатын,

Құмары содан қанатын.

Биле, кәне, достарым,

Кезекті саған жолдадым.

Цыған биі. Орындайтын: Журсімханова Қаламқас, Еркінұлы Ақжол, Адалбекұлы Қастер, Зарықбаев Назар.


Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен , түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ӘН: «Қошақаным» орындайтын: даярлық тобы.


Жүргізуші: Көк жүзіне самғаңдар,

Тауды бұзып, тас жарып.

Мұхиттарды жалғаңдар,

Күллі әлемді шарлаңдар.

Ғарышқа да самғаңдар,

О, жарандар, жарандар,

Қане мұнда қараңдар,- дей келе ортаға биші қызымызды шақырамыз.

Өзбек биі. Орындайтын: Сағатбекова Нұрай


Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында» Орындайтын: даярлық тобы.

Көрініс: Ертегі. «Бауырсақ». Орындайтын: даярлық тобы.


Жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар,-деп ендігі сөз кезегін қонақтар мен ата-аналарға, ұстаздарға береміз.


Құттықтаулар.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее